Стоматология
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ZAP 5227 Зерттеу әдістері және презентация бесінші курс 3 90 15 15 -
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Мамырбекова А.К., Тулешова Э.Ж.

Пән ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастырудың жалпы принциптерін, ғылыми зерттеу бағытын таңдауды және ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдерін, теориялық және эксперименттік зерттеулерді оқытады. Курсты оқу барысында білім алушылар ақпарат іздеу дағдыларын, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде, тақырыптың экономикалық тиімділігін бағалауда идея тудырудың заманауи әдістерін меңгере отырып, зерттелетін аумақтағы мәліметтерді жинақтау және сыни талдау негізінде өз бетінше шешім қабылдау қасиетін дамытады.

Интернатура

Биостатистика, эпидемиология, клиникаға кіріспе және коммуникативтік дағдылар.

MCQ (multiple choice questions) – көп жауапты сұрақтар (тесттер)

OR (oral report) – презентация

PAL (peer-assisted learning) - құрбы-құрдастары арқылы оқыту

SAQ (short answer questions)-қысқа жауапты сұрақтар

SGL (small group learning) - шағын топтарда оқыту

TaskBL (task-based learning) - мәселелерге/есептерге негізделген оқыту

1ПОН 1 - ғылыми-зерттеу қызметінің мәні және оны медицина мен денсаулық сақтауда жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы білімді қалыптастырады.
2ПОН 2 - ғылыми әдебиет түрлері, ғылыми ақпаратты іздеу принциптері, негізгі халықаралық электрондық деректер базасы туралы білімді жүйеге келтіреді.
3ПОН 3 - зерттеу тақырыбы бойынша ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу дағдыларын, зерттеу міндеттерін шешу әдістері мен құралдарын таңдау дағдыларын меңгереді.
4ПОН 4 - кәсіби қызмет саласындағы ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын талдайды, зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибені қоса алғанда, ғылыми зерттеу бағдарламасын әзірлеу дағдыларын меңгереді, жоспарланған зерттеудің ғылыми гипотезаларын, өзектілігі мен ғылыми жаңалығын тұжырымдайды.
5ПОН 5 - алынған нәтижелерді түсіндіреді, ғылыми тұжырымдар мен ғылыми ережелерді тұжырымдайды, алынған деректерді баспа ғылыми басылымдарында, сондай-ақ ауызша баяндамалар мен мультимедиялық презентацияларда баяндайды.
6ПОН 6 - этикалық нормаларға сәйкес кәсіби қызметті құру дағдыларын қолданады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Ғылымның анықтамалары, мақсаты мен міндеттері. Ғылымның негізгі даму кезеңдері. Қазақстанда және әлемде медицина ғылымының дамуы
2Денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулердің жіктелуі.
3Көлденең зерттеулер: жоспарлау, іріктеу мөлшері, деректерді талдау. Әдіснаманың теориялық негіздері, көлденең зерттеулердің артықшылықтары мен кемшіліктері.
4Медицинада және қоғамдық денсаулық сақтауда экологиялық зерттеулерді қолдану. Жоспарлаудың негізгі принциптері, оларды жүргізу және статистикалық деректерді талдау
5Денсаулық сақтаудағы «жағдай-бақылау» зерттеулер. Денсаулық сақтаудағы «жағдай-бақылау» зерттеулерді жоспарлаудың, жүргізудің және деректерді статистикалық өңдеудің негізгі қағидаттары.
6Ғылыми және медициналық практикадағы когорттық зерттеулер. Денсаулық сақтаудағы когорт-тық зерттеулер деректерін жоспарлаудың, жүргізудің және статистикалық өңдеудің негізгі қағидаттары.
7Медицина мен қоғамдық денсаулық сақтаудағы сапалы зерттеулер. Жіктелуі, артықшылықтары мен кемшіліктері.
8Медицина және денсаулық сақтау саласындағы эксперименттік зерттеулер: жоспарлау, деректерді өңдеу, Нәтижелерді түсіндіру.
9Ғылыми зерттеулердің бағыттарын таңдау. Ғылыми-техникалық мәселелерді қою және ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңдері.
10Халықаралық реферативті және библиографиялық мәліметтер базасы. Ғылыми ақпаратты іздеу, бағыттау және өңдеу.
11Ғылыми-зерттеу жұмысы. Ғылыми зерттеу нәтижелерін ресімдеу.
12Ақпаратты ауызша ұсыну. Ғылыми жұмыстың қорытындыларын сипаттау мен дәлелдеу.
13Медициналық деректерді статистикалық талдау әдістері. Медицинадағы статистикалық мәліметтер түрлері.
14Медициналық зерттеулердегі этикалық принциптері мен нормалары. Хельсинки декларациясы.
15Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша презентация мен баяндама дайындау.
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Клиникалық медицинадағы және қоғамдық денсаулық сақтауда ғылыми зерттеулердің негізгі түрлері: жоспарлау, іріктемені есептеу және мәліметтерді талдау. Оқу құралы. 2017. Г.О. Нускабаева, М.Б. Жунисова, К.Ж. Садыкова, А.М.Гржибовский.
2Академиялық адалдық және ғылыми-зерттеу жұмысын жазу техникасы. Оқу-әдістемелік құрал. 2020. С.М. Сапина, Б.Б.Динаева.
3Жоғары мектеп педагогикасы. Оқу құралы. 2020. Қ.Қ. Шалғынбаева, Н.П. Албытова, Т.С.Сламбекова.