Химия-Биология (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KPСhY 3293 Химия есептерін шығару әдістемесі Үшінші курс 5 150 1 2 -
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Алтынбекова Минаш Оразбаевна

Пән химияның есептерін шығарудың алгоритмдерін үйретеді, қарапайым есептерді шығарту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару тәсілдерін  меңгертеді. Білімгер химияның негізгі теориялары мен заңдары негізінде есептер шығаруға дағдыланады,  күрделі және эксперименттік есептерді шешудің әдістерін практикалық дағдыларында қолдануды меңгереді. Күрделі есептер шығару арқылы  эксперименттік тәжірибелерді жүргізіп, нәтижелерді өңдеп, сараптап, тұжырымдайды.

-

-

Топпен жұмыс,  сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі, креативтілік оқыту әдістері

1Жалпы химияның негізгі теориялары мен заңдарын игере отырып, химиялық және физика-химиялық талдау әдістерін біледі
2химиялық процестердің кинетикасы мен термодинамикасы туралы білімін күрделі есептерді шығаруда пайдаланады
3химияның негізгі заңдары мен теорияларын мақсатты пайдалан отырып, есептер шығарады, қажетті жаңа ғылыми ақпаратты іздеуді дербес жүргізе алады
4химияның теориялық негіздері бойынша сабақты ұйымдастырып, нақты мәселені талқылайды, заманауи зерттеулердің нәтижесін кәсіби қызметінде пайдаланады
5химиялық тәжірибелер жоспарлап, жүргізеді, нәтижелерін болжай біледі, есептерді шығарудың тиімді және түсінікті әдістерін енгізе алады
6қазіргі кезеңдегі химияны оқытудың теориялық негіздерін, міндеттерін терең түсіне отырып, сабақты жүргізудің әдістемесін қолданады, жаңаша тәсілдерді меңгереді
7мектептегі химия курсындағы есептерді, эксперименттік олимпиада және күрделі тапсырмаларды шешудің әдістемесін біледі
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Химиялық есептер жүйесі. Есептердің классификациясы.Жазбаша
2Сандық есептерді шығару алгоритмдері.Ауызша
3Заттың молекулалық формуласын қорытуға арналған есептеулер. Есеп шығару дағдысын қалыптастыру.Ауызша және жазбаша
4Химиялық теңдеулер бойынша шығарылатын есептер.Ауызша
5Газ заңдары және оларды сандық есептерді шығарғанда пайдалану.Жазбаша
6Біріккен газдар заңы. Идеал газ күйін өрнектейтін Менделеев-Клапейрон теңдеуі.Жазбаша
7Ерітінді құрамын өрнектейтін әртүрлі тәсілдерді пайдалануға арналған есептер.презентация
8Ерітінді дайындауда, сұйылтуда, концентр-леуде жүргізілетін есептеулер.Ауызша және жазбаша
9Үлестер пайдаланылатын сандық есептер: массалық, көлемдік, мольдік.Ауызша
10Сутектік көрсеткіш және ерігіштік көбейтіндісіне берілген есептерСұрақ-жауап
11Химиялық реакция теңдеулері бойынша сандық есептер.Жазбаша
12Өнімнің теориялық шығымын массалық үлеспен есептеуАуызша және жазбаша
13Химиялық реакция жылдамдығына, химиялық тепе-теңдікке және электролизге арналған есептерСұрақ-жауап
14Органикалық химия курсы бойынша сандық есептерАуызша және жазбаша
15Күрделі заттың молекулалық формуласын жану өнімі бойынша анықтауға арналған есептерді шығару тәсілітест
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15PÇ16PÇ17
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Бекішев Қ., Алмабаева А., Тұрсынғожаев Қ. Химия есептерін математикалық әдістермен шығару: оқу құралы [Текст] / - Алматы : Қазақ ун-ті, 2019
2Берді Д.Қ., Жылысбаева Г.Н., Мухамеджанов Б.Қ. Химияны оқыту әдістемесі. Оқу құралы. 2014
3Бекишев Қ. Химия есептері. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы: Қазақ ун-ті, 2017
4Бекішев, Қ.Аудандық химиялық олимпиада есептері (2006-2014) 8-11-сыныптар : Оқу құралы. . - 2-басылым - Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 188 б. - ISBN 978-601-04-2419-7
5Таурбаева, Г.О. Химиядан оқушылардың олимпиадалық есептері : Оқу құралы. / Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті. - Қостанай: ҚМПУ баспасы, 2019. - 96 б. - ISBN 978-601-7934-78-1
6Даутова, З.С., Таженова, Р.А.Органикалық химияның жаттығулары мен есептері : Оқу құралы. . - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2013. - 164 б