Құқықтану бакалавриат бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
АKZhB2285 Азаматтық құқық (жалпы бөлім) Екінші курс 6 180 15 30 -
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
М.М. Иманбекова

Пән азаматтық құқық субъектілері мен объектілерді,  мүліктік емес жеке құқықтарды, мүлікпен байланысты құқықтарды, заңдарда көзделген жағдайларды құқықтық қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық құқықтық қатынастарды үйретеді. Курста білімгер нарық тұтынушыларының сұраныс талаптарына сәйкес білікті құқықтық заманауи қызмет дағдыларын, жеке және заңды тұлғаларға қатысты азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық актілер мен жұмыс істеу қабілетін  қалыптастырады.

-

-

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, блиц-сұрақтар, шығармашылық оқыту әдісі, мәселе шешуге бағытталған эссе, проблемалық оқыту әдісі, үнсіз (нұсқау/іс-қимылмен көрсету) әдісі, миға шабуыл, диалог құру, коммуникативті әдіс

1ПОН1 – Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы бойынша алған білімі мен дағдылары арқылы азаматтық құқықтық қатынастардың зерттеу пәнін басқа құқық салаларының зерттеу пәнінен ажыратып, оның ерекшелігі, маңыздылығы туралы білімін қалыптастырады.
2ПОН2 – азаматтық құқықтық қатынастар реттелетін азаматтық құқық нормаларының ұғымын, түрлерін, элементтерін, олардың кеңістікте, уақытта және тұлғалар арасында қолданылу тәртібі туралы білімін қалыптастырады.
3ПОН3 - азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің түсінігі, түрлері және құқық қабілеттіліктері мен әрекет қабілттіліктері туралы білімін қалыптастырады.
4ПОН4 - азаматтық құқықтық қатынас объектілерінің түсінігі, жекелеген түрлері және айналым қабілеттіліктері туралы білімін қалыптастырады.
5ПОН5 - азаматтық құқықтағы мәмілелер ұғымы, жекелеген түрлері мен нысаны туралы білімін қалыптастырады.
6ПОН6 – азаматтық құқықтағы өкілдік және сенімхат ұғымы мен түрлерін, маңыздылығын, ерекшеліктерін меңгере отырып, тәжірибеде қолданылу барысы туралы білімін қалыптастырады.
7ПОН7 – Меншік құқығының түсінігін, мазмұны мен түрлерін, пайда болу және тоқтатылу негіздерін егжей-тегжейлі зерттеу арқылы, кәсіби қызметінде азаматтық, қылмыстық істер бойынша шарттармен жұмыс жасаған кезінде тиісті нормативтік-құқықтық актілерді шебер қолданады.
8ПОН8 – заттық құқық пен міндеттемелік құқық туралы жалпы ережелерді оқи отырып, азаматтық құқық терминологияларын, ұғымдық ақпараттарын меңгереді, өзінің кәсіби қызметінің шеңберінде әкімшілік нормативтік-құқықтық актілерді қолданады.
9ПОН9 – азаматтық құқықтағы шарттың ұғымы мен негізін, жасасу, өзгерту және тоқтату негіздерін егжей-тегжейлі зерттеу арқылы, кәсіби қызметінде азаматтық істер бойынша шарттармен жұмыс жасаған кезінде шарттың мазмұнын еркін түсінеді, тиісті нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын шебер қолданады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Азаматтық құқық туралы жалпы түсінік.Ауызша және жазбаша
2Азаматтық құқықтық қатынастар.Ауызша және жазбаша
3Азаматтар - азаматтық құқық субъектісі ретінде.Ауызша және жазбаша
4Заңды тұлғалар туралы жалпы түсінік.Ауызша және жазбаша
5Заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріАуызша және жазбаша
6МәмілелерАуызша және жазбаша
7Өкілдік және сенімхатАуызша және жазбаша
8Азаматтық құқықтағы мерзімдерАуызша және жазбаша
9Меншік құқығы: пайда болу және тоқтатылу негіздеріАуызша және жазбаша
10Ортақ меншік туралы жалпы түсінікАуызша және жазбаша
11Заттық құқық туралы жалпы ережелерАуызша және жазбаша
12Азаматтық құқықтың объектілеріАуызша және жазбаша
13Міндеттемелер туралы жалпы ережелерАуызша және жазбаша
14Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуАуызша және жазбаша
15Шарттың ұғымы мен негіздері.Ауызша және жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Мейрбекова Г. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім): оқулық.- Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2015 ж.
2А.К. Лепесова ҚР Азаматтық құқығы: ЖОО арналған оқулық –Алматы: ЖШС РПБК Дәуір, 2016ж. – 232 с.
3ҚР Азаматтық құқығы (Жалпы бөлім):оқулық/Ғ.Жайлин. – Алматы: Жеті жарғы, 2016. – 304 с.
4Жайлин Ғ. Қазақстан республикасының Азаматтық құқығы. Оқу құралы. (Жалпы бөлім), 2017. – 304.
5Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Жалпы бөлім: Оқулық. – Түркістан, 2018. Батырбаев Н.М.
6Мақсатов Н.Р. Азаматтық құқық бойынша анытамалық сөздік. Оқу-тәжірибелік құрал. Алматы. 2021 ж.
7Ақылбекова А.Б. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2021 ж.