Білім беру бағдарламасының коды | Академиялық кредит | Оқу мерзімі |
---|---|---|
6B10155 | 120 | 2 жыл |
Денсаулық сақтау саласындағы білімді, тәжірибені және денсаулық сақтау аймағындағы жаңалықтарды меңгере отырып, жалпы тұрғындарға, жеке адамдарға алғашқы және кейбір жанұяларға жоғары мамандандырылған үздіксіз медициналық көмекті көрсете білетін, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды
6В10155-Жалпы медицина мамандығы бойынша дәрігер
Денсаулық сақтау; білім беру; ғылым; әлеуметтік қорғау.
Денсаулық сақтауды басқару ұйымдары; меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары; -кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары; жоғары медициналық оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары; денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар
Білікті жəне мамандандырылған біріншілік медициналық-снитарлық көмек көрсету жəне ұйымдастыру; шұғыл ауырған жəне кезек күттірмейтін жағдайларда бастапқы медициналық көмек көрсету жəне ұйымдастыру; сырқатпен, оның туған-туысымен, əріптестермен, əлеуметтік қызмет өкілдерімен медициналық этика жəне деонтология қағидаларын сақтай отырып тиімді қарым-қатынас орнату; - халық арасындағы біріншілік медициналық-снитарлық көмек көрсету бағалау жəне талдау жасау; кəсіптік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастыру- басқару шараларын жүзеге асыру; біріншілік медициналық-снитарлық көмек көрсету саласында ғылыми зерттеулерді жоспарлау жəне жүргізу; шынайы ақпарат алуға, кəсіптік мəселелерді шешуге, халыққа біріншілік мдициналық санитарлық көмек көрсетуге, денсаулық сақтау жүйесінде бірегей ақпараттық желіде жұмыс істеуге жəне өз бетінше білім алу үшін ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану; педагогикалық жəне тəрбиелік қызметті жүзеге асыру.
Түрлері: емдеу-алдын алу және диагностикалық; санитарлық-гигиеналық, індетке қарсы; ұйымдық-басқару; ғылыми-зерттеу; білім беру (педагогикалық).
1 | Оқудың барлық кезеңдерінде, соның ішінде интернатураның оқу түрлерінің бәрін қоса алғанда және қорытынды аттестацияны сәтті аяқтаған, кем дегенде 120 академиялық кредитті игерген тұлғаларға «жалпы тәжірибелі дәрігер» дәрежесі және жоғары білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) беріледі. Интернатураның білім беру бағдарламаларын мерзімінен бұрын игеру және оған қойылатын талаптарды орындау жағдайында интерн оқу мерзіміне қарамастан «жалпы тәжірибелі дәрігер» дәрежесі беріледі. |