Стоматология (ВМ087)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
SRD 43154 Стоматологиядағы радиологиялық диагностика төртінші курс 7 210 30 60 -
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
Ирисметов С.М. Баймырза К.Е.

Пән   стоматологиялық  науқастарға  дұрыс  нақтама  қою  кезінде  қолданылатын радиологиялық  әдістерді,   рентгенологиялық  диагнозды  басқа  клиникалық  нәтижелермен байланыстыруды  және   радиациялық  әсер  ету  жағдайында  адам  ағзасындағы морфофункционалды,  физиологиялық  күйлер  мен  патологиялық  процестерді  дұрыс бағалауды  оқытады.  Курс  барысында  білім  алушылар  рентгенографиялық  кескіндерді интерпретациялау,  сәулелік  диагностика  кабинеттерінің  негізгі  медициналық құжаттамаларын  дұрыс  жүргізу  және  радиациялық  қауіпсіздік  пен  қорғаныс  шараларын жүзеге асыру дағдыларын меңгереді

Имплантология, Модуль-Жақ бет хирургиясы, жақ бет протезі,  Эндодонтия, Балалар стоматологиясы-2

Балалар  стоматологиясы 1, Пародонтология негіздері

ауызша талдау, есептер шығару, тапсырмаларды орындау, студенттердің білім деңгейін бақылау, құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс, MCQ, PAL, SAQ, SGL, TaskBL, TBL.

1ПОН1 – стоматологиялық науқастарға дұрыс нақтама қою кезінде қолданылатын радиологиялық әдістерді үйренеді. ПОН2 – Бас сүйегі,жақ бет аймағы,тіс-жақ жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктерін, патологиялық жағдайдағы рентгенологиялық көріністерінің маңыздылығы туралы білім қалыптастырады. ПОН3 – Стоматологиялық емхананың рентгенологиялық бөлімшесін (кабинетін) ұйымдастыру барысында сақтық шаралар мен қолдану көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, асептика-антисептика ережелерін сақтау принциптерін меңгереді. ПОН4 – Жақ бет аймағының қабыну аурулары ,тіс жегі және тіс жегілік емес қабыну аурулары кезіндегі диагностикалау мақсатында радиологиялық тексеру әдістерінің түрлерін үйренеді.
2ПОН5 – ауыз қуысы және жақ-бет аймағының ауруларын диагностикалау және емдеудегі жалпы тәжірибелі стоматологтың бастапқы кәсіби мануалдық дағдыларын қалыптастырады.
3ПОН6 –стоматологияда радиологиялық көмекті ұйымдастыру барысында денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасын басшылыққа алудың қажеттілігін біледі.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Стоматологиялық емхананың рентгенологиялық бөлімшесін (кабинетін) ұйымдастыру
2Сәулелі диагностиканың негізгі принциптері мен мазмұны
3Ультрадыбыс әдістің негіздері және клиникалық қолданылуы
4Бас сүйек және бас миының аурулары мен зақымдалуының сәулелі диагностикасы
5Тіс ауруымен ақаулардың радиологиялық диагнозы
6Жоғарғы және төменгі жақ-сүйектерінің жарақаттарының радиологиялық диагнозы
7Самай төменгі-жақ буыны жарақаттарының сәулелік диагностикасы
8Тіс жегісі және тіс жегісі емес зақымдану кезінде рентгенографияны қолдану тактикасы
9Пародонт ауруларының сәулелік диагностикасы және жақсүйектерінің радиологиялық зақымдануы
10Сілекей бездерінің қабыну ауруларының сәулелік диагностикасы. Синуситтер
11Киста және жақ ісіктерінің сәулелік диагностикасы
12Рентгенологиялық әдістің негіздері және клиникалық қолданылуы
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Сәулелі диагностика. Оқулық.2014. қазақ тіліне аударған А.Б.Ахметбаева 2.Стоматологиядағы сәулелік диагностика. Оқу-құралы 2018. Н.И.Исаев, А.Б.Убайдаева