Қаржы магистратура бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M04141 120 2 жыл
Білім беру бағдарламасының паспорты

Қаржы саласындағы болашақ магистранттардың кәсіби біліктілігі мен өз бетінше зерттеу жұмыстарымен айналысудың дағдысын қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

7М04141- Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

  • экономиканың нақты секторы, қаржылық – банк жүйесі, бизнес және кәсіпкерлік;

-әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік және аймақтық құрылымдар;

  • консалтингтік және аудиторлық фирмалар;
  • инвестициялық және сақтандыру компаниялары;
  • ғылыми ұйымдар мен институттар;
  • оқу орындары;
  • аналитикалық, есеп айырысу - реттеу, кеңес беру қызметтері;
  • ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік базаны құру;
  • бизнес құрылымдар;
  • өндірістік өнеркәсіптер;
  • әртүрлі меншік формасындағы ұйымдар мен фирмалар;
  • мемлекеттік басқару органдары;
  • қаржылық ұйымдар;
  • жобалық ғылыми-зерттеу институттары;
  • ғылыми-өндірістік институттар;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары;
  • бақылау-аналитикалық қызметтің мекемелері;
  • стандарттау және сертификаттау орталықтары;
  • білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

-ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;

  • шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау;
  • салық есептілігін дайындау және салық декларациясын толтыру;
  • қаржылық және статистикалық ақпараттарды жинау, деректерді өңдеу және оны басқарушылармен, инвесторлармен, кредиторлармен, сыртқы және ішкі пайдаланушылармен шешімдер қабылдау үшін пайдалануға дайындау;
  • баға белгілеудің балама шешімдерін, өндіріс әдістерін, инвестицияларды талдау және бағалау;

-жалпы кәсіпорындардың қызметін басқару және бақылау.

1ОН1-Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.
2ОН2-Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
3ОН3-Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады .
4ОН4-Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
5ОН5-Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
6ОН6-Экономикадағы қаржы-несие жүйесінің ұйымдастырылуына қарай шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастарды талдай отырып, қаржы-бюджет, ақша-несие сферасындағы, банктік, сақтандыру, халықаралық және мемлекеттік қаржы нарығында орын алған жағдайларды бағалайды .
7ОН7-Қаржылық, экономикалық қатынастарды рационалды ұйымдастыра білу, қаржы қатынастарын реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттардың негізінде, қаржы механизмінің әдіс-тәсілдерін жұмыстарында қолданады
8ОН8-Қаржы саласындағы қызметті жетілдіру, қаржы-кредит өнімдерінің сапасын арттыру, оларды қаржылық технологиясы мен тәуекелдік сақтандыру жұмыстарын нақтылау бойынша, жаңашылдық әкелетін ғылыми, техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін көздейтін озық тәжірибені зерделеп көрсетеді
9ОН9-Қаржы-бюджеттік және ақша-несиелік реттеуді ұйымдастыру, қаржы-банк жүйесінің жұмыс істеуінің теориялық және практикалық аспектілері, мемлекеттік қаржы және корпорациялардың қаржылары мен инвестициялық балама мүмкіндерін ұйымдастырудың мемелекеттік және шетелдік тәжірибесі бойынша экспресс-кешенді талдау жүргізеді
10ОН10-Мінез-құлықтық және басқару шешімдерін қабылдау кезінде экономикалық, қаржылық, ұйымдық және басқарушылық модельдерді құру кезінде сандық және сапалық талдау әдістерін қолданады
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KNS 5315 Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру Қазақ тілі 5 1 2 0
ZKA 5302 Зерттеулердің қолданбалы әдістері Қазақ тілі 5 1 2 2
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AGZh 5304 Академиялық ғылыми жазба Қазақ тілі 5 1 2 2
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KKBT 6307 Құнды қағаздарды бағалау және талдау Қазақ тілі 6 2 2 0
KTM 6305 Халықаралық қаржы нарықтары Қазақ тілі 7 2 2 0