Филология: қазақ филологиясы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KKTGL 2213 Қазіргі қазақ тілінің ғылыми лексикологиясы Екінші курс 6 180 3 3 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Ф.ғ.к., аға оқытушы С.Мағжан

Сөздердің мағынасы, шығу тегі, төркіні, стильдік мәні мен сипаты, қолданылу қабілеттілігі туралы, тілдің лексикалық жүйесі туралы білімі қалыптасады. Қазақ тілінің лексикологиясы пәні туралы ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай, ойлай, көзқарасын дәлелдей алады және жаңа шешімдер ұсына біледі. Қазақ тілінің лексикологиясы пәні бойынша кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыруды, өзін-өзі дамытуды жетілдіреді. Практикалық мақсаттармен қатар курс студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, білім беру мен тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асырады.

Қазіргі қазақ тілінің ғылыми морфологиясы

Қазіргі қазақ тілінің ғылыми фонетикасы

1. Топпен жұмыс
2. сын тұрғысынан ойлау
3. миға шабуыл
4. кейс-стадий
5. дамыта оқыту әдісі 
6. постер қорғау
7. топтық жобалық жұмыс әдісі

1Қазақ тілінің лексикасынан алған білімін түсіндіреді, білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
2Қазақ тілінің лексикасына ғылыми анықтама береді;
3Лексикология ғылымын зерттеуші ғалымдар еңбектеріне, сөз, ұғым, мағына туралы біліміне кәсіби талдау жасайды;
4Білімін қолдану кезінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады, жаңа технологияларды пайдаланады;
5Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық сипатын түсінеді, қазақ тілінің жүйесі, құрылымы мен қызметі туралы іргелі білімін көрсетеді, қазіргі қазақ тілінің тіл деңгейлеріне қатысты теориясын, заңдылықтарын меңгеріп, оны іс жүзінде қолдана отырып, ғылыми талдау түрлерін ұсынады;
6қазақ тілінің шығу, даму және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары туралы қазақ тілінің шығу, даму және қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын қалыптастырады, қазақ тілінің сөз жүйесінің қазіргі даму тенденциясы туралы білімдерін қорытындылайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Лексикология пәні және оның нысаны.Ауызша
2Ұғым және сөз мағынасы.Ауызша
3Сөздің анықтамасы. Сөзге тән белгілер.Сөздік
4Сөздің формасы мен мазмұны. Қызметтері. Сөз варианттары.Ауызша
5Сөз мағынасының дамуы.Ауызша
6Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі.Сөздік
7Табу. Эвфемизмдер мен дисфемизмдер..Сөздік
8Сөздік қор және сөздік құрам.Ауызша
9Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары.Ауызша
10Қазіргі қазақ тілі лексикасының қолданылу шеңбері.Сөздік
11Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні.Ауызша
12Қазіргі қазақ тіліндегі фразеологиздер.Ауызша
13Фразеологизмдердің түрлері.Ауызша
14Лексикография. Сөздіктердің типтері.Сөздік
15Лексикография. Сөздіктердің түрлері.Сөздік
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе 2018 ж.
2. Мағжан С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Оқу құралы. 2020 ж.
3Мағжан С. Қазақ тілінің лексикологиясының практикалық курсы. Түркістан, 2019 ж.
4Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі. / Құраст.: Ш. Құрманбайұлы, С. Исқақов, Б. Мизамхан т.б. 2019 ж..