Автоматтандыру және басқару
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
EOS 4231 Әмбебап автоматтандырылған өндірістер Үшінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Жапаров Ернар Омарұлы

Пәннің мақсаты өндірістік процестерді автоматтандырудың негізгі бағыттарын, әмбебап өндірістік жүйелерді, яғни өндірісті автоматтандырудың ең тиімді құралдарын, өнімнің бір түрінен екіншісіне уақыт пен еңбектің ең аз шығындарымен өтуге мүмкіндігін, автоматты ауыстыру механизмдерін, дайындамаларды автоматты түрде ауыстыру және оларды қоймадан өңдеу аймағына дейін әр түрлі көлік құралдарының көмегімен тасымалдау механизмдерімен жабдықталған бір және одан көп мақсатты станоктардың немесе сандық бағдарламалық басқаруы (СББ) бар басқа да станоктардың жұмысын қарастырады.

Техникалық процестерді және өндірісті бағдарламалық басқару.

Электротехниканың теориялық негіздері, Электроника,  Автоматика құрылғылары мен элементтері.

баяндау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер.

1әмбебап (икемді) автоматтандырылған өндірістердің ерекшелігін түсінеді.
2әмбебап (икемді) автоматтандырылған өндірістер құрамын біледі.
3әмбебап (икемді) автоматтандырылған өндірістердің классификациясын талдайды.
4Өз ойын толық жеткізеді, ізденіс материалдарын жазбаша сауатты рәсімдей алады.
5әмбебап (икемді) автоматтандырылған жүйені талдай алады.
6автоматтандырылған бақылау жүйелерінің бөлшектерін өңдей алады.
7сандық бағдарламалық басқарылатын станоктар схемаларын сыза алады.
8сандық бағдарламалық басқарылатын станоктарды қолдана алады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Әмбебап (икемді) автоматтандырылған өндіріске кіріспе (ретроспективалық шолу)
2Икемді автоматтандырылған жүйе, мақсаты, міндеттері, элементтері.
3Икемді автоматтандырылған жүйе жасау және ондағы бөлшектерді топтық өңдеу.
4Өнеркәсіптік роботтар және робото-техникалық кешендер (шолу, талдау,таңдау).
5Автоматтандырылған тасымалдау-жинақтау жүйелері және ерекшеліктері.
6Автоматтандырылған бақылау жүйелері және олардың ерекшеліктері.
7Икемді автоматтандырылған өндірісті басқару жүйелері және ерекшеліктері.
8Автоматтандырылған өндірісті ұйымдастыру және негізгі ерекшеліктері.
9Икемді өндірістік жүйелер және артықшылықтары мен кемшіліктері.
10Икемді автоматтандырылған өндірістердің технологиялық негіздері.
11Бағдарламалық басқарылатын (ББ) станоктар және ерекшеліктері .
12Сандық ББ станоктар үшін технологиялық процестерді жобалау.
13Сандық ББ станоктар үшін басқарушы бағдарламаларды дайындау.
14Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарды баптау.
15Автоматтандырылған және икемді өндірістерді баптау және оларды пайдалану.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Технологические основы гибких автоматизированных производств: учеб. пособие / А.И. Пронин – Комсомольск-на-Амуре: ФГБОУ ВПО КнАГТУ, 2015. – 135 с.
2Станки с ЧПУ: устройство, программирование, инструментальное обеспечение и оснастка: учеб. пособие / А.А. Жолобов, Ж.А. Мрочек, А.В. Аверченков, М.В. Терехов. – 2-е изд., стер. – М., 2014. – 355 с.
3Техникалық жүйелерді автоматтандыру: Оқу құралы, Алматы 2013. Иманғалиев Ш.Н
4Автоматты басқару теориясының негіздері. Оқу-әдістемелік кешен. Қарағанды, 2014. Айжамбаева С.
5Гибкие автоматизированные производства. Учебное пособие. 2017. Пищухин А.М.