Стоматология (ВМ087)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
TN 1278 Модуль - Тіршілік негіздері 1 Бірінші курс 5 150 15 30 -
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Айболова Г.К., Тулешова Э.Ж., Еримова А.Ж., Иманова Д.Н., Нұрдинов Н.С., Минтасова А.С., Аймаханов М.С.

Модуль органикалық химияны, тірі организмдердің жасушалық айырмашылықтарын, молекулалық эволюцияны, биологиялық мембраналарды, жасуша органеллаларын, метаболизм жолдарына қатысатын биомолекулалардың құрылымы мен қызметін және денсаулық сақтау саласындағы негізгі генетикалық тұжырымдамаларды зерттейді. Курс барысында білім алушылар молекулалар, жасушалар, органдар мен жүйелер деңгейінде адамның негізгі дамуын игере отырып, командалық жұмыста коммуникативті дағдыларды, заманауи ақпараттық технологияларды, этикалық принциптерді қолдануға дағдыланады.

Биологиялық химия, Модуль – Морфология және физиология 1.

-

MCQ (multiple choice questions) – көп жауапты сұрақтар (тесттер)

OR (oral report) – презентация

PAL (peer-assisted learning) - құрбы-құрдастары арқылы оқыту

SAQ (short answer questions)-қысқа жауапты сұрақтар

SGL (small group learning) - шағын топтарда оқыту

TaskBL (task-based learning) - мәселелерге/есептерге негізделген оқыту

1МОН1 – тірі ағзаға тән химиялық қосылыстар мен негізгі кластарының химиялық қасиеттері, ағзадағы химиялық процестердің жүруінің жалпы энергетикалық және кинетикалық заңдылықтары туралы білімін ұдайы жақсарта отырып көрсетеді.
2МОН2 – молекулалар, жасушалар, органдар мен жүйелер деңгейінде адамның негізгі дамуын игере отырып, теориялық және практикалық медицинада молекулалық-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптерін үйренеді.
3МОН3 – тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, көбею, биосинтез, қозғыштық, өсу және даму, ақпаратты сақтау және беру, энергияны түрлендіру сияқты тіршіліктің маңызды процестерін молекулалық биология, медициналық генетика және биофизика тұрғысынан түсінеді.
4МОН4 – командалық жұмыста тұлғааралық және коммуникативті дағдыларды қолданады.
5МОН5 – медициналық ақпараттық дерек көздерін пайдалануда заманауи ақпараттық технологияларды қолданады.
6МОН6 – білім беру процесінде және болашақ кәсіби практикасында этикалық принциптерге адалдығын көрсетуді үйренеді.
7МОН7 – адамның негізгі дамуын игере отырып, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу дағдыларын меңгеруде академиялық адалдық қағидаларын сақтауды меңгереді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Молекулалық биология және медициналық генетикаға кіріспе.
2Белоктардың құрылысы мен қызметтері.
3Нуклеин қышқылдары, жіктелуі, құрылысы мен қызметтері.
4ДНҚ-репликациясы. Транскрипция. РНҚ-ның транскрипциядан кейінгі модификациялары.
5Генетикалық код. Ақуыздар биосинтезі немесе трансляция. Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулалық механизмі. Жасушаның генетикалық аппараты.
6Мутациялық өзгергіштік. Мутагенез. Мутагендік факторлар. Мутация типтері. ДНҚ зақымдалуының репарациясы.
7Организмнің тіршілігінде ерітінділердің және биологиялық жүйедегі осмостың маңызы. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер.
8Химиялық кинетика. Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары.
9Сутектік көрсеткіш. Ағзадағы физиологиялық ерітінділердің рН мәні. Буферлі ерітінділер.
10Биогенді s-, p-, d-элементтер және олардың биологиялық маңызы.
11Комплексті қосылыстар және олардың қасиеттері. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық маңызы.
12Дисперсті жүйелер, қасиеттері және олардың медико-биологиялық маңызы. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы. Диализ.
13Биофизика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы. Биологиялық мембрана құрылысы, физикалық қасиеті, оларды зерттеу жолдары. Биологиялық мембраналар арқылы зат тасымалдау.
14Биоэлектрлік потенциал түрлері: тыныштық және әрекет потенциалы. Кардиомиоциттегі әрекет потенциалы.
15Кардиомиоцит фазалары. Эйнтховен теориясы. Электрокардиография (ЭКГ) әдісі
16Кардиомиоциттегі әрекет потенциалы. Кардиомиоцит фазалары. Жүректің электр осі және диполь моменті векторы. Эйнтховен теориясы. ЭКГ.
17ЭКГ құралымен жұмыс істеу және ЭКГ есептеу.
18Қорытынды сабақ.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Молекулалық биология және медициналық генетика. Оқу құралы. 2015. Д.Н. Иманова.
2Генетика және жеке даму. Оқулық. 2016. Б.Ж. Құлтанов.
3Молекулалық биология негіздері. Дәрістер жинағы. 2014. Е.О. Куандыков, Л.Е. Аманжолова.
4Молекулалық биология негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. 2018. Б.Т. Тастемирова.
5Биоорганикалық химия: оқулық. 2014. Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян.
6Химия пәні бойынша тест жинағы. Оқу-әдістемелік құрал. 2020. Пралиева Р.Е.
7Медициналық және биологиялық физика. А.Н.Ремизов, Жалпы ред. бас.:М.А.Абирова. 2019 ж.
8Медициналық биологиялық физика. Оқу құралы. У.А.Байзак, Б.У.Байзакова. 2015 ж.
9Медициналық биофизика пәнін оқуға арналған оқу-әдістемелік нұсқау. Б.С.Уалиханова, Т.А. Тұрмамбеков. - Түркістан: Тұран, 2015 ж.
10Медициналық биология және генетика. 2020. Е.Д. Қуандықов.
11Органикалық химия. 2020. Ә.Қ. Патсаев, Х.Б. Алиханова, А.Е. Бухарбаева
12Медициналық биофизика мен медтехникалар бойынша лабораториялық практикум. Оқу құралы. Ү.А.Байзақ, Қ.Ж.Құдабаев. 2020 ж.
13Медициналық және биологиялық физика негіздері. Оқу құралы. Б.К.Койчубеков, А.А.Айткенова, С.Букеев, Г.Г.Балмагамбетова. 2020 ж.