| Сабақтың коды | Курс аты | Сынып | Академиялық кредит | Cағат | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| KH 3298 | Коллоидты химия | Үшінші курс | 5 | 150 | 1 | - | 2 |
Пән заттардың коллоидтық күйі мен дисперсті жүйелердегі беттік құбылыстардың негіздерін оқытады. Дисперсті жүйелердің оптикалық, молекулалық-кинетикалық, электрлік қасиеттерін және тұрақтылығын, коагуляциясын, коллоидты жүйелерді алу мен тазалау әдістерін қарастырады. Білімгер дисперсті жүйенің кинетикалық қасиеттері бойынша есептер шығаруға дағдыланады, дисперсті жүйелердің маңызды коллоидты-химиялық сипаттамаларын анықтаудың тәжірибелік әдістерін меңгеріп, физика-химиялық аспаптармен зертханалық тәжірибелерді жүргізеді
-
-
Топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі, креативтілік оқыту әдістері
| 1 | Коллоидты химияның негізгі теориялары мен заңдарын игере отырып, химиялық және физика-химиялық талдау әдістерін жүргізеді |
| 2 | Коллоидты жүйедегі химиялық процестердің Кинетикасы мен термодинамикасы туралы білімді түсінеді |
| 3 | Эксперименттік тәжірибелерді орындауда, есептеулерде химияның негізгі заңдары мен теориялары туралы білімдерін қорытындылайды |
| 4 | Коллоидты химияның негізгі заңдылықтарын қажетті жаңа ғылыми ақпаратты іздеуді дербес жүргізе алады |
| 5 | Коллоидты химиядан алған білімдері арқылы өзіндік тұжырым қалыптастырып, әртүрлі дисперсті жүйелердің жалпы заңдылықтарын үйренеді |
| 6 | Коллоидты химияда экспериментті жоспарлап, орындайды, нәтижелерін сыни тұрғыда талдайды, осының негізінде қорытынды жасайды |
| 7 | Оқыту үдерісінде және оқу-тәжірибелік жұмыстарда сандық білім ресурстарын, виртуальды зертханаларды тиімді пайдаланады |
| Haftalık Konu | Бағалау әдісі | |
|---|---|---|
| 1 | Коллоидты жүйе туралы түсінік. Коллоид күйінің ерекшелігі | Ауызша |
| 2 | Дисперсті жүйелер. Лиофильді, лиофобтық жүйелер | Сұрақ-жауап |
| 3 | Мицелла. Мицелла түзілудің термодинамикасы. Мицеллалардың құрылысы. Гидрофильді, гидрофобтық жүйелер | Ауызша және жазбаша |
| 4 | Фазалардың бөлу беті. Еркін беттік энергия, Меншікті еркін беттік энергия | тест |
| 5 | Беттік керілу. Екі сұйықтықтың арасындағы беттік керілу. Беттік керілуді анықтау әдістері | Жазбаша |
| 6 | Жұғу құбылысы. Лиофильдік және лиофобтық беттер | презентация |
| 7 | Адсорбциялық құбылыстың жалпы сипаттамасы. Адсорбция түрлері. Қатты дене газ шегіндегі адсорбция. Абсорбция | Ауызша және жазбаша |
| 8 | Адсорбция процесінің термодинамикасы. Адсорбция изотермасы | тест |
| 9 | Беттік активті заттар. ББЗ-дың молекулалық құрылысы | Сұрақ-жауап |
| 10 | Эмульсиялар. Эмульсияның түрлері, анықтау әдістері. Эмульсиядағы фазалардың ауысуы | Жазбаша |
| 11 | Суспензия. Седиментация. Седиментациялық тұрақтылық. Броундық қозғалыс, Седиментация константасы. | Ауызша |
| 12 | Суспензия. Седиментация. Седиментациялық тұрақтылық.Броундық қозғалыс, Седиментация константасы | Ауызша және жазбаша |
| 13 | Көбіктер. Көбіктерді алу әдістері.ББЗ-дың көбік түзгіштік қабілетіне әсері | Сұрақ-жауап |
| 14 | Аэрозольдер. Аэрозольдерді алу және молекулалық –кинетикалық қасиеттері | тест |
| 15 | Полидисперстік жүйелерді седиментациялық талдау. Дисперстік жүйелердің агрегаттық және седиментациялық тұрақтылықтары | Жазбаша |
| PÇ1 | PÇ2 | PÇ3 | PÇ4 | PÇ5 | PÇ6 | PÇ7 | PÇ8 | PÇ9 | PÇ10 | PÇ11 | PÇ12 | PÇ13 | PÇ14 | PÇ15 | PÇ16 |
|---|
| Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар | ||
|---|---|---|
| 1 | Коллоидтық химия: Оқу құралы. 2016. Омарова Қ.И. | |
| 2 | Коллоидты химия теориясы. Оқу құралы, 2015. Алтынбекова М.О. | |
| 3 | Нанобөлшектердің коллоидтық-химиялық қасиеттері: Оқу құралы. 2015. Мұсабеков Қ.Б., Есимова О.А., Керимкулова М.Ж. | |
| 4 | Коллоидная химия. Учебное пособие / А. Н. Дюрагина. - Алматы : TechSmith, 2022. - 220 с. | |
| 5 | Коллоиднaя химия: учебное пособие. 2016. К.Омарова | |
| 6 | Коллоидно-химические основы подготовки нефти: Учебное пособие. 2016. Адильбекова А.О, Мусабеков К.Б. | |
| 7 | Коллоидно-химические основы нанотехнологии: учебное пособие. 2020. Оразымбетова А.Б., Мусабеков К.Б. | |
| 8 | Коллоидная химия биодисперсий: учебное пособие. 2019. Тажибаева С.М., Мусабеков К.Б. |