Халықаралық қатынастар бакалавриат бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KRSS 32107 Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты Үшінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
М.К. Анламасова Р.И. Тәжібаев

Пәннің мақсаты - ҚР халықаралық қатынастардағы рөлін, ҚР сыртқы саяси басымдықтарын зерделеу. Пәнді оқу барысында студенттерде жекелеген елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың негізгі нысандары мен әдістері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Пәнді зерделеу ұтымды ойлау дағдыларын дамытуды, халықаралық ынтымақтастықтың құжаттық негізіне және Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне талдау жүргізуді, сыртқы ортаның ҚР стратегиясына әсерін бағалауды көздейді.

Дипломатиялы қ шет тілі ІІ, Түркияның сыртқы саясаты

Халықаралық ұйымдар, Геосаясат негіздері

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, блиц-сұрақтар, шығармашылық оқыту әдісі, мәселе шешуге бағытталған эссе, проблемалық оқыту әдісі, үнсіз (нұсқау/іс-қимылмен көрсету) әдісі, миға шабуыл, диалог құру, коммуникативті әдіс

1ПОН 1- Сыртқы саясат туралы алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып топта және ұжымда жұмыс істеуге қабілетті, конфликттік жағдайларды шешу жолдарын түсінеді;
2ПОН 2- Қоғам мен кәсіби ортадағы қарым-қатынастарда дипломатиялық келіссөздер жүргізу технологиялары бойынша алған білімдері арқылы онструктивті ойлайды, өзінің көзқарасын қалыптастырады;
3ПОН 3- Көпұлтты, түрлі конфессионалды, полимәдениетті ортада тез бейімделе алады. Ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар құруға ықпал ете алады;
4ПОН 4- Көшбасшылық дағдыларды ұстана отырып, ұйымдастырушылық жұмыстарда сыртқы саясат туралы теорияларды тәжірибе жүзінде қолданады;
5ПОН 5- ҚР сыртқы саясаты бойынша алған білімдері дипломатиялық өкілдіктерінде қызмет жасауға және ұйымдастырушылық–басқарушылық жұмыстарына белсене араласуға көмектеседі;
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Кіріспе. Мемлекеттің сыртқы саясат функциясы және дипломатия
2Қазақстан Республикасының Сыртқы саяси Тұжырымдамасы, негізгі басымдықтары, міндеттері және бағыттары. ҚР сыртқы саясаты пен дипломатиясының қалыптасу кезеңі.
3Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының арасындағы қарым-қатынастар
4Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында Америка Құрама Штаттары бағыты
5Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
6Қазақстан сыртқы саясатында Еуропалық Одақ және Еуропалық мемлекеттер бағыты
7Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар
8Қазақстанның сыртқы саясатында Түркия Республикасы және Түркі әлемі
9Қазақстан және ТМД мемлекеттері
10Қазақстан сыртқы саясатында Таяу Шығыс Араб мемлекеттері
11Қазақстан және Үндістан, Пәкістан мемлекетерімен байланыстары
12Қазақстан Және Халықаралық Ұйымдар: БҰҰ, НАТО
13Қазақстан және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ)
14Қазақстанның халықаралық аренадағы ролі және имиджі мәселелері, жаһандану үдерісі
15Қазақстан және ғаламдық мәселелер
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, Сулейменов Т.С ,Б. Сомжүрек, Р. Елмырзаева,Алматы 2012
2Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, Пәннің оқу-әдістемелік кешені Ақболат Д.Е., Алматы 2019
3Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Хрестоматия. Құраст.: К.Н. Макашева, М.Ш. Губайдуллина. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. - 446 с.
4Қaзaқстaн Республикaсының тaрихы: хрестомaтия – 413. Қaрaжaн Қ.С., Қозыбaқовa Ф.A., Смaғұлов С.,Әбікеновa Г., Урaзбaевa A.М. Алматы 2019