Білім беру бағдарламасының коды | Академиялық кредит | Оқу мерзімі |
---|---|---|
7R01116 | 140 | 2 жыл |
Білім беру бағдарламасы денсаулық сақтау саласындағы жаңа теориялардың қазіргі заманғы терең білімдерін түсіндіруге және қорытындылауға; дәрілік заттарды рационалды пайдалану сұрақтары бойынша науқастарға дәрігерлік кеңес беру көмегін өз бетінше жүзеге асыра алатын жоғары білікті клиникалық фармаколог маманын дайындау.
- «Клиникалық фармакология» білім беру бағдарламасы бойынша резидентурада білім алушылардың дайындық деңгейіне міндетті талаптар қою есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің жоғары сапасына қол жеткізу;
- елдің конституциясын, ұлттық және рухани құндылықтарға ие түркітілдес халықтардың салт-дәстүрлерін, құндылықтарын құрметтейтін болашақ мамандарды тәрбиелеу.
- «Клиникалық фармакология» білім беру бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуші резиденттерді даярлауды жүзеге асыратын білім және ғылым ұйымдары жұмысының тиімділігін бақылау жүйесін құру және оқу процесін регламенттеу.
7R01116- Клиникалық фармакология білім беру бағдарламасы бойынша клиникалық фармаколог дәрігері
Денсаулық сақтау, ғылым, жеке және қоғамдық ұйымдар.
- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары; кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары; жоғары медициналық оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары; денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
- емдік-диагностикалық шаралар; кеңес беру; профилактикалық; ғылыми-педагогикалық;
1 | Өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа да мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысуға қабілетті |