Математикалық және компьютерлік модельдеу
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M06129 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Білім беру бағдарламасының мақсаты - математикалық және компьютерлік модельдеу саласында тереңдетілген дайындыққа ие, қолданбалы математика және IT технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметке қабілетті, жаңа идеяларды тудыру, өзінің кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінінің өзгеруіне бейімделуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

7М06129 – Математикалық және компьютерлік   модельдеу білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі.

- математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды пайдаланатын салалардағы ғылыми-зерттеу қызметі; процестер мен объектілерді математикалық модельдеуді және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып әр түрлі есептерді шешу; жаратылыстану, техника, экономика және басқару есептерін шешудің тиімді әдістерін әзірлеу; ғылыми, зерттеу, жобалау-конструкторлық қызметті бағдарламалық-ақпараттық қамтамасыз ету; математикалық циклдер және компьютерлік ғылымдар пәндерін оқыту.

- математиканың, механиканың, физиканың және басқа да жаратылыстану ғылымдарының мазмұнын құрайтын ұғымдар, гипотезалар, теоремалар, әдістер және математикалық модельдер;

- жүйелер мен процесстердің математикалық, ақпараттық, имитациялық модельдері;

- математика және IT технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобалар;

- алгоритмдер, кітапханалар және бағдарламалар пакеттері.

- нақты әлем объектілері мен процесстерін талдау, жаратылыстану ғылымдарының есептерін шешу кезінде сандық модельдеу әдістерін қолдану;

- қолданбалы математика және IT технологиялар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- жаңа математикалық модельдерді әзірлеу және арнайы бағдарламалық қамтаманы жасау;

- математикалық модельдерді шешуде арнайы бағдарламалық кешендерді дұрыс пайдалану;

- ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін талдау, ғылыми жарияланымдар дайындау, ғылыми мақалаларды рецензиялау және редакциялау.

1- концептуалды және әдістемелік аппаратқа иелік етіп, алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу қызметі мен мәдениетаралық коммуникацияның әртүрлі формаларында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясының негізгі мәселелерін, ғылым дамуының қазіргі заманғы тенденцияларын талдайды (ОН1);
2- кәсіби дағдылар мен ғылыми мәселелерді шешуде тиімді коммуникацияларды қолданып, шетел тілінде меңгерген білімін және дағдыларын маңыздылығына қарай жіктей отырып, тәжірибеде қолданады (ОН2);
3- педагогикалық такты, этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттерімен дағдыларын көрсете отырып, халықаралық ынтымақтастық нормалар, ережелер, әдістер мен құралдарды қолданып, білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3);
4- бағдарламалар пакетін пайдалана отырып, ғылыми басылымдар, деректер базаларымен жұмыс істеу принциптерін біліп, зияткерлік меншік құқығын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдайды (ОН4);
5- халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер жариялайды (ОН5);
6- объектілі-бағытталған бағдарламалау ортасында және бағдарламалардың қолданбалы пакеттерінің көмегімен оңтайландыру есептерін шешудің сандық әдістерін іске асырады (ОН6);
7- қазіргі талдау әдістерінде, ықтималдық модельдерді әзірлеу құралдарында және алгоритмдерді жобалауда бағдарлайды (ОН7);
8-жаратылыстану ғылымдарындағы жаңа математикалық модельдерді және оларды шешу алгоритмдерін құру және зерттеу қабілетін көрсетеді (ОН8);
9- ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін іске асыратын математикалық модельдеу әдістерін және есептеуіш алгоритмдерін әзірлейді (ОН9);
10-қолданбалы есептерді шешу кезінде жүйелік тәсіл мен гармоникалық және интеллектуалды талдау әдістерін қолданады (ОН10).