Дінтану
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M02211 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты
Дінтану саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, діни  құбылыстарды талдау мен түсіндіру дағдысына ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

7М02211 – Дінтану білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық  ғылымдарының  магистрі

Магистратура білім беру бағдарламасының түлектерінің  кәсіби қызмет саласы: ғылыми-зерттеулік, педагогикалық және ұйымдастыру-басқарушылық қызметтер және де діни бірлестіктермен өзара іс-әрекет, мемлекеттік дінтанулық сараптаманы қамтиды.

Магистратура білім беру бағдарламасының түлектерінің  кәсіби қызмет объектісі: жалпы білім беретін орта оқу орындары, арнаулы орта оқу орындары және жоғары оқу орындарында педагогикалық қызмет; оқу үдерісін ұйымдастыру, технологиялық сүйемелдеу және кеңес беру; мұражай экспонаттарын өңдеу, сипаттау және экскурсия жүргізу;  кітапханалар мен мұрағаттарда діни және дінтанулық материалдар мен әдебиеттерді  жинақтау-каталогын жасау; бұқаралық ақпарат құралдарына дін мәселелерінде кеңес беру, материалдарды өңдеу және ұсыну; баспаларда діни және дінтанулық әдебиеттерге жалпы және ғылыми редакторлық жасау; діни бірлестіктермен мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыру; мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық және діни ұйымдарға дін мәселелерінде кеңес беру, сараптама-талдаулар жасау, ақпараттарды өңдеу мен ұсыну қызметі; дінтану және пәнаралық байланыс пәдерінен оқу-әдістемелік материалдарды дайындау; дінтану саласында инновациялық оқыту түрлерін қолдану; ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді.

Магистратура білім беру бағдарламасының түлектерінің  кәсіби қызмет түрлері: ғылыми-зерттеулік; педагогикалық және ұйымдастыру-басқарушылық.

Магистратура білім беру бағдарламасы түлектерінің  кәсіби қызметтері:

- ғылыми-зерттеулік: дін саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мәселелерді анықтау мен шешуде дінтанулық пәндер саласындағы кәсіби білімдерін қолдануы; мақсаттарға қарай зерттеулерде сәйкес әдістерді таңдау, қажетті тәсілдер мен жаңа әдістерді қолдану алуы; дінтану саласында жалпы ғылыми жобаларға қатысу және тың ғылыми бастамалар көтеруі; ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау, қорыту, ғылыми есептер мен ұсыныстар жасау; дінтану мәселелерінде ғылыми семинарлар, дөңгелек стөлдер, конференциялар, симпозиумдар ұйымдастыру және өткізу; ғылыми жарияланымдарды әзірлеу және редакциялау;

- педагогикалық: жалпы білім беретін орта, арнаулы орта  және жоғары оқу орындарында дінтану және арнайы қоғамдық  пәндерді оқыту, жоғары оқу орындарында педагогикалық әдістерді және практикаларды қолдана алуы; білім беру үдересіндегі қазіргі заманғы технологияларды меңгеруі, коммуникациялық құзыреттерді игеруі, дәлелдеудің теориясы, логикасы мен практикасын меңгеруі, сонымен қатар текетірестерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы шешуді де меңгеруі;  инновациялық педагогикалық және ғылыми қызметінде біліктілігін көтеруге және қайта білімін жетілдіріуге дайындығы;  білім алушылардың аудиториядан тыс уақытта да ғылыми жұмыстарына жетекшілік ету;білімді бақылау мен бағалаудың озық технологияларын қолдану;

- ұйымдастыру-басқарушылық: ғылыми, оқу және өндірістік жұмыстарды  ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелерде ұйымдастыру мен басқару; дін саласындағы өндірістік жұмыстарды  мемлекеттік және құқықтық  мекемелерде ұйымдастыру мен басқару; дін саласындағы өндірістік жұмыстарды  діни және қоғамдық  мекемелерде  ұйымдастыру мен басқару.

1- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды;
2- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады;
3- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады;
4- Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады;
5- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды;
6- Дінтану ғылымдарының, сонымен бірге қазіргі дінтанудың өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелерін талдай отырып, кәсіби қызметін жүзеге асырады;
7- Дін және қоғам арасындағы мәселелерді шешу үшін кәсіби білімді зерттеулерінде қолданады;
8- Кәсіби ортада қолданылатын заманауи оқыту әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, білім беру қызметінде жүзеге асырады;
9- Діни құндылықтарды зерделеу арқылы дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдардың қызметіне сараптама жасайды.
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DTDT 5305 Дәстүрлі түркілік діни таным Қазақ тілі 5 1 2 -
GFP 5211 Қазіргі заманғы ислам құқығы мәселелері Түрікше 5 1 2 -
KDM 5213 Қазіргі дінтану мәселелері Қазақ тілі 5 1 2
KZKM 5212 Қазіргі заманғы Калам мәселелері Қазақ тілі 5 1 2 3
ZKA 5302 Зерттеулердің қолданбалы әдістері Түрікше 5 1 2 -
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ANP 5304 Академиялық ғылыми жазба Қазақ тілі 5 1 2 -
IF 5305 Иассауи философиясы Қазақ тілі 5 1 2 -
MDD 5314 Модернизация, дәстүр және дін Қазақ тілі 5 1 2 -
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DA 6310 Дінтану әдіснамасы Қазақ тілі 5 1 2
DBB 6309 Діни білім беру Қазақ тілі 6 1 2 3
PR 6307 Діндарлық психологиясы Қазақ тілі 7 1 3 4