Физика
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ZF 3395 Заманауи физика Үшінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Шектібаев Н.Ә.

Курс микроәлем физикасының заңдылықтарын қарастырады. Классикалық және қазіргі заманғы физиканың іргелі заңдары туралы түсініктер мен білімдерді және физикалық өлшеу мен зерттеу әдістерін кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастырады. Микроәлем физикасының заңдылықтарын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер жалпы және теориялық физиканың заңдылықтарын меңгере отырып, күрделі мәселелерді шешуге, заттардың физикалық қасиеттеріне заманауи технологиялар негізінде ғылыми зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

-

-

баяндау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер.

 

1ПОН 1 - Заманауи физикасының өзекті мәселелерін, негізгі теңдеулері мен ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруде білімдерін кеңейте біледі;
2ПОН 2 - Заманауи физикасының заңдылықтарын зерттеу үшін жаңа зерттеу әдістер арқылы алынған нәтижелерді талдай отырып, ғылыми қоғамға кіре алады.
3ПОН 3 - Физикасының заңдылықтарын макроскопиялық және микроскопиялық зерттеулердің маңыздылығын түсінеді;
4ПОН 4 - Физика ғылымындағы ең соңғы жылдардағы ғылыми жаңалықтардың нәтижелерін толық әрі нақты жеткізе алды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Классикалық физикаға қысқаша шолу.
2Арнайы салыстырмалы теория. Салыстырмалықтың классикалық қатынасы. Майкельсон-Морли эксперименті.
3Эйнштейн постулаттары. Эйнштейн постулаттарының салдары. Лоренц түрлендірулері. Релятивистік динамика.
4Электромагниттік сәулелердің корпускулалық қасиеттері. Электромагниттік толқындарға шолу. Фотоэлектрлік эффект. Жылулық сәулелену. Комптон эффектісі.
5Де Бройль гипотезасы. Де Бройль толқындарына тәжірибелік дәлелдемелер.
6Классикалық толқын үшін анықталмағандық қатынасы. Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасы.
7Шредингер Теңдеуі. Бөлу шекарасындағы толқындардың таралуы. Бөлшектің шектелуі. Шредингер теңдеуі.
8Атомдардың негізгі қасиеттері. Томсон моделіндегі шашырау.
9Резерфордтың ядролық атомы. Сызықтық спектрлер. Бор үлгісі. Франк-Герц тәжірибесі.
10Бір өлшемді атом. Сутегі атомындағы бұрыштық момент.
11Зееман эффектісі. Жұқа құрылым
12Паулидің тыйым салу принципі. Көпэлектронды атомдарға электрондық күйлер.
13Сыртқы электрондар: экрандалу және оптикалық ауысулар. Элементтердің қасиеттері.
14Ішкі электрондар: жұтылу шекарасы және рентген сәулелері. Бұрыштық моменттерді қосу. Лазерлер.
15Молекулалық құрылымдар. Сутегі молекуласы. Молекуладағы ковалентті байланыс. Иондық байланыс. Молекулалардың тербелістеріне шолу. Молекуланың айналуы. Молекулалық спектрлер.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Заманауи физика [Текст]. бөлім 1 / К. С. Крэйн, Н. А. Маженов. - А. : ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. - 540 с. - ISBN 978-601-7427-20-7
22. Университет физикасы және заманауи физика: Оқулық. [Текст]. 14 бас. 2. Том. / Ағылшын тілінен ауд. Мәженов Н., Мәженова О. - Алматы : ҚР ЖОО қауымдастығы, 2017. - 248 с. - ISBN 978-601-7427-83-2
33. Физика есептерін шығару [Текст] / Ә. М. Бектенов, Б. М. Бектенов, М(Л). Б. Бектенов. - А. : ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. - 628 с. - ISBN 978-601-80333-9-1
44. Физика. Современный курс: Учебник / В. А. Никеров. — М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К°», 2012. — 452 с. ISBN 978-5-394-01 133-7.
55. Мифы современной физики. Москва: Либроком, 2012. — 224 с. — (Relata Refero). — ISBN 978-5-397-02589-8
61. Заманауи физика : Оқулық. 2-бөлім / Қазақ тіліне ауд. Н.А. Маженов, Ж.Т. Камбарова, О. Маженова; ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы . - Алматы: ЖШС РПБК 'Дәуір', 2014. - 392 б. - ISBN 978-601-217-503-5.