Мемлекеттік және жергілікті басқару докторантура бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
8D04114 180 3
Білім беру бағдарламасының паспорты

Қоғамда әлеуметтік-экономикалық жүйелердің тиімділігін бағалай және талдай отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру дағдыларын меңгерген, басқару шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы басқарушылық технологияларды  меңгеруді қамтамасыз ететін,  бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау болып табылады

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды

8D04114 – Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Жоғары оқу орындары, мемлекеттік басқару органдары,  ғылыми-зерттеу орталықтары, сараптамалық мекемелер

Жоғарғы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік басқару органдары, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары, ұлттық компаниялар, мемлекеттік зейнетақы, сақтандыру және т.б. қорлар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес мекемелер, халықаралық қорлар, әлеуметтік саясат және әлеуметтік басқару департаменттері, мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық-талдау орталықтары

Мемлекеттік және жергілікті басқару саласында білім беру бағыты бойынша ғылыми зерттеулерді орындайды; білім беру саласындағы зерттеулердің нәтижелерін оқу үдерісіне енгізеді; жеке пәндерді оқыту бағыты бойынша ақпараттық-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады; пәндерді оқытуды жүзеге асырады.

Бітіруші осы салада қолданылатын зерттеу саласы мен зерттеу әдістері бойынша жүйелі түсінігін, шеберлігін көрсете алады; ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету; ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қоса алады; жаңа және күрделі идеяларды сыни талдай алады, бағалайды және синтездейді; өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа хабарлай алады.; ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдау, бағалау және салыстыру және қорытынды жасау; әр түрлі көздерден алынған ақпаратты талдау және өңдеу; қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын дербес ғылыми зерттеу жүргізу; өзінің жаңа ғылыми идеяларын генерациялау, ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа хабарлау; зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдау және тиімді пайдалану; өзінің әрі қарай кәсіби дамуын жоспарлау және болжау

1Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады (ОН1)
2Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға қабілетті (ОН2)
3зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды (ОН3)
4мемлекеттік және жеке сектордағы үрдістердің сандық өзгерісін, мақсаттарға жетуін және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын талдап, басқару қызметін модельдеу және бағалау кезінде тиімді шешімдер қабылдайды (ОН4)
5стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жаһандық және әлеуметтік-экономикалық даму жүйесінде тез бағдарлана отырып, стратегиялық ойлау арқылы мемлекет пен жеке сектордың тиімді өзара байланысы үшін бизнес модельдер мен басқару құралдарын қолданады (ОН5)
6заманауи әдістер мен бағдарламаларды, зерттеулердің сандық және сапалық әдіснамасын пайдалану арқылы басқару мәселелерін шешуде математикалық модельдердің әр түрлі формаларын қолданады (ОН6)
7мемлекеттік басқару және саясат саласындағы ғылыми зерттеулерді жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып жүргізеді, нәтижелердің дәйектілігін енгізу жолдарын көрсете отырып дәлелдейді (ОН7)