Құқыққорғау қызметі бакалавриат бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B04282 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

«6В04282 – Құқық қорғау қызметі» дайындық бағыты бойынша білім алушыларды даярлаудың негізгі мақсаты мемлекеттің құқық қорғау қызметі саласындағы жоғары білікті мамандарға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, мамандығы бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тиісті кәсіптік қызмет саласында қазіргі заманғы технологияларды меңгерген мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осылайша, бағдарлама материалдық және процессуалдық құқықтағы практикалық міндеттерді шешу үшін мамандық бойынша дағдылар мен біліктер көлемін дамытуға, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру, құқық қорғау органдарының жедел-қызметтік жұмысы, қылмыстық істі сотта қарау бойынша білімді, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды

«6В04282 – Құқыққорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша Құқық бакалавры

Құқықтық нормаларды әзірлеуге және іске асыруға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыстармен және өзге де құқық бұзушылықтармен күресуге, жазаны орындауға, құқықтық тәрбиелеуге бағытталған құқық қорғау қызметі

Kәсіби қызмет объектісі құқық қорғау органдары, мемлекет билік пен сот, атқарушы және өкілетті органдары, мемлекет және мемлекеттік емес кәсіпорындар, адвокатура, банкілер, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, білім беру ұйымдары бола алады

- құқыққорғаушылық,

-  құқық қолданушылық;

- құқықшығармашылық;

- сараптамалық-кеңесшілік;

-  ғылыми-зерттеушілік;

- ұйымдастыру-басқарушылық;

- педагогикалық.

1жеке кәсіби салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және ұтқыр сервистерді қолдануға қабілетті (ОН1)
2мемлекеттік және шет тілдерінің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтай отырып, әр түрлі стильдер мен жанрлардың ауызша, жазбаша мәтіндерін жасайды және коммуникативтік әрекетті құру стратегиясын және тактикасын иелене алады (ОН2)
3Қазақстандық қоғамның тарихи білімін, әлеуметтік, іскерлік, мәдени, философиялық және этикалық нормалары мен құндылықтарын қолдана алады (ОН3)
4Студенттердің әлеуметтік жеке тұлғалық құзыреттерін және салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып белсенді демалыс пен бос уақытты тиімді ұйымдастырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік мәдени құндылықтарын қолданады (ОН4)
5Зерттелетін салада мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді (ОН1)
6жеке, мәдени және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей отырып, мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады (ОН2)
7ұлттық қарым-қатынастардың рухани құндылықтарының әлеуметтік, этикалық, конфессиялық және мәдени ерекшеліктерін түсініп, қоғамның экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтай отырып, ұлтаралық командада жұмыс істеуге қабілетті (ОН3)
8Құқық қорғау қызметінде ұлттық және халықаралық заңнама білімін қолданады (ОН4)
9Кәсіби міндеттерді орындау барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдайды (ОН5)
10Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді, құқық қорғау қызметінің проблемалары бойынша ғылыми материалдарды жобалайды (ОН6)
11Іскерлік риториканы, заңдық маңызы бар құжаттарды құрастырады, білікті заң консультацияларын жүргізеді (ОН7)
12Заңда көзделген қылмыстық, азаматтық және әкімшілік дауларды шешудің нысандары мен әдістерін қолданады (ОН8)
13Қылмыстық іс бойынша өндірісті жүргізудің қылмыстық-құқықтық, қылмыстық іс жүргізушілік және криминалистикалық білімдерін қолданады (ОН9)
14Сот сараптамасының нәтижелерін қылмыстық, әкімшілік және азаматтық процесті жүргізу барысында пайдаланады (ОН10)
15Құқық бұзушылықтың алдын алу әдістерін білу дағдыларын көрсетеді (ОН11)
16Нақты өмір жағдайларына материалдық және процессуальдық құқықтары нормаларын қолданады (ОН12)
17Атқарушылық іс жүргізу ережелерін пайдаланады, сот шешімдерін орындауды жүзеге асырады(LО13)
18Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ашу, тергеу және саралау әдістемесін айқындайды(ОН14)
19Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және табельдік қаруды пайдалану тактикасының дағдыларын көрсетеді(ОН15)
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KKZhB22104 Қылмыстық құқық (Жалпы бөлім) Қазақ тілі 5 15 15 -
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
АО1109 Атқарушылық өндіріс Қазақ тілі 5 15 30
КТ 2147 Көшбасшылық теориясы Қазақ тілі 5 15 30 -
КТ 2147 Көшбасшылық теориясы Қазақ тілі 5 15 30 -
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KPDD32114 Қылмыстық процестегі дәлелдемелер және дәлелдеу Қазақ тілі 5 15 30 -
KІZhK32109 Қылмыстық іс жүргізу құқығы І Қазақ тілі 5 15 30 -
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KІZhK3366 Қылмыстық іс жүргізу құқығы ІI Қазақ тілі 5 15 30 -
UKN3371 Ұлттық қауіпсіздік негіздері Қазақ тілі 5 15 30 1
КIBSDTT32110 Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақ тілі 5 15 60 -
VII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KAK42119 Қылмыстық атқару құқығы Қазақ тілі 6 30 30 -
ZhАKKKBSN42116 Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау негіздері Қазақ тілі 6 15 60 -
VIII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ATD4373 Арнайы тактикалық дайындық Қазақ тілі 5 15 30 1
KKOBN4372 Құқық қорғау органдарындағы басқару негіздері Қазақ тілі 5 15 30 1
KZhTTA4374 Қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі Қазақ тілі 6 30 30 -