Экономика докторантура бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
8D04106 180 3
Білім беру бағдарламасының паспорты

Ғылыми-зерттеу жұмысында зерттеудің қазіргі заманғы әдістері мен дағдыларын пайдалануға, алынған нәтижелерді өңдеуге және бағалауға, ұлттық экономиканың тұрақтандыру тетіктерін жетілдіру жолдарын ұсынуға, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін басқарудың әдістері мен модельдерін айқындауға, стратегиялық жоспарлаудың әртүрлі проблемаларын шешу әдіснамасын әзірлеуге, жетілдіруге және экономикалық талдауды пайдалануға қабілетті жоғары білікті   ғалым-экономистерін даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«8D04106-Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, өндірістік көріністегі кəсіби қызмет объектілерінің жиынтығы. Кәсіпорынды басқару, жобала-рды басқару, бизнесті ұйымдастыру және жоспарлау.

Ұлттық компаниялар (квазимемлекеттік сектор), шағын, орта және ірі кәсіпорындар, меншікті бизнес, ұйымдар мен кәсіпорындардың аналитикалық орталықтары.

- ғылыми-зерттеушілік;

- ғылыми-педагогикалық;

- ғылыми-ұйымдастырушылық;

- ұйымдастыру-басқарушылық;

- аналитикалық;

- жоспарлау;

- іс-шараларды ұйымдастыру

1Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады.
2Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
3Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
4Өзекті заманауи ғылыми зерттеулерді жоспарлап және іске асырып, сандық және сапалық әдістермен ғылыми зерттеулер жүргізе отырып және ғылыми зерттеулердің ұлттық және халықаралық жарияланымдарының жағдайы туралы білімді пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін алынған нәтижелерді өңдейді және бағалайды
5Стратегиялық жоспарлаудың әртүрлі мәселелерін шешудің әдіснамасы мен әдістерін әзірлей және жетілдіре отырып, стратегиялық жоспарлаудың болжамдарын, экономиканың дамуын анықтайтын бағдарламалық жобалар мен объективті заңнама жоспарларын жасап және басқарушылық шешімдерде экономикалық талдап экономиканың бәсекеге қабілеттілігін басқарудың әдістері мен модельдерін анықтайды
6Жаһанданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап және болжап, жаһандану және экономиканың интеграциясы жағдайында отандық ғылымның қазіргі заманғы даму тенденцияларының заңдылықтары мен бағыттарын қолдана отырып, жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтандыру тетіктері мен жетілдіру жолдарын талдайды және ұсынады