Электр энергетика
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
TTM 4303 Трансформаторларды жобалау және құрастыру Үшінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Жаманкулов Ерболсын

Пән үшфазалы тізбектің симметриялық емес режимдерін симметриялық құрауыштар әдісімен динамикалық жүктемемен есептеу әдістемесін үйретеді. Синусоидалы емес токтар мен кернеулер кезінде электр тізбектерін талдау ерекшеліктерін, тұрақты және айнымалы токтардың сызықсыз тізбектерін, магниттік тізбектерді есептеу жолдарын қарастырады.

Электр машиналары, Электр станцияларын жобалау, Электр станцияларының, электр жабдықтарын пайдалану, Электр аппараттары және өлшеу техникасы.

Физика 1, Мамандыққа кіріспе, Қайта жаңаратын энергия көздерін пайдалану.                          

Топпен жұмыс, дамыта оқыту әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, проблемалық оқу әдістері.

1электр энергетикасы обьектілері саласы бойынша теориялық мәліметтерді жинақтай алады.
2электр энергетикасы обьектілері саласы бойынша негізгі процестерді біледі, талдай алады және теориялық білімін көрсетеді.
3электр энергетикасы обьектілері жұмысы негізгі құбылыстарды, қондырғылар мен кешендердегі өтетін процестерді талдауда өз бетінше шешімдер қабылдай алады, көшбасшылық қабілетін көрсете алады.
4электр машиналарының параметрлерін сипаттай алады.
5автоматтандырылған электр жетектерінің элементтерін таңдай алады.
6электр энергетикасы обьектілеріндегі негізгі қондырғылардың, электр машиналарының, автоматтандырылған электр жетектері элементтерінің негізгі ғылыми тұжырымдамаларды кәсіби қызметтегі жалпы мәселелермен байланыстыру ерекшеліктерін біледі.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
2Трансформаторлар. Трансформаторлардың энергетикадағы орны мен міндеті.
3Трансформаторлардың жұмыс істеу принципі мен конструкциясы. Трансформатордың сұлбасы.
4Трансформатордың магнит өзектері, материалы және оны дайындау технологиясы.
5Күштік трансформаторлар құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Күштік трансформаторлардың жүктелу қабілеті.
6Автотрансформатордың жұмыс режимдері және құрылысы. Үш орамды трансформатордың автотрансформаторлық режимі.
7Өлшеуіш трансформаторлар: кернеу трансформаторы, ток трансформаторы.
8Трансформатордың сыртқы сипаттамасы. Трансформатордың екінші кернеуінің жүктеме тоғына тәуелділігі.
9Трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті. Трансформатордың электрлік және магниттік шығындары.
10Электрэнергиясынтрансформациялаудыңэлектрфизикалықпроцестері.
11Трансформаторлардың жұмыс режимдері. Трансформатордың номинал жұмыс режимі. Трансформатордың бос жүріс режимі.
12Трансформатордың параллель жұмысы. Трансформаторларды параллель жұмысқа қосу үшін қойылатын негізгі талаптар.
13Трансформаторлардың салқындату жүйелері. Трансформаторларды табиғи ауамен салқындату әдісі. Трансформаторларды желдеткіш арқылы маймен салқындату әдісі.
14Үшфазалы трансформаторлар орамдарының белгіленуі жәнежалғану топтары. Үшфазалы трансформаторлардың орамаларын жалғау топтары.
15Трансформаторларды қорғау. Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Электр станциялары мен қосалқы станциялар: Оқулық.Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы,2014.Хожин Г.
2Электр жабдықтары: Оқу-әдістемелік құрал.Түркістан: Туран, 2018. 96 бет. О.Д.Меирбекова.
3Күштік трансформаторларды есептеу процедурасын алгоритмдеу. Оқу құрал. Түркістан: Тұран, 2017. Н.Т.Рустамов.
4Электронды және өлшеуіш техника негіздері. Оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2015. Жолшараева Т.
5Правила проектирования и монтажа электроустановок . 2013.