Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
КDM 5206 Қазақ тілінің морфологиясы Үшінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Ф.ғ.к., доцент Г.Жылқыбай

Қазақ тіліндегі грамматикалық мағыналардың жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды, грамматикалық категорияларды, сөздердің морфологиялық құрылымы, сөз формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық сипаттарына қарай грамматикалық топтарын, сөз таптарына бөлінуі туралы білімді қалыптастырады. Шығармашылық еңбегімен өздігінен ізденіп білім алуға; ой қорытындысын жасай алуға үйретеді.
Қазақ тілінің грамматикасы,оның салалары, негізгі  грамматикалық ұғымдар, қосымшалардың түрлері, сөз таптары және олардың морфологиялық құрамын   қарастырады.


 

1. Топтық жұмыс 
2.  Сыни ойлау 
3.  Шығармашылық ізденіс
4.  Репродуктивтік әдіс
5 Жобалау

11. Қазақ тіліндегі грамматикалық мағыналардың жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін талдайды;
22. Грамматикалық формаларды, грамматикалық категорияларды, сөздердің морфологиялық құрылымын ажыратады;
33. Сөздердің грамматикалық сипаттарына қарай грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөліп, ерекшеліктерін анықтайды
44. Сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарының айырмашылықтарын ашып көрсетеді;
55. Негізгі грамматикалық ұғымдар мен түсініктерді талдай алады, грамматикалық форма мен грамматикалық мағынаның ерекшеліктерін айқындайды;
66. Грамматикалық категорияларды саралап көрсетеді;
77. Морфемаларды жіктеу, жұрнақ пен жалғау қасиеттерін анықтау жұмыстарын жүргізеді;
88. Сөз таптары, олардың түрлерін ажыратып, морфологиялық құрылымын анықтайды
Haftalık KonuБағалау әдісі
1«Қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты, міндеті. Қазақ тілінің грамматикасы,оның салалары.
2Негізгі грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық мағына берудің тәсілдері
3Қосымшалардың түрлері. Көптік жалғау және көптік категориясы.
4Тәуелдік жалғау және тәуелдеу категориясы. Септік жалғауы және септік категориясы.
5Жіктік жалғау және жіктік категориясы. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері.
6Қазақ тіліндегі сөздерді семантика-морфологиялық белгілеріне қарай топтастыру. Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары.
7Зат есім. Сын есім. Шырай категориясы, мағынасы, формасы.
8Сан есім. Есімдік.
9Етістік, етістіктің зерттелуі. Күрделі етістіктер, түрлері
10Аналитикалық форманттар және олардың мағыналары. Рай категориясы.
11Етіс категориясы. Шақ категориясы.
12Қимыл есімі. Салт және сабақты етістіктер. Болымды және болымсыздық категориясы.
13Есімше. Көсемше. Үстеу.
14Еліктеуіш сөздер. Одағайлар.
15Шылаулар.Модаль сөздер.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Жылқыбай Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясының теориялық курсы (оқу құралы) Шымкент, 2020
22. Б.К.Момынова, Ж.Б.Саткенова. Қазақ тілінің морфологиясы. Оқу құралы. Алматы«Қазақ университеті», 2020.-279 б.
33. Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе. 2018
44. А.Б.Салқынбай. Қазақ тілі: сөздік құрам. Сөзжасам. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2020. -390 б. http://rmebrk.kz/
5Байымбетова .Ж.А. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясының теориясы мен практикалық курсы. Оқу құралы. Алматы, 2022.