Сабақтың коды | Курс аты | Сынып | Академиялық кредит | Cағат | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
---|---|---|---|---|---|---|---|
KKTGS 2216 | Қазіргі қазақ тілінің ғылыми сөзжасамы | Үшінші курс | 4 | 120 | 1 | 1 | 0 |
«Қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінде қазақ тіліндегі сөздердің сөзжасамдық ерекшеліктерін меңгереді. Ғылыми және анықтамалық ақпаратты пайдалануда ақпараттың артықшылығын ажыратып, қажеттісін таниды. Дайын материалды қанағат тұтпай, қажетті ақпаратты таңдап, пайдаланады. Қазақ тіліндегі сөздердің сөзжасамдық ерекшеліктерін түсіндіреді. Қазақ тіліндегі сөздерге сөзжасамдық тұрғыда талдау жасай алады, қазақ тілінің сөзжасамдық сипаты туралы құндылықтарды үлестіреді. Қазақ тілінің сөз жасаушы заңдылықтарын, сөзжасамдық жүйені, сөз жасаушы тәсілдерді, сөзжасамдық ерекшеліктерін, туынды сөздердің түрлерін қарастырады.
1. Топтық жұмыс
2. Сыни ойлау
3. Шығармашылық ізденіс
4. Репродуктивтік әдіс
5 Жобалау
1 | 1. Қазақ тіліндегі сөз жасау жолдары мен амал-тәсілдерін талдайды; |
2 | 2. Сөзжасамның негізгі ұғымдары, сөзжасамдық мағына, сөзжасам негізділігі, сөзжасамдық ұя құрылымын ажырата алады; |
3 | 3. Қазақ тіліндегі туынды сөздердің жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін талдай біледі; |
4 | 4. Сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарының айырмашылықтарын ашып көрсетеді; |
5 | 5. Туынды сөздерді сөзжасамдық тұрғыда талдай алады, грамматикалық формадан ерекшеліктерін айқындай алады; |
6 | 6. Әр сөз табының сөзжасам тәсілдері, түрлері, ерекшеліктерін ажырата алады |
Haftalık Konu | Бағалау әдісі | |
---|---|---|
1 | Пәннің негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті. | Ауызша |
2 | Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі | Ауызша |
3 | Сөзжасамның негізгі ұғымдары.Сөзжасамдық мағына. Сөзжасамдық талдау | Сөздік |
4 | Атаудың қалыптасуындағы уәждеменің ролі мен маңызы. Сөзжасам негізділігі | Ауызша |
5 | Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық жұп Сөзжасамдық тізбек | Ауызша |
6 | Туынды сөздер | Сөздік |
7 | Сөзжасам тәсілдері, түрлері,ерекшеліктері Фонетикалық сөзжасам | Сөздік |
8 | Синтетикалық сөзжасам. Сөз таптарының сөзжасамдық жұрнақтары, мағыналық, тұлғалық, қызметтік ерекшелігі | Ауызша |
9 | Семантикалық сөзжасам. Семантикалық сөзжасам негізінде пайда болған мағыналарды айқындаудағы мәтіннің ролі | Ауызша |
10 | Аналитикалық сөзжасам. Фразеологиялық тіркестердің атаулық қызметі | Сөздік |
11 | Есім сөздердің сөзжасамы | Ауызша |
12 | Зат есім сөзжасамы | Ауызша |
13 | Сын есімнің сөзжасамы. Сан есімнің сөзжасамы | Ауызша |
14 | Есімдіктің сөзжасамы. Үстеудің сөзжасамы. | Сөздік |
15 | Етістіктің сөзжасамы | Сөздік |
PÇ1 | PÇ2 | PÇ3 | PÇ4 | PÇ5 | PÇ6 | PÇ7 | PÇ8 | PÇ9 | PÇ10 | PÇ11 |
---|
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар | ||
---|---|---|
1 | Салқынбай А.Б. Қазақ тілі: сөздік құрам. Сөзжасам. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2020. -390 б. http://rmebrk.kz/ | |
2 | Құрманәлиев К. А. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық сипаты. Монография. – Алматы: Арда, 2020. – 272 б | |
3 | Сүйінжанова Ж.К.Қазіргі қазақ тілі: Сөзжасам: Студенттерге арналған оқу құралы. – Түркістан: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2023. –114 бет. |