Электр энергетика
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
YEKK 32104 ҚАЙТА ЖАҢАРАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ Бірінші курс 3 90 1 1 1
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
XX

Пән жаңартылатын энергия көздерін, оларды елдің жалпы энергия теңгерімінде пайдалануды, энергияны ЖЭК технологияларында түрлендіру принциптерін оқып үйренуді мақсат етеді. Жаңартылатын энергия көздері түрлерінің алуан түрлілігі, қазіргі уақытта және перспективада олардың әлеуеті, пайдалану процесінде осындай энергия қондырғыларының негізгі элементтерінің жұмыс жағдайлары, ЖЭК негізінде энергия қондырғылары жүйелерінің жұмысын басқару ұйымдарының құрылымы, ЖЭК технологиясының қоршаған ортаға және экологияға әсері зерделенеді.  

Электр станциялары, Электрмен жабдықтау, Жарықтандыру технологиясы және жобалау.

---

Топпен жұмыс,  миға шабуыл, баяндау, дамыта оқыту әдісі, креативтілік оқыту әдістері.

1жаңғыртылатын энергия көздерін түрлендіретін жүйелерді, қондырғыларды, механизмдер мен әдістерді біледі.
2өндірісте жаңғыртылатын энергия көздері технологиялары мен әдістерін қолдану бойынша практикалық мәселелерін тұжырымдайды.
3күн және жел энергиясын жылу мен электр энергиясының көзі ретінде қолдану.
4жаңғыртылатын энергия көздері негізіндегі электр қондырғыларды таңдайды және практикалық есептеулерді жүргізеді.
5жаңғыртылатын энергия көздері қондырғыларын пайдалану бойынша техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын ұйымдастырады.
6жаңғыртылатын энергия көздеріне негізделген энергетикалық қондырғыларда жүретін процестерді математикалық үлгілеу, есептеме әдістерін үйренеді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Кіріспе. Қалыптаспаған және жаңғыртылатын энергия көздерінің энергетикалық қорлары. Қазақстандағы жаңғырылатын энергия көздерінің күй-жағдайлары мен болашағы.
2Күн энергиясы. Күн сәулесінің таралуы мен оның сипаттамасы. Күн жылу жүйесінің энергетикалық көрсеткіштерін анықтау есебі.
3Күн сәулесінің жер атмосферасымен өзара әсерлесуі.Күн электр стансасының оптика-энергетикалық көрсеткіштерін анықтау есебі.
4Аспан сферасындағы негізгі нүктелер және шеңберлер. Күн коллекторының көлбей бетіне түсетін күн радиациясы қарқындылығының есебі.
5Күн энергиясын жылу энергиясына түрлендіретін Гелиожүйелер.
6Күн қондырғыларының негізгі элементтері, жұмыс істеу тәртібі және құрылымы. Геотермальды электр стансасының энергетикалық көрсеткіштерін анықтау есебі.
7Күн коллекторларының жұмыс принципі. Күн фотоэлектрлік қондырғысының энергетикалық көрсеткіштерін анықтау есебі. Күн коллекторларының тиімділігін арттыратын тәсілдер.
8Күн электр стансасы және күн пештері. Мұнаралы және модульді күн электр стансасы. Күн фотоэлементтерінің негізгі материалдары және фотомодулды жасау технологиясы.
9Жел энергиясы. Қазақстанның аймақтарында жел энергиясын пайдалану мүмкіндігі. Жел қондырғысының қуаттылығын анықтау есебі.
10Жел қондырғысының түрлері және құрылымы. Жел энергиясын түрлендірудің теориялық негізі
11Гидроэнергетикалық ресурстар және су ағынының жұмысы.
12Гидроэлектрстансаның негізгі компоненттері және құрылымдық сұлбасы. Гидравликалық турбиналар.
13Биомаңыз энергиясы. Биоэнергетика қорын пайдалану жолдары. Биогаз қондырғысының энергетикалық көрсеткіштерін анықтау есебі.
14Геотермальды энергия көздері. Геотермальды стансалардың жұмыс істеу тәртібі.
15Мұхиттар мен теңіздердің энергетикалық қоры. Толқын энергияларын түрлендіру негіздері.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Т.Қ.Қойшиев.Жаңғыртылған энергия көздері: Оқу құралы.Алматы: 2013. 256 бет.
2Н.Т.Рустамов, Б.Н.Қуатбеков Магнитті қалақшалары бар жел энергетикалық қондырғы: Монография. Түркістан: Тұран баспасы. 2018. 101бет
3Мусабеков, К. М. Возобновляемые источники энергии. - Шымкент.: Әлем., 2016. - 112. С
4Қойшиев Т., Меирбекова О. Қайта жаңғырылатын энергия көздері, Оқу құралы, Түркістан, 2018.