Халықаралық қатынастар бакалавриат бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DOK 2286 Дипломатиялық және өкілдік қызмет Екінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Түрікше, Қазақ тілі
Тажибаев Р.

Пәннің мақсаты дипломатия тарихы мен әлемдік тәжірибе, дипломатиялық және консулдық қызмет және ҚР қазіргі заманғы дипломатиялық қызметі туралы білімді қалыптастыру. Сондай-ақ зерттелетін пәннің негізгі ұғымдары мен терминдері; Вена конвенциясының негізгі анықтамалары, дипломатия, ҚР дипломатиялық және консулдық қызмет принциптері туралы білімді қалыптастыру. Студент дипломатиялық стратегия мен тактиканы, тән белгілерді, дипломатиялық және консулдық қызметтің ерекшеліктерін талдау дағдыларын дамытады.

Халықаралық ұйымдар
 

Халықаралық қатынастарға кіріспе
 

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, блиц-сұрақтар, шығармашылық оқыту әдісі, мәселе шешуге бағытталған эссе, проблемалық оқыту әдісі, үнсіз (нұсқау/іс-қимылмен көрсету) әдісі, миға шабуыл, диалог құру, коммуникативті әдіс.

1ПОН1- әлемдегі танымал дипломаттардың келіссөз жүргізе білу тәжірбиесін зерттеп, келіссөз жүргізе білу қабілетін қалыптастырады.
2ПОН2-дипломатиялық келіссөзге қажетті ұйымдастырушылық, ауызша-жазбаша қарым-қатынас қабілетін қалыптастырады
3ПОН 3-халықаралық қатынастардың негізгі теорияларын, құрылымдарын, акторларын таныту қабілетін қалыптастырады;
4ПОН4 -ҚР сыртқы саясатын, әлемдік саяси жүйе мен тәртіпті талдап, сараптау дағдысына ие болады.
5ПОН5-дипломатиялық құжаттарды жазу және ресімдеу дағдысын қалыптастырады.
6ПОН6 – дипломатиялық терминдерді ауызша және жазбаша қолдана білу дағдысын қалыптастырады.
7ПОН7 – іскерлік қарым-қатынаста дипломатиялық ізеттілік пен протокол ережелерін сауатты сақтауға үйренеді.
8ПОН8- дипломатияның көпжақты, бұқаралық, цифрлы түрлерін пайдалана білу қабілетін жетілдіреді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Дипломатия туралы таным, түсінік Классикалық дипломатия Ашық/жария дипломатия
2Дипломатиялық қарым қатынас 1961 жылғы Вена конвенциясы
3Сыртқы қатынастарды реттеуші мемлекеттік органдар. Сыртқы саясатда президент пен үкімет өкілдері.
4Дипломатиялық өкілдік басшысы. Агреман. Дипломатиялық иммуниттер мен артықшылықтар.
5Халықаралық ұйымдар мен үкімет аралық ұйымдар жанындағы дипломатиялық өкілдіктер
6Консулдық артықшылықтар мен иммуниттер. Консулдық қызмет және оның жұмыс істеуі.
7Дипломатиялық протокол. Дип.корпус ұғымы. Дуайен
8Дипломатия мамандары. Көрнекті дипломаттар дипломаттық кадрлардың үлгісі
9ҚР-ның дипломатиялық қызметінің қалыптасуы. Президент протоколы. СІМ
10Дипломатиялық жұмыстың техникасы. Дипломатиялық жұмыстың негізгі түрлері мен методтары. Дип.-лық байланыстың түрлері
11Протоколдық жұмыс
12Дипломатиялық байланыстар, жеке сапарлар мен сұхбаттар.
13Келіссөздер дипломатияның құралы ретінде.
14Келіссөздер барысының технологиясы
15Қазіргі кездегі дипломатияның ұйымдастырылуы мен тәжірибесіндегі өзгерістер
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1С. Батырша-ұлы, Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар, Астана 2011
2Роберт Ф. Трагер, Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері, Алматы 2017
3К. Токаев, Векторы внешней политики Алматы Жибек жолы 2017
4Н. Онжанов, Бітімгер: Сирия түйіні.Дипломаттың жазбалары, Деловой Мир Астана 2017
5Малколм Шо, Халықаралық құқық, Алматы 2017
6Чарльз У.Л. Хилл, Доктор Томас Халт, Халықаралық бизнес, Алматы 2015.
7Торбьорн Л., Халықаралық қатынастар теориясының тарихы, 2017
8М. Кишор, Ұлы конвергенция: Азия, Еуропа және біргей әлем логикасы, Алматы 2017
9Н. Онжанов, Бітімгер: Сирия түйіні.Дипломаттың жазбалары, Деловой Мир Астана 2017