Білім беру бағдарламасының коды | Академиялық кредит | Оқу мерзімі |
---|---|---|
7R01129 | 140 | 2 жыл |
Патологанатом мамандығы бойынша дербес жұмыс істей алатын, білікті, бәсекелесуге қабілетті, заманауи денсаулық сақтау саласының талаптарына жауап беретін мамандарды дайындау.
Патологиялық анатомия білім беру бағдарламасы бойынша резидентурада білім алушылардың дайындық деңгейіне міндетті талаптар қою есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің жоғары сапасына қол жеткізу;
7R01129- Патологиялық анатомия білім беру бағдарламасы бойынша патологанатом дәрігер.
Денсаулық сақтау, ғылым, жеке және қоғамдық ұйымдар.
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары; кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары; жоғары медициналық оқу орындары; - ғылыми-зерттеу институттары; денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
Диагностикалық шаралар; кеңес беру; профилактикалық; ғылыми-педагогикалық;
1 | - өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа да мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысуға қабілетті |