Химия (Жаратылыстану ғылымдары)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
TIOPCC 5215 Полимерлік композиттер химиясының өзекті мәселелері Бірінші курс 5 150 1 - 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Абжалов Б.С

 

Пәннің мақсаты -мәселені шешуде өз ойын нақты жеткізе отырып табиғи, синтетикалық полимерлерді функционалды зерттеу әдістерін дамытатын полимерлер алу,  полимерлерді химиялық түрлендіру, полимерлерді модификациялау саласы бойынша топта білім қалыптастыру. Полимерлердің түзілу механизмдері мен жылдамдықтарының заманауи теориялық заңдылықтары, олардың қатты фазадағы, ерітіндідегі, балқымадағы құрылымдары мен қасиеттері, сондай-ақ пайдалану кезіндегі қасиеттерінің өзгеруін қарастырады.

-

-

 

Топта жұмыс істеу

Миға шабуыл

Дамытушылық оқыту технологиясы

Кейс-стади әдісі

Шағын зерттеу әдіс

1Полимерлер химиясы туралы ұғымдары біледі және қасиеттерін заманауи әдістермен зерттейді.
2Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясының негізіне сүйене отырып, жоғарғы молекулалы қосылыстар химиясының жіктелінуін, жоғарғы молекулалы қосылыстардың қасиеттерін, құрамын, құрылысын олардың лабораторияда және өнеркәсіптегі алыну әдістерімен танысады, жоғарғы молекулалы қосылыстардың синтезін жүзеге асырады
3Жоғарғы молекулалы қосылыстарды танып білу, жоғарғы молекулалы қосылыстардың жіктелуі, өнеркәсіптік алыну жолдарын, негізгі және анықтамалық әдебиеттерді қолданады, техниканы меңгеру сонымен қатар тәжірибелер жүргізуден алынған фактылардың есебін істейді
4Оқулықтар мен негізгі әдебиеттермен өзіндік жұмыс жүргізеді, химиялық тәжірибелер орындайды, одан алынған мәліметтердің қорытындысын жасайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізгі түсініктері мен аңықтамаларыАуызша
2Полимерлердің тірі табиғаттағы ролі. ЖМҚ химиясының дамуының негізгі тарихи сатылары. Полимерлерді алу. Стиролды блокта термиялық полимерлеу арқылы полистиролды алу.Ауызша
3Полимерлердің номенклатурасы мен классификациясы. Стиролды эмульсияда полимерлеу арқылы полистиролды алу.Жазбаша
4Макромолекулалар және олардың ерітіндідегі қасиеттеріАуызша
5Полимерлер құрылымы. Қоспадағы стиролдың үшфторсірке қышқылы қытысында полимерленуі. Ерітіндідегі стиролдың төртхлорлы қалайы қатысында полимерленуі.Ауызша және жазбаша
6Полимерлердің молекулалық массасын анықтау әдістері Иондық полимеризация. Қышқыл ортада фенолды-формальдегидтік олигомерлерді фенол мен формальдегидті поликонденсациялау арқылы алуСұрақ-жауап
7Сілтілі ортада резолдық типті фенолды-формальдегидтік олигомерлерді фенол мен формальдегидті поликонденсациялау арқылы алу.Жазбаша
8Полиқосылыстар. Полиэпоксид ЕД-20 алынуы. Полиэпоксид ЕД-8 алынуы.Жазбаша
9Полимерлер синтезі Полимерлердің химиялық өзгеруі. Поливинил спиртінің этерификациясы мен поливинилацетатының алынуы.Ауызша
10Иондық полимерлену Полимерлердің физикалық және физика-химиялық зерттеу әдістері. Полимерлердің молекулалық массасын вискозиметриялық әдіспен анықтау.Ауызша және жазбаша
11Вискозиметриялық әдіспен полимер молекулаларының көпдис-перстілігін анықтау. Полимер макромолекулаларының көпдисперстілігін турбиметриялық титрлеу әдісімен анықтау.Жазбаша
12Анионды полимерлену Полимерлердің механикалық қасиетін зерттеу.Жазбаша
13Поликонденсациялау. Полимерлердің ісіну процестерін талдау.Жазбаша
14Қаттылықты Роквелль бойынша анықтау. Пласт-массалардың химиялық төзімділігін және қаттылығын анықтау әдістері.Ауызша және жазбаша
15Полимерлерді химиялық түрлендіру. Полимерлі реакциялардың ерекшеліктері Әртүрлі факторлардың жоғары молекулярлы қосылыстардың ісіну дәрежесіне әсері.Ауызша және жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Тугелбаева Л.М. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясының теориялық негіздері. Оқу құралы. 2020.
2Холмберг К. Сулы ерітінділердегі бетті-активті заттар және полимерлер. Оқулық. 2017.
3Рахметуллаева Р.К. Токтабаева А.К. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы бойынша есептер жинағы. Оқу құралы. Алматы, 2017.
4Тоқтабаева Ә.Қ., Тумабаева А.М. Полимерлі материалдардың сапасын бақылау. Оқу құралы. Алматы, 2016.
5Рахметуллаева Р.Қ. Жаңа полимерлі материалдар. Оқу құралы. Алматы, 2016.
6Беляев А. П., Кучук В. И. Физическая и коллоидная химия,. Учебное пособие. Алматы 2014.