Экология
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ESO 4388 Топырақ ағзаларының экологиясы төртінші курс 5 150 1 - 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Техн.ғ.к., профессор А.Т.Мейрбеков

Пән агроэкожүйелердің азық түлік қауіпсіздігінің кепілі ретінде оның өнімділігін бағалау үшін топырақ сапасының көрсеткіштерін анықтау дағдыларын қалыптастырады. Білім алушы алған білімін ауыл шаруашылығы қызметінің мәселелерін практикалық талдау үшін, экологиялық егіншілікті қамтамасыз ету үшін заңнамалық және нормативтік актілерді пайдалана білу үшін қолданады. Білім алушы организмдердің тіршілік әрекетіне әсерін анықтау үшін топырақтың экологиялық функцияларын зерттеудің зертханалық әдістерін қолдана алады.

-

-

 

1. Топтық жұмыс  2.  Сыни ойлау 3.Шығармашылық ізденіс 4.  Репродуктивтік әдіс 5 Жобалау

1Тірі организмдердің жағдайына экологиялық факторлардың әсерін талдайды (ОН7);
2Экологиялық заңдылықтарға сәйкес геоэкологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлейді (ОН8);
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Жер бетіндегі топырақ жамылғысының биосфераның бір бөлігі және әртүрлі биогеоценоздардың бөлінбес компоненті ретіндегі маңызы. Топырақтың экологиялық зерттеулерінің даму тарихы.Ауызша
2Топырақ экологиясы және оның биосферадағы экологиялық функциялары.Ауызша
3Топырақтың гидросфераға әсері. Гидросфераның ерекшеліктері және топырақтың жалпы гидрологиялық маңызы.Жазбаша
4Топырақтың атмосфераға әсері. Топырақ - атмосфераның негізгі құрамын қалыптастырудың және эволюцияның факторы ретінде.Жазбаша
5Топырақтың литосфераға әсері. Топырақ - литосфераның беткі қабаты және даму факторы. Топырақтың литосфералық функцияларының антропогендік өзгеруі.Ауызша және жазбаша
6Топырақ генезисінің және таралуының жалпы заңдылықтары. Табиғи-экологиялық жағдайлар және олардың топырақтардың түзілулеріне әсері.Ауызша және жазбаша
7Топырақтың түзілуінің биогеохимиялық аспектілері. Топырақтағы көміртегі, сутегі, фосфор элементтерінің айналымы. Топыраққа техногенез өнімдерінің әсері.тест
8Көлденең белдеулік топырақтарының экологиясы және экологиялық проблемалары. Тундра, тайгалы-орманды зоналардың топырақтарының экологиясы мен экологиялық мәселелері.Ауызша және жазбаша
9Қазақстан топырақтарының ерекшеліктері, олардың ТМД-ның Еуропа бөлігі топырақтарынан айырмашылығы. Қазақстанның шөл зонасының топырақтарының экологиясы және экологиялық мәселелері.Ауызша және жазбаша
10Тік белдеулік топырақтарының экологиясы, экологиялық проблемалары. Тауетегі шөл-дала зонашаның топырақ экологиясы мен экологиялық мәселелері.презентация
11Таулы қара топырақтардың, қара-қоңыр топырақтардың экологиясы мен экологиялық проблемалары. Орташа таулы және биік таулы белдеулердің экологиясы мен экологиялық проблемалары.презентация
12Топырақ жамылғысының қазіргі экологиялық жағдайы. Жер бетінің топырақ жамылғысының қазіргі кездегі экологиялық жағдайларына әсер ететін факторлар.Жазбаша
13Топырақтың химиялық ластануы. Топырақтың химиялық ластануының көздері мен жолдары. Топырақты ластаушы заттардың шектеуші мөлшерлері. Топырақтың радиоактивті ластануы және оның салдары.Жазбаша
14Топырақ экологиясының проблемалары және топырақ жамылғысын қорғау жолдары. Топырақ жамылғысының жағдайын бақылау жұмыстары. Топырақ мониторинг қызметін ұйымдастыру.Ауызша
15Топырақтың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің өзгеруі.тест
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15PÇ16PÇ17
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Қорғалған топырақтың зиянкестері мен аурулары. Оқу құралы / Р. А. Дайрабаев, М. Т. Ерденов, Ғ. И. Исаев. - Түркістан : Әлем, 2020. - 124 с.
2Экологиялық топырақтану: агорбиологиялық және экологиялық негіздемесі. Оқу құралы. / К. Н. Жайлыбай, Ғ. Ж. Медеуова, Қ. И. Оразбаев. - Алматы : ОНОН, 2022. - 571
3Топырақтағы химиялық заттардың жалпы санитарлық көрсеткіштеріне сәйкес ШРК зияндылық деңгейін анықтаудың әдістемелерін жасау. Оқу-әдістемелік құрал / Г. К. Аширбеков. - Түркістан : Тұран, 2020. - 106 с.
4ХХІ ғасырдағы экологияның өзекті мәселелері. Конференция материалдары - Түркістан : Тұран,2015
5Топырақтану. Оқу-әдістемелік құрал. Блисов Т.М. Қостанай. 2016. Блисов Т.М library2.ayu.edu.kz