Білім беру бағдарламасының коды | Академиялық кредит | Оқу мерзімі |
---|---|---|
7M07130 | 120 | 2 |
Электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдай жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер мен әдістері жиынтығын құруға қабілетті маманды дайындау.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада экономикалық тиімді түрде тұрмыстық және өндірістік мұқтаждар үшін азаматтар мен тұрғындардың электр, жылу және өзге де энергияға қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті осы саланың серпінді дамуын қамтамасыз ету жолдарын қамтиды.
«7М07130-Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызмет саласы ғылым мен техника саласы болып табылады, ол электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдай жасауға бағытталған адам қызметінің технологиялары, құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтиды.
Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:
- электр станциялары және қосалқы станциялар;
-электр энергетикалық жүйелер мен желілер;
- қалалар, кәсіпорындарды электрмен қамту жүйелері;
- релелік қорғаныс және электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру;
- жаңартылатын энергия көздеріне негізделген электр станциялары мен кешендер;
-электр машиналар, трансформаторлар, электромеханикалық кешендер және жүйелер;
-электрондық құрылғылар жүйелері және кешендері;
- технологиялық және қосалқы қондырғылардың электр жетектері;
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрлік шаруашылығы, төмен және жоғары кернеулі электр жабдықтары;
Кәсіби қызметтің функциялары электр энергиясын өндіру, бөлу және пайдалануды қамтитын ғылым мен техника саласы болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері:
- Сервистік-пайдалану қызметі;
- Өндірістік-технологиялық қызмет;
- Ұйымдастыру-басқару қызметі;
- Жобалау-конструкторлық қызмет;
- Эксперименттік-зерттеу қызметі.
- ғылыми-зерттеушілік;
- ғылыми-ұйымдастырушылық;
- ұйымдастыру-басқарушылық;
-жобалау-конструкторлық;
-өндірістік-технологиялық;
-сервисті-эксплуатациялық.
1 | Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды. |
2 | Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады. |
3 | Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады. |
4 | Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады. |
5 | Aлықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды. |
6 | Қондырғы жұмысының оңтайлы режимінің параметрлерін, экологиялық және техника-экономикалық талдауларын, электр энергетикалық нысандардың сұлбасын ұсынады. |
7 | Электр қондырғыларын зерттеуді, өлшеуді, сынауды, электр техникалық кешендерді әзірлеуді және өндіріске енгізуді ұйымдастырады. |
8 | Қолданбалы бағдарламалық құралдарды қолдана отырып нормативтік құжаттарға сәйкес монтаждау-жөндеу жұмыстарын жүргізеді. |
9 | Ұйымдастыру-басқару қызметінде ұжым жұмыстарының сапасын қамтамасыз ете отырып, өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалауда, ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлау кезінде шешімдер қабылдайды. |
1. семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
F 1266 | Физика І | Қазақ тілі | 3 | 1 | 2 | 0 |
FİL 2101 | Философия | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 2 |
KT 1171 | Қазақстан тарихы | Қазақ тілі | 5 | 3 | 2 | |
M 1266 | Математика I | Қазақ тілі | 5 | 1 | 2 | 0 |
ІІ.семестр | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Сабақтың коды | Курс аты | Оқу тілі | Академиялық кредит | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
FI 1266 | Физика ІI | Қазақ тілі | 5 | 3 | 0 | 2 |
MI 1266 | Математика II | Қазақ тілі | 3 | 1 | 2 | 0 |