Жалпы медицина
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ZhG3309 Жалпы гигиена Үшінші курс 3 90 1 1 0
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
Куандыкова Раушан Кеңесбайқызы, Жолдас Клара Уәлиханқызы

Пән мақсаты адам ағзасына инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу мақсатында қоршаған орта факторларының әсер ету заңдылықтарын зерттеу. Сонымен қатар, тамақ гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, өндірістік және қоғамдық гигиена, профилактикалық және тұрақты санитарлық бақылау тақырыптары қамтылған

 Интербелсенді оқу/оқыту,  Инновациялық оқыту

1- Жалпы гигиена пәнінің даму тарихын, жалпы гигиеналық зерттеу әдістерін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалаудың негіздерін есте сақтайды. -Білім алушы үнемі күнделікті сабақтан және дәрістен алған білімдерін қолданады. Әдеби деректері дұрыс пайдаланып, компьютер технологиясын қолданып, презентация жасауды дәлдікпен орындайды.
2-Білім алушы түсіндірілген мәліметтерді дұрыс қабылдайды. Қабылдаған мәліметтердің құндылығын үлестіреді. -Халық денсаулығына байланысты мәліметті есте сақтайды. -Адамдардан топтардан және қауымдардың денсаулығына әртүрлі факторлардың әсер етуін түсінеді. -Білім алушы жеке адамдар мен халықтың гигиеналық талаптарының дұрыс ұйымдастырылуында гигиеналық нормалаудың негіздерін қолданады.
3-Білім алушы халық денсаулығы жайлы әр түрлі мәліметтерді жинап,сұрыптау қағидаларын түсініп презентацияны дәлдікпен орындайды. -Халық денсаулығына байланысты әр түрлі аурулардың алдын алу шараларын дұрыс қабылдайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Гигиенаға кіріспе. Гигиенаның даму тарихы, ҚР-да гигиенаның негізін қалаушылар. Гигиена пәнінің мақсаты, зерттеу әдістері, бөлімдері.тест
2Бөлмеге күн сәулесінің түсу режимін, табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау. Балалар мен үлкен адамдарға ультракүлгін сәуле жетіспеушілігінің алдын алу. Үйлерді санациялау үшін УК – сәулеленудің жасанды көздерінің қолданылуы.тест
3Су факторымен байланысты аурулар, түрлері, таралуы, кездесу жиілігі, алдын-алу шаралары.тест
4Тағам мәзірінің жіктемесі бойынша тамақтанудың адекваттылығын гигиеналық бағалау. Сүттің, еттің және консервілердің залалсыздығын бағалау.тест
5Ауыз судың және сумен қамтамасыз ететін су көздерінің сапасын гигиеналық бағалау. Судың сапасын жақсарту әдістері.тест
6Ауа ортасының гигиенасы. Үйлердің микроклиматын гигиеналық бағалау. Жылытуды бағалау. Үйлердің ауасының химиялық және бактериялармен ластануын, табиғи және жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау.тест
7Тамақтан уланулар, инфекциялар және олардың алдын алу. Ауруханалардың ас блоктарын жоспарлауға, жабдықтауға және күтіп ұстауға қойылатын гигиеналық талаптар Аралық бақылау 1Ауызша және жазбаша
8Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау. Топырақтың санитариялық жағдайының көрсеткіштері. Елді мекенді тазарту ісі жөніндегі шаралар.тест
9Емдік профилактикалық ұйымдарының гигиенасы Ауруханалардың жалпы жоспарларын гигиеналық бағалау. ЕАБ мамандандырылған бөлімдерінің ішкі жоспарлануын гигиеналық бағалау. Ауруханаішілік инфекциялар, олардың алдын алу.тест
10Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және дене дамуын гигиеналық бағалау. Балалар денсаулығын бағалау критерийлері. Балабақшалардағы және мектептердегі балалардың күн тәртібін және оқу-тәрбие процестерінің ұйымдастырылуын гигиеналық бағалау.тест
11Мектепте окуға жетілгендігін медициналық және психофизиологиялық критерийлер бойынша бағалау. Балалар мекемелерін жоспарлаудың және керек жарақтармен жабдықтаудың гигиеналық принциптері және санитариялық нормалары мен ережелері.тест
12Еңбек гигиенасы. Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларын емдік алдын – алумен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың принциптерітест
13Өнеркәсіптік шаң, оның гигиеналық маңызы. Шаң ауруларының алдын алу. Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу.тест
14Радиациялық гигиена Радиациялық-гигиенадағы негізгі түсініктер. Иондаушы сәулеленудің көздерімен жұмыс істеу кезінде қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері. Табиғи сәуле көздерімен және медициналық сәулеленуді шектеу. Дозиметриялық және радиометрлік бақылау.тест
15Дала жағдайында әскерлердің тамақтануына, сумен қамтамасыз етілуіне санитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Қарулы күштердің жалпыға арналған бөлімдері мен әскер түрлеріндегі еңбек гигиенасы. Аралық бақылау-2Ауызша және жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Kiril Harfleriyle