Есеп және аудит магистратура бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M04120 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Есеп жəне аудит саласындағы болашақ мамандардың кəсіби біліктілігін арттыруға ықпал ету, кəсіби қызметте отандық жəне шетелдік тəжірибені пайдалануды үйретіп, білікті маман даярлау болып табылады.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды

 7М04120-Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

- экономиканың нақты секторы, қаржылық – банк жүйесі, бизнес және кәсіпкерлік;

-әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік және аймақтық құрылымдар;

- консалтингтік және аудиторлық фирмалар;

- инвестициялық және сақтандыру компаниялары;

- ғылыми ұйымдар мен институттар;

- оқу орындары;

- аналитикалық, есеп айырысу - реттеу, кеңес беру қызметтері;

- ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік базаны құру;

- бизнес құрылымдар;

- өндірістік өнеркәсіптер;

- әртүрлі меншік формасындағы ұйымдар мен фирмалар;

- мемлекеттік басқару органдары;

- қаржылық ұйымдар;

- жобалық ғылыми-зерттеу институттары;

- ғылыми-өндірістік институттар;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары;

- бақылау-аналитикалық қызметтің мекемелері;

- стандарттау және сертификаттау орталықтары;

- білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

-ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;

- бухгалтерлік және қаржылық есептілік;

- шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау;

- салық есептілігін дайындау және салық декларациясын толтыру;

- бухгалтерлік және статистикалық ақпараттарды жинау, деректерді өңдеу және оны басқарушылармен, инвесторлармен, кредиторлармен, сыртқы және ішкі пайдаланушылармен шешімдер қабылдау үшін пайдалануға дайындау;

- баға белгілеудің балама шешімдерін, өндіріс әдістерін, инвестицияларды талдау және бағалау;

-жалпы кәсіпорындардың қызметін басқару және бақылау.

- бухгалтерлік есептің заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкестігін, сондай-ақ кеңес беру қызметін (аудиторлық және консалтингтік қызмет) ұсынуды тексеру;

- бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік актілерді әзірлеу (нормативтік-әдістемелік қызмет).

1- Магистрантың ғылым тарихы мен философиясын терең түсінуіне негізделген пәнаралық дүниетанымын кеңейте отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті әдістемелік аппаратты дамытады (ОН1);
2- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады. (ОН2);
3- педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады. (ОН3);
4Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды (ОН4);
5- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды (ОН5);
6- Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары негізінде қаржылық есептіліктердің дәлдігі мен сенімділігін сыни бағалап, талдайды (ОН6)
7- Инновациялық тәсілдердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып қаржылық есептіліктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар шығарады (ОН7)
8-Халықаралық аудит стандарттарына негізделген аудиторлық қызметті жүргізеді (ОН8)
9- Шығындарды басқару саласында заманауи технологияға негізделген тәсілдерді әзірлейді (ОН9)
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KT 5212 Қаржылық талдау(Ілгерілемелі) Қазақ тілі 5 1 2 0
SHEOKTA 5304 Шығындар есебі мен өнімді калькуляциялау теориясы мен әдістемесі Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
HAS 5304 Халықаралық аудит стандарттары Қазақ тілі 5 1 2 0
MA 5304 Мемлекеттік аудит Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KI 6305 Қаржылық есеп (Ілгерілемелі) Қазақ тілі 6 2 2 0
SHKE 6307 Шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақ тілі 6 2 2 0
TBE 6309 Тереңдетілген басқарушылық есеп Қазақ тілі 5 1 2 0