Түркітану
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M02212 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Түбі бір түркі халықтарының тілдері, әдебиеттері және рухани-материалдық мәдениетінің перспективалық бағыттарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастыра алатын, түркітану ғылымындағы заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әлеуметтік ортада зерттеу және басқару іс-әрекетін нәтижелі түрде жүзеге асыратын, кәсіби дағдыларын игерген, бәсекеге қабілетті түркітанушыларды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

7М02212-Түркітану  білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі
 

-меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және  нысандағы орта білім беру ұйымдары: гимназия, лицейлер және т.б.;
-техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдары;
-жоғары оқу орындары;
-ғылыми-зерттеу институттары;
-Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
-баспа, радио және теледидар, газет және журнал редакциялары;
-профильді ғылыми мекемелер, кітапханалар;
-мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа нысаналар; 
-білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

-және қоғамдық ұйымдар.
-Материал қасиеттерін жобалау жұмыстарын басқару,
-Нанотехнологиялық материалдарды жобалау.

-оқытушылық қызмет;
-оқу-әдістемелік жұмыс;
-тәрбиелік;
-ғылыми және педагогикалық ұйым, түркология саласының орындаушысы;
-ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру.

1Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
2Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
3Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
4Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
5Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
6Түркітану саласындағы іргелі зерттеулерге қатысты алған білімдерін, қазіргі заман талабына сай теориялық-әдіснамалық ұстанымдарға, түркітану ғылымының концептуалды-терминологиялық мәселелерге, заманауи көзқарастар мен тенденцияларға байланысты ғылыми парадигмалар шеңберінде көрсетуге қабілетті
7Түркі халықтарының тілдік, әдеби және мәдени мұраларының ерекшеліктерін меңгеру нәтижесінде түркі өркениетінің озық үлгілерін және рухани құндылықтарын дүниежүзіне танытуға, насихаттауға және ұрпақ санасына сіңіруге қабілетті
8Түркітанымдық зерттеулердің нәтижелерін зерделейді, тұжырымдай алады, ғылыми зерттеу әдістерінің негізінде шешеді, жаңа мұрағат материалдарын және қолжазбаларды тарта отырып түркітанушы ғалымдардың еңбектерін зерттейді
9Түркітану бағдарламасы бойыншапрактикалық және семинарлық сабақ түрлерінде оқу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыра алады және іс жүзінде жүзеге асыруды жүйелі түрде ұсына алады
10Түркітану саласына байланысты ғылыми-зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып, отандық, шетелдік және халықаралық деректер базасындағы басылымдарда мақала тезистерін жариялай алады, халықаралық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, конгрестерге баяндамалар ұсына алады
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
THZhA 5206 Түркі халықтарының жазба әдебиеті Түрікше 5 1 2 0
TTSG 5208 Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы Түрікше 5 1 2 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
TGOKM 6305 Түркітану ғылымын оқытудың қазіргі мәселелері Түрікше 5 1 2 0
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
THTZEGGN 6307 Түркі халықтары туралы зерттеулердің этно-генетикалыық және генеологиялық негіздері Түрікше 6 2 3 0
TTSFSE 6306 Түркі тілдеріндегі сөздер мен фразеологизмдердің семантикалық ерекшеліктері Түрікше 5 1 2 0
XXGAZhTE 6307 XI-XVI ғасырдағы араб жазуындағы түркі ескерткіштері Түрікше 5 1 2 0
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MD 7000 Магистрлік диссертация Түрікше 8 0 8 0