Стоматология (ВМ087)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
SMK 2285 Стоматологиядағы материалдардың құрылымы Үшінші курс 3 90 1 2 -
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
Рахматуллаев Хурматжан

протездеудің клиникалық және зертханалық кезеңдерінде ортопедиялық стоматологияда заманауи материалдарды қолдану аспектілерін, материалтану негіздерін, олардың химиялық табиғатына және қолдану технологиясына байланысты материалдардың параметрлерінің айырмашылығын, сонымен қатар, стоматологиялық тәжірибеде материалдарды таңдаудың ғылыми негізделген дәректерін оқытады. Курс барысында білім алушылар пациенттерге тиімді стоматологиялық көмек көрсету үшін, яғни стоматологиялық реставрациялардың эстетикасына, функционалдық толықтығына және ұзақ мерзімділігіне қол жеткізу дұрыс материалдарды таңдау дағдыларын меңгереді.

Модуль-Стоматология негіздері (Терапиялық, ортопедиялық және хирургиялық стоматология негіздері)

Тіс морфологиясы және физиологиясы

Ауызша талдау, тест алу, тәжірибелік дағдыларды нығайту: оқу бағдарламасында қамтытылған тәжірибелік жұмыстарды орындау, құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс, MCQ, PAL, SAQ, SC, SGL, TaskBL, TBL.

1ПОН1 –Стоматологиядағы реставрация мен протездеудің клиникалық және зертханалық кезеңдерін, стоматологияда заманауи материалдарды қолдану аспектілерін үйренеді.
2ПОН2 – Тіс протездерін және пломбалық материалдарды жасауда қолданылатын материалдардың химиялық құрамы, физикалық қасиеттері және тағайындалуы туралы білімін қалыптастырады.
3ПОН3-Протездеу және реставрациялау үрдістерінің эстетикалық жағдайы, функциональдық толықтылығы және ұзақ мерзімділігіне қол жеткізу үшін дұрыс материалдарды таңдау дағдыларын меңгереді.
4ПОН4-Қолдану технологиясына байланысты стоматологиялық материалдардың параметрлерінің айырмашылығын және клиникалық тәжірибеде материалдарды таңдаудың ғылыми негізделген дәректерін тиімді қолдануға машықтанады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Материалдардың ерекшеліктері, физикалық, механикалық , химиялық қасиеттері, жіктелуі, қолданылуы, технологиялық қасиеттері. Химиялық құрылымы және қолданылуы. Негізі және көмеші материалдар. ЖіктелуіТәжірибелік
2Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын балауыздың түрлері, қасиеті, қолдануға көрсеткіші.Тәжірибелік
3Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын металл құймаларТәжірибелік
4Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын керамикалық массалар.Тәжірибелік
5Ортопедиялық стоматологияда пайдаланылатын материалдардың адам организмімен өзара әрекеттесуіТәжірибелік
6Тістің қуыстарын толтыруға арналған материалдарТәжірибелік
7Полимерлер туралы түсінік. Түрлері, қолданлылуы.Тәжірибелік
8Базистік полимерлер, түрлері, физмко механикалық, технологиялық қасиеттері, қолдануға көрсеткіштері. Акрилдік базистик полимерлер. Негізгі пластмассалар және олардың қасиеттеріТәжірибелік
9Байланыстыратын материалдар. Тістердің фиссуралары мен щұңқырларын толтыруға арналған материалдар.Тәжірибелік
10Стоматологияда қаптама үшін арналған материалдар. Пломбалар туралы жалпы мәліметтер, олардың қасиеттері және қолданылуы.Тәжірибелік
11Шыныиономерлер. Цементтер туралы жалпы түсінік. Олардың қасиеттері. Цинк силикат фосфатты цемент. Цинк поликарбоксилатты цементтер. Полимерлер негізіндегі цементтер.Тәжірибелік
12Мүсіндеуіш балауыздар. Балауызбен жұмыс істеуге арналған құрал саймандар мен жабдықтар.Тәжірибелік
13Абрaзивті материалдар. Тегістеуші заттар және өңдеуші, жылтыратушы заттар.Тәжірибелік
14Ортопедиялық стоматологияда пайдаланылатын қымбат металдар, классификациясы. Амальгамма.Тәжірибелік
15Балалар тіс дәрігері тәжірибесінде пломбалық материалдарын пайдалану.Тәжірибелік
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1.С.Рузуддинов, А.А.Седунов, А Ю.Құлманбетов, С.Лобанов (2015). Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы. Оқулық. Э.А. Базиякян, О.О.Янушевич, Г.Л.Қасенова, Ғ.С.Абылқаирова (2015). Пропедевтикалық стоматология. Оқулық. С.Ж.Әлімжанов (2014). Ортопедиялық конструкцияларды дайындаудың клиникалық-лабораториялық кезеңдері.