Математика (Педагогикалық ғылымдар)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
8D01502 180 3
Білім беру бағдарламасының паспорты

Математика мен педагогика ғылымдарының өзекті бағыттары, математиканы оқыту әдістемесінің негіздері, оқыту әдістері мен тәсілдері, ұйымдастыру дағдылары, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу бойынша терең білімі бар, оларды зерттеу, педагогикалық, ұйымдастырушылық жұмыста қолдануға қабілетті PhD докторларын даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«8D01502-Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD).

Білім беру саласы; Ғылыми-өндірістік сала; Әлеуметтік-экономикалық сала.

Жоғары оқу орындары; Ғылыми зерттеу институты; Мемлекеттік басқару органдары; Өнеркәсіп мекемелері; Жобалық ұжымдар және т.б.

Ғылыми зерттеулерді орындайды; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізеді; таңдалған ғылыми бағыт бойынша ақпараттық-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады; пәндерді оқытуды жүзеге асырады Бітіруші осы салада қолданылатын зерттеу саласы мен зерттеу әдістері бойынша жүйелі түсінігін, шеберлігін көрсете алады; ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету; ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қоса алады; жаңа және күрделі идеяларды сыни талдай алады, бағалайды және синтездейді; өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа хабарлай алады.; ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдау, бағалау және салыстыру және қорытынды жасау; әр түрлі көздерден алынған ақпаратты талдау және өңдеу; қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын дербес ғылыми зерттеу жүргізу; өзінің жаңа ғылыми идеяларын генерациялау, ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа хабарлау; зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдау және тиімді пайдалану; өзінің әрі қарай кәсіби дамуын жоспарлау және болжау.

1- ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады. (ОН1);
2- кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады (ОН2);
3- зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды (ОН3);
4- кәсіби саладағы заманауи ғылыми жетістіктерді ескеріп, заманауи зерттеу әдістерін қолданып, ғылыми-зерттеу қызметін дербес жүзеге асырады (ОН4); - Самостоятельно осуществляет научно-исследовательскую деятельность с учетом современных научных достижений в профессиональной сфере, применяя современные методы исследования (РО4);
5- ақпараттық ағындардың тез жаңаруы және өсуі жағдайында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында тұрақты кәсіби өсуге ұмтылады (ОН5);
6- жоғары білім беруді дамытудың әлемдік үрдістері мен стратегияларын ескеріп, ұлттық деңгейдегі ғылыми-әдістемелік білім шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қосады (ОН6).