Халықаралық қатынастар магистратура бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M03140 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен басқада акторлардың өзара әрекетін, қазіргі халықаралық саясаттың әртүрлі аспектілерін бағалауға қабілетті, зерттеу дағдылары бар және дара зерттеу жұмыстарын орындай алатын, халықаралық қатынастар саласында ғылыми-педагогикалық қызметке дайын, сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

7М03140-Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасы бойынша Әлеуметтік ғылымдарының магистрі.

ЖОО-дарында «Халықаралық қатынастар» мамандығы, ЖОО-дарында Халықаралық қатынастар бөлімдері, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ақыл-ой орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйым, елшілік пен консулдық мекемелер, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі халықаралық қатынастар бөлімі, министрліктердің халықаралық қатынастар бөлімі, БАҚ.

ЖОО-дарында «Халықаралық қатынастар» мамандығы, ЖОО-дарында Халықаралық қатынастар бөлімдері, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ақыл-ой орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйым, елшілік пен консулдық мекемелер, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі халықаралық қатынастар бөлімі, министрліктердің халықаралық қатынастар бөлімі, БАҚ.

Зерттеу орталықтары мен институттарында сараптау жұмыстарын жүргізеді, ақпараттық материалдарды жинайды және өңдейді; талдайды, жіктейді және нәтижелерді тіркеуді жүзеге асырады; ғылыми зерттеулер жүргізеді; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолданысқа енгізеді; таңдалған ғылыми бағыт бойынша ақпараттық-іздеу жұмыстарын ұйымдастырады; ЖОО-да өз саласы бойынша пәндерді оқытады.

1Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды (ОН1);
2Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады (ОН2);
3Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3);
4Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады (ОН4);
5Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды (ОН5);
6Сыни ойлау негізінде халықаралық қатынастарда болып жатқан оқиғаларды жіктеп және талдап, ақпараттарды өңдейді (ОН6);
7Қазіргі заманғы аймақтық, интеграциялық, жаһандық, геосаяси, әлеуметтік-мәдени, демократиялық, саяси, миграциялық және дипломатиялық үдерістердің даму жолдарын болжайтын сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізеді (ОН7);
8Кәсіби қызмет шеңберінде қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін ескере отырып, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік, қақтығыс және бейбітшілік мәселелері бойынша өзекті зерттеу тапсырмаларын әзірлейді (ОН8);
9Халықаралық қатынастар саласында іргелі теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізеді (ОН9);
10Халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми теориялар, мектептер, бағыттар мен тенденциялар туралы білімдерін қолданады (ОН10).
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
GGM 5216 Геосаясат және геостратегия мәселелері Түрікше 5 1 2 0
HKOA 5305 Халықаралық қатынастарда Орталық Азия Түрікше 5 1 2 0
KHKT 5215 Қазіргі халықаралық қатынастар теориялары Түрікше 5 1 2 0
SHTB 2129 Миграция және халықаралық саясат Түрікше 5 1 2 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AASS 5304 Әлемдік акторлардың сыртқы саясаты Түрікше 5 1 2 0
HKTSH 6306 Халықаралық қатынастарда Таяу Шығыс Түрікше 5 1 2 0
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
HKOT 6308 Халықаралық қатынастарда ойын теориясы Түрікше 6 2 2 0
HOKSB 6307 Халықаралық оқиғаларды қойылымды-сараптамалы болжау Түрікше 7 2 3 0
KHKKBKM 6309 Қазіргі халықаралық қатынастардағы қақтығыс, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері Түрікше 6 2 2 0