Экология
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ES 12100 Қоршаған орта туралы ілім Бірінші курс 5 150 1 2 -
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Сарбаева Қ.Т.

Пән білім алушыларда биосфераның құрамдас бөліктері, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы білімдерін қалыптастырады. Пән экологиялық факторларының қоршаған орта мен адам денсаулығының жай-күйімен байланысын, осы әсерді бағалау әдістерін және қолайсыз өзара әрекеттесулерді азайту шараларын ұйымдастыруды қарастырады. Курс тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаны қорғау шараларын насихаттау және табиғатты ұтымды пайдалану үшін алған білімдерін пайдалануға үйретеді.

Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы

-

Топпен жұмыс, блиц-сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий.

1студенттерді қазіргі өркениеттің мәселелерімен таныстырады;
2тірі заттардың, түрлі экожүйелердің, жалпы биосфера және оның тұрақтылығының негізгі заңдылықтарын зерттейді;
3табиғатты пайдалану қарқындылығының жағдайында адамның шаруашылық қызметінің экологиялық салдары туралы білімін қалыптастыру;
4теориялық алынған білімнің іс жүзінде атқарылатын қауіпсіздік шараларын меңгеру, адамдардың қандай да болмасын экстремалды жағдайларда өмірін сақтап қалуға себеп болу.
5қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады;
6Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, білім алушылардың білімін, дағдылары мен іскерлігін объективті бағалайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Қоршаған орта-адамның тіршілік ету және өндірістік іс-әрекеті ортасы.Ауызша
2Литосфера, атмосфера, гидросфера және педосфераның құрылымы, қалыптасуы және даму заңдылықтары.Ауызша
3Биосфера және оның табиғат пен қоғам өміріндегі ролі.Ауызша және жазбаша
4Жер бетінің негізгі құрылымы-экологиялық салдар.Ауызша және жазбаша
5Табиғаттағы зат және энергия айналымы.Жазбаша
6Ландшафты қабықша, табиғаттағы ритмикалық құбылыстар.Жазбаша
7Әлемдік мұхит белдеулері, экологиялық салдар.тест
8Табиғи ресурстар және қорғау мәселесі.презентация
9Қазіргі заманда адамзаттың тұрақты даму мәселесіЖазбаша
10Қоршаған ортаның осы кездегі проблемалары - топырақ эрозиясы.Сөздік
11Қоршаған ортаның осы кездегі проблемалары – топырақтың тұздануыАуызша
12БҰҰ халықаралық ұйымдары, Қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалар.Ауызша
13Қоршаған ортаның аймақтық проблемалары.Ауызша және жазбаша
14Адамзат мәселелеріАуызша
15ҚР- ның Орман қоры, демографиялық жағдайдың кейбір мәселелері.тест
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15PÇ16PÇ17
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Экология. Оқу құралы / Мустафаева Р.Б. – Алматы: Альманахъ, 2019. – 495 бет.
2Геоэкология. Оқу-әдістемелік құралы. / Д. Д. Есимова. - Алматы : Эверо, 2023. - 116 с.
3Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері. Мейрбеков А.Т., Мейрбекова Г.П. Оқу құралы.-Алматы, «Nurpress», баспасы, 2020-467б.
4Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі. С.Абдрахманов, Н.ЕрмұхановаОқу құралы. Астана, 2015.