білімді бақылау:студенттің пәнді (курсты немесе модульді) меңгеру прогресін анықтауға пайдаланатын тәсілдердің толық жиынтығы. Бұл тәсілдерге жазбаша, ауызша, лабораториялық және практикалық тестер/эмтихандар; жобалар, сүйемелдеуші құжаттары бар презентациялар (баяндамалар) жатады. Студенттің өз білімін меңгеру прогресін өзі бағалай алуы үшін, немесе білім беру мекемесінің бағалауы үшін; курс бөлімі немесе модуль (курс бөлімінің, пәннің немесе модульдің қорытындылары бойынша аттестация) біткен соң оқушының нәтижеге қол жеткізе алғандығын анықтау үшін; білімді бақылау арадағы (ағымдағы аттестация - өзін-өзі бақылау) болуы мүмкін.
білім бақылауын бағалау шарттары: оқушының алған білімінің белгіленген білім талаптарын қанағаттандыра алатынын көрсетуге арналған, оқушыдан күтілетін талаптардың сипаттамалары. Шарттар өтіліп жатқан пәнге сәйкес модульдің циклдық және/немесе деңгейлік дескрипторларына жатады.
2003 ж. Берлин конференциясында Берлин коммюникесінің барлық сұрақтарын жүзеге асыру, Болон процесін (БП) жалпы басқару және Еуропа елдерінің білім министрлерінің кезекті кездесулерін ұйымдастыру, 2003 ж. қазан айында құрылған (BFUG) Болон процесі бойынша Бақылау тобына жүктелді. Топ БП-нің негізгі элементі және атқарушы органы болып табылады. Қазіргі таңда топтың құрамында БП-не қатысушы барлық елдердің өкілдері, сонымен қатар, консультативтік мүшелер ретінде біраз халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді. Топ, кем дегенде, жылына екі рет отырыс өткізеді. Топты Еуропа Комиссиясының Президенті басқарады, ал Еуропа елдерінің білім министрлерінің кезекті конференциясын қабылдаған елдің өкілі топтың вице-президенті болып табылады. Бақылау тобының отырыстарының арасында, оның жұмыстарын Еуропа Комиссиясының президенттігін атқарушы елдің өкілі – председателі басқаратын BFUG Комитеті, және білім министрлерінің кезекті кездесулерін қамтамасыздандыратын елдің өкілі - вице-президенті басқарады. Жалпы, құрамына министрлердің келесі конференциясы өтілетін елдің өкілдері кіретін Секретариат, топтың бақылау жұмыстарын қамтамасыздандырады. БП қатысушы елдерде БП дамыту бойынша өздерінің ұлттық жұмысшы топтары бар.
берілген біліктілік бағдарламасын немесе курсын бір жылда оқуды бастаған студенттердің топтары.
компетенция дегеніміз білімнің, шеберліктің, дағдының және қабілеттіліктің динамикалық комбинациясы. Компетенцияны қалыптастыру және дамыту, оқыту бағдарламасының мақсаты болып табылады. Компетенция курстың әртүрлі бөлімдерін оқу кезінде қалыптасады және оның әртүрлі сатыларында бағаланады. Олар оқу пәндерінің (кәсіби) компетенциясы және жалпы компетенция (оқыту бағдарламасының мазмұнына сәйкесті емес) болып бөлінеді.
оқытушы мен студент немесе студенттер тобы арасындағы тікелей байланыстағы оқу процесінің 45 - 60 минуттық кезеңі.
ортақ мақсатқа жету үшін тиісті іс-шаралар ерікті қабылдау көздейді. Болон процесі мәнi бойынша Еуропада ұлттық білім беру жүйесін құру конвергенциясы болып табылады.
мағынасы бойынша біткен, оқу курсыныңресми түрде құрастырылған бөлігі. Бөлімде міндетті түрде: компетенция терминдерінде көрсетілген, мағынасына сәйкес және нақты анықталған оқыту нәтижелерінің тізімі, сонымен қатар, білім бағаларының тиісті шарттары болуы керек. Курстың әртүрлі бөлімдері әртүрлі кредиттік сандардан тұруы мүмкін.
оқыту жұмыстары түсінігі (әдетте бақыланатын және бағаланатын) қажетті курс бөлімі немесе модуль шеңберіндегі оқыту жұмыстарымен байланысты.
оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген білім деңгейлері мен көлемін, сонымен қатар, уақыт бірлігімен өлшенетін осы деңгейге сәйкес еңбек көлемінің деңгейін көрсетудің сандық тәсілі. Сонымен қатар, кредит студентке оқуына немесе бұрынғы оқуына кеткен еңбек шығындарына сәйкес белгілі деңгейде белгіленген оқыту нәтижелеріне қол жеткізуін тексерген соң да есепке алынуы мүмкін.
кредиттердің қорлық жүйесінде семестр, оқу жылы немесе жалпы оқу бағдарламасы бойынша оқудың сәтті бітуі үшін, осы бағдарламалардың талаптарымен белгіленген кредиттің белгілі бір санын алу қажет. Оқушының оқу нәтижесіне сәтті қол жеткізгенін білімді бақылау растаған соң ғана, кредиттер есепке алынады (және жиылады, қорланады). Оқушылар кредиттердің қорлық жүйесін, бір немесе бірнеше білім беру мекемелерінде еңбек көлемі көрсетілген бағдарламалар немесе басқа да бағдарламалар бойынша есептелінген кредиттерін ауыстыру немесе қорландыру үшін пайдалана алады. Сонымен қатар, кредиттерді қорландыру жүйесі оқушыларға оқу нәтижелерін тез арада академиялық құптаудан өтпей-ақ, курстың жеке бөлімдерін немесе модульдерін меңгеруге мүмкіндік береді.
оқыту нәтижелерін өлшеуге және әртүрлі біліктіліктермен, студенттердің уақыт бірлігімен өлшенетін оқу жұмыстарының еңбек көлемдерінің негізінде оқыту бағдарламаларымен және оқыту жағдайларымен салыстыруға себепші болатын жүйе.
осы бөлімдегі немесе модульдағыоқушыға берілген оқу талаптарының немесе еркіндік дәрежесінің индикаторы. Бұл индикатор әдетте оқудың тереңдігімен және күрделілігімен байланысты, кейде оқу (курс) жылымен және/немесе мазмұнының ерекшеліктерімен ассоциацияланады.
білімді бақылаудың бұл формасында нақты сипаттамалар, қабілеттіліктер, дағдылар, тәртіп бірліктері және бағалар осы бақылаудың сәтті «өтуінің» босағасын анықтайтын шарттар ретінде таңдалып алынады. Бір шарттық мағына бойынша «жетіспеушіліктер», басқа шарттардың жетістіктерімен толтырылуы мүмкін. Бақылаудың мұндай жүйесі, әдетте, оқыту нәтижелерінің «босағалық минимум» жетістіктерімен ассоциацияланады.
ішіне еуропалық жоғары білім беру жүйесінің барлық біліктіліктері кіретін, Болон процесінде анықталған үш саты (бірінші цикл, екінші цикл және үшінші цикл).
Болон процесінің анықтамаларына сәйкес келетін әрбір үш циклдың оқыту нәтижелерінің қорытындыланған сипаттамалары.
білім беру мекемесінің бітірушісіне, белгіленген білім бағдарламаларын сәтті меңгергеннен кейін берілетін біліктілік. Егер бітіруші белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізу кезінде есепке алынған қажетті кредит санын жинай алса, онда кредиттің қорлық жүйесінің бағдарламасы біткен болып есептеледі.
берілген дәрежені/біліктілікті анықтайтын ресми құжаттың қосымшасы. Диплом қосымшасы дәреже/біліктілік алушының оқу маңызын, деңгейін, мазмұнын және мәртебесін сипаттауға арналған. Қосымша Еуропалық комиссия, Еуропалық Кеңес және ЮНЕСКО/СЕПЕС жасаған модельге негізделеді. Ол халықаралық мөлдірлікке және біліктілікті академиялық/кәсіби құптауға ықпалын тигізеді.
оқудың үшінші циклын бітіргенге және халықаралық деңгейде ғылыми, академиялық жұмыстарға немесе басқа да жоғары деңгейде құпталған кәсіби жұмыстарға берілетін біліктілік. Ол диссертация түрінде ұсынылған маңызды ғылыми зерттеулерді қарастырады.
берілген бағдарлама бойынша оқыту мақсаттарна қол жеткізуге қажетті, студенттің оқу жұмысының еңбек көлемін бағалауға негізделген,оқушыларға ыңғайлы болу үшін құрылған жүйе. Бұл мақсаттар белгіленген оқыту нәтижелерінің терминдерінде және компетенцияларында жазылған болуы керек. ECTS күндізгі оқу формасындағы студенттің бір академиялық оқу жұмысына 60 кредиттік еңбек көлемінің сәйкес келуі принципіне негізделеді. Студенттің оқу жұмысының еңбек көлемі бір академиялық жылдың ішінде Еуропада бір кредиттің 25-30 сағаттық мазмұнына сәйкес келетін 1500-1800 оқу сағатымен өлшенеді. ECTS жүйесі білім беру жүйесінің мөлдірлігін жоғарылатады және кредиттерді жинақтау мен ауыстыру арқылы студенттердің мобильділігін арттырады. Кредиттерді ауыстыру, студенттің ауысып келген білім беру мекемесі, оның ауысып келген университеті және өзі қол қойған келісіммен кепілденеді.
белгіленген мерзімдерде өтетін (мысалы, семестрдің соңында немесе ортасында, немесе оқудың басқа белгіленген мерзімдерінде) жазбаша немесе ауызша сынақ.
оқытудың бірінші циклын сәтті аяқтағанда берілетін жоғары білім біліктілігі.
қарым-қатынастардың мөлдірлігін және академиялық біліктіліктің еуропалық жүйесінің және ұлттық жоғары білім беру жүйесінің сәйкестігін қамтамасыздандыратын көлемді жүйе. Ол ұлттық академиялық жүйелердің арасындағы өзара әсер ету механизмі болып табылады.
нақты градусты шкалаға негізделген және курстың әрбір бөлімі немесе жалпы оқыту бағдарламасы бойынша білімді бағалау нәтижелеріне сипаттама беру үшін пайдаланатын кез-келген сандық немесе сапалық өлшем.
жоғары білімге жалпы орта білім туралы куәлігі (кәмелеттік аттестаты) немесе басқа да соған ұқсас білімі, сонымен қатар, кәсіби білімі немесе расталған бітірмеген жоғары білімі немесе тиісті тәжірибесі бар білім алушылар түсе алатын оқыту бағдарламалары кіреді.
заманауи ақпараттық технологияларын және телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып оқыту.
оқуды бітірген оқушының нені оқып білуге, меңгеруге және көрсете алуға тиісті екендігінің декларацияланған тізімі. Оқыту нәтижелерінің тізімі, бітірушінің оқыту нәтижелеріне қол жеткізуін анықтауға пайдалануға болатын, білімді бақылаудың тиісті шарттарымен сүйемелденуі керек. Оқыту нәтижелерінің тізімі және бақылау шарттары, бағалау жүйесі білімді бақылау нәтижелерінің кредит зачетының талаптарына қарағанда жоғары немесе төмен деңгейлеріне негізделген кредит зачетінің талаптарын анықтайды. Егер оқыту нәтижелерінің тізімінде кредиттің қандай жетістіктер үшін есептелгені жеткілікті дәлдікте көрсетілген болса, онда кредиттерді жинақтау және ауыстыру жеңілдеу болады.
қатардағы студенттің оқыту нәтижелеріне қол жеткізуіне және білімдерін бақылау нәтижелері бойынша кредит алуға қажетті сағаттардың саны.
оқытушының оқушыларға жаңа тақырыпты немесе басқа да оқыту материалдарын түсіндіруіне бағытталған оқыту жұмыстары. Лекцияға әдетте бір оқытушы және көптеген студенттер қатысады.
ранжирленген қысқартылған нәтижелер терминдерінде көрсетілген сатылар сериялары (үздіксіз қатары); сатылар сериялары біліктіліктерді салыстырады.
әрбір деңгейде оқушыдан күтілетін және талап етілетін оқытудың жалпы сипаттамалары көрсетілген декларацияланған тізім. Деңгейлердің мұндай дескрипторлары оқушыларға әрбір белгіленген деңгейде, талаптардың немесе күтілімдердің типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дескрипторлар бағдарламаның күрделілігі сұрақтары бойынша, материалды игеру жөніндегі оқушының еркіндігі мен талаптары бойынша оқушылар мен оқытушыларға бағыт береді. Оны жалпы дескрипторларды өтілетін сабақтарға және оқыту тәсілдеріне де пайдалануы мүмкін. Деңгейлер дескрипторлары оқу бағдарламаларын жасау, кредиттерді дайындау, бағалау және оқытудың өткен тәжірибесін (сонымен қатар, неформалдық оқытуды) мақұлдау үшін, сонымен қатар, ПОҚ біліктілігін көтеру жүйесінде пайдаланады.
бағдарламаларында бірдей көлемді (5-6 кредиттен) бөлімдерінемесекөлемнің осы бірлігінің түбірі бар модульдік оқыту жүйесінде «курс бөлімі» түсінігін «модуль» терминімен жиі ауыстырады. Модуль оқыту бағдарламаларының маңызды бір бөлігі болуы мүмкін, бірақ бұл бағдарламаға тәуелді болмауы да мүмкін.
оқыту бағдарламасының бір бөлігі ретінде таңдалынған, бірақ барлық студенттер үшін міндетті емес курс бөлімі немесе модуль.
профиль түсінігі оқу облысының спецификасының немесе біліктілігінің, және жалпы бағыттылығымен немесе маңыздылығымен бір-бірімен байланысты облыстардың қатарына жатады, мысалы, қолданбалы технологиялық бағдарламалар облысының (vocational study) теориялық академиялық оқыту облысынан айырмашылығы бар.
компетентті басқару органы беретін дәреже, диплом немесе сертификат туралы құжат және құпталған бағдарлама бойынша оқуды сәтті бітіру туралы куәлік.
оқыту нәтижелерінің қорытындыланған сипаттамасы. Оларға біліктіліктің нақты құрастырылған шарттары (есептеу нүктелері) жатады; оларды ұлттық деңгейлермен жиі салыстырады.
ECTS ережелері бойынша шетелде оқыту мерзімін құптау, жоода курс бөлімін/модульді сәтті меңгеру нәтижелері бойынша студентке есептелген кредит сандары, оқыту туралы Келісім бойынша оның оқып жатқан университетінің кредит сандарына сәйкес келуін талап етеді.
оқыту нәтижелері ретінде қалыптасқан және компетенция терминдерінде көрсетілген біліктілікке тән көрсеткіштер; олар біліктілік бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру базасы болып табылады.
емтиханды тапсыра алмаған ( немесе басқа да аттестациядан өте алмай қалған) студенттерге белгілі бір мерзім ішінде емтиханды қайта тапсыру ( аттестациядан өту) мүмкіндігі ұсынылуы мүмкін.
белгілі бір ғылыми жұмыстан тұратын, оқудың екінші дәрежесін сәтті аяқтаған кезде берілетін жоғары білім біліктілігі. Бұл дәрежені бірінші циклдық дәрежесі бар оқушылар ала алады.
белгілі бір тақырыпты терең оқуды мақсат еткен және сәйкесті дайындығы мен оқушылардың белсенділігі бар оқытушының басшылығымен өткізілетін аудиторлық сабақ. Әдетте семинарды студенттердің бір тобында бір оқытушы өткізеді.
орташа студентке (берілген циклдың/деңгейдің) белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізуіне қажетті сағат өлшемі бойынша берілген уақыт. Бұл уақыттың ішіне осы студентке арналған оқу жұмыстарының кезеңдері (мысалы, лекция, семинарлар, практикалық және өзіндік жұмыстар, консультациялар, эмтихандар) кіреді.
белгілі бір дәрежені алуға қажетті курс бөлімдерінің немесе модульдердің келісілген жинағы; ол қол жеткізілуі белгіленген кредит санын жинақтауға негізделген оқыту нәтижелерінің терминдерінде анықталады.
тәуелсіз ғылыми-зерттеу/жобалау жұмыстарына негізделген, белгілі ережелер бойынша (ресми түрде) ұсынылған жазбаша есеп (баяндама); дәреже (әдетте екінші немесе докторлық дәрежені) алудың негізгі шарты болып табылады. Диссертацияның басқа атауы - диссертация (dissertation).
музыканың қажет емес диссонанстарсыз ойнауы үшін оркестрдегі әртүрлі аспаптардың үйлесуі.ЕВРОТЮНИНГ жобасы, әдет-ғұрыптың жан-жақтылығы жалпы академиялық кеңістікті құрудың жағымды факторы екендігін мойындай отырып, Еуропадағы жоғары білім беру мекемелерінде келісілген жағдайларды (есептеу нүктесін) құруды қарастырып отыр.
курс бөлімінің немесе модульдің талқыланып жатқан материалдарын тереңірек оқып үйренуді немесе қайталауды мақсат еткен оқытушы өткізетін аудиторлық сабақ. Оны әдетте студенттердің кіші тобында бір оқытушы өткізеді.