Компьютерлік инженерия
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M06146 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Магистранттарға жан-жақты жоғары сапалы білім беру және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компьютерлік техника саласында білікті мамандарды қалыптастыру және соңғы ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті маман ретінде қалыптастыру. Қажетті техникалық білімді беру және қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етумен бірге, ақпараттық жүйелерді жобалай алатын, енгізетін және жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті магистрді даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«7М06146 - Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Жоғары оқу орнының, колледждердің оқытушысы, Ғылыми-зерттеу институттарының қызметкері, ғылыми-өндірістік мекемелердің ғылыми қызметкері; ғылыми-зерттеу, өндірістік, әкімшілік, сараптау мекемелерінің ғылыми тобының жетекшісі.

Ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу зертханалары, конструкторлық және жобалау бюролары, фирмалар мен компаниялар; жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары; министрліктер, тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдары.

Ғылыми зерттеулерді орындайды; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізеді; таңдалған ғылыми бағыт бойынша а+C:Eқпараттық-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады; пәндерді оқытуды жүзеге асырады. Бітіруші осы салада қолданылатын зерттеу саласы мен зерттеу әдістері бойынша жүйелі түсінігін, шеберлігін көрсете алады; ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету; ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қоса алады; жаңа және күрделі идеяларды сыни талдай алады, бағалайды және синтездейді; өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа хабарлай алады; ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдау, бағалау және салыстыру және қорытынды жасау; әр түрлі көздерден алынған ақпаратты талдау және өңдеу; қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын дербес ғылыми зерттеу жүргізу; өзінің жаңа ғылыми идеяларын генерациялау, ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа хабарлау; зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдау және тиімді пайдалану; өзінің әрі қарай кәсіби дамуын жоспарлау және болжау.

1инженерлік және ақпаратты бағалау, түсіндіру және қолдану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы білімдерін кеңейтеді.
2жергілікті компьютерлік желілер мен байланыс жабдықтарының аппараттық-математикалық құралдарына қызмет көрсетеді.
3Aқпараттық жүйелер мен технологиялардың дамуын болжайды.
4деректерді жинауға, сақтауға, талдауға және басқаруға арналған жаңа құралдар мен қосымшаларды әзірлеу арқылы зерттеу міндеттерін модельдейді.
5Aқпараттық жүйелер мен технологиялардың жұмыс істеу процестерінің сапасын талдау, синтездеу, оңтайландыру және болжау әдістемелерін әзірлеп, зерттейді.
6Kомпьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік әдістері мен құралдарын және криптографиялық қорғау әдістерін қолданады
7нейрондық желілерге негізделген бағдарламаларды әзірлейді және машиналық оқыту жүйелерінің модельдерін жасайды.
8деректерді жинау, түсіндіру және жариялау кезеңдерінде және барлық кәсіби қызметте әлеуметтік, ғылыми және этикалық құндылықтарды қарастырады.
9Aлынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.
10кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
11педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
12кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады