Физика
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
RA4KDZhOF 3303219 Қатты денелер және жартылай өткізгіштер физикасы Үшінші курс 6 180 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Курбанбеков Ш.Р.

Қатты денелердің байланыс түрлерін, негізгі ұғымдарын, ішкі құрымын және олардың қатты денелердің физикалық қасиеттеріне әсерін, жартылай өткізгіштер қасиеттері және олармен байланысты нақты мәселелерді шешу әдістерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер қатты күйдегі жартылай өткізгіштердің қасиеттерін анықтау және жартылай өткізгіштермен байланысты нақты мәселелерді шешу әдістерін сонымен қатар жартылай өткізгіш құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін меңгереді.

-

-

1. Топпен жұмыс

2. модульдік оқыту технологиясы

3. Case-study әдісі.

1ОН 6 - жалпы және теориялық физика курсының заңдылықтарын меңгере отырып, күрделі есептерді шешуде ғылыми сараптаудың түрлі әдістерін ұсынады
2ОН 7– математикалық аппарат пен математикалық әдістерді қолдана отырып, жалпы және теориялық физиканың негізгі түсініктерін, заңдары мен модельдерін және оларды практикалық қолдану заңдылықтарын көрсетеді
3ОН 10 - физикалық объектілерді бақылау, жіктеу, салыстыру, суреттеу және сараптау арқылы, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Кристалл торлары. Қатты денелердегі анизотропия. Моно- және поликристалды қатты денелер Химиялық элементтердің кристалдық құрылымдары. Полиморфизм құбылысы.Ауызша және жазбаша
2Атомдарды жақындатқанда электрон күйлерінің өзгеруі. Кристал пайда болғанда еркін атомдар энергетикалық деңгейлерінің зона энергетикалық деңгейіне өтуі. Кристал энергетика зоналарының «ішкі» құрылымы.Ауызша және жазбаша
3Механикалық екілену. Кристалдар ығысуының практикалық және теориялық беріктілігі. Дислокация жөнінде жалпы түсінік. Дислокация көздеріАуызша және жазбаша
4Қатты денелердің жылулық қасиеттері. Қатты дене жылу сыйымдылығының классикалық теориясы. Эйнштейн бойынша жылу сыйымдылығының кванттық теориясы. Дебай теориясы. Қатты денелердің жылулық кеңеюі.Ауызша және жазбаша
5Кемтік жөнінде түсінік. Зонаны электрондармен толтыру. Энергетикалық деңгейлерді эксперименталды зерттеу. Сыртқы өрісте толық және жартылай толтырылған зонадағы электрондардың қасиеттері.Ауызша және жазбаша
6Ферромагниттердің магниттік қасиеттеріне температураның әсері. Магнитострикция. Атомдардың магниттік қасиеттері. Атомның орбитальдық магнит моменті. Ядроның магнит моменті. Магнит материалдарды классификациялау.Ауызша және жазбаша
7Кристалдардағы құрылым жетіспеушілігі және ақаулар. Серпімді және пластикалық деформация. Кристалдардың пластиктивті ағуының негізгі заңдылықтары.Ауызша және жазбаша
8Диамагнетизм, парамагнетизм табиғаттары. Парамагнетизмнің клакссикалық теориясы. Парамагнетизмнің кванттық теориясы. Еркін электрондардың парамагнетизмі.Ауызша және жазбаша
9Ферромагнетизмнің табиғаты. Элементар ферромагнетизм. Ферромагнетизм пайда болуында ауысу әсерлесудің ролі. Ферромагнеттік денелердің домендік құрылымы. Магниттеліну қисығының сапалы талдануы. Антиферромагнетизм. Ферримагнетизм. Ферриттер.Ауызша және жазбаша
10Металдардың электр өткізгіштігі. Металдардың электр өткізгіштігінің классикалық, кванттық теориялары. Асқын өткізгіштік құбылысы. Люминесценция. Вавилов заңы. Холл эффекті.Ауызша және жазбаша
11Қымбат кристалды тастардың шығу тегі мен құрылымы.Ауызша және жазбаша
12Магнетиктердегі магнит өрісі. Ферромагнетик денелердің магниттік қасиеттері. Магниттеліну қисығы. Баркгаузен эффекті. Магниттік гистерезис.Ауызша және жазбаша
13Қымбат кристалды тастардың оптикалық қасиеттеріАуызша және жазбаша
14Сұйық кристалдардың жіктелуі және олардың физикалық қасиеттеріАуызша және жазбаша
15Алмаз және рубинді кеңінен қолданудың жаңа перспективалары.Ауызша және жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. К.А.Тауасаров, Б.З.Мансуров. Қатты дене физикасы. Оқу құралы. 2-кітап. - Алматы: Қазақ ун-ті, 2017 ж., – 309 б.
22. А. Г . Багмут, А. А . Дроздова. Основы физики твердого тела: учеб.- метод. Пособ. – Харьков: НТУ , 2018 г., – 100стр.
33. Ə. Жүсіпбеков, Д. Ходжибергенов. Қатты дененің құрылысы мен қасиеті: оқу құралы / - Алматы : Эпиграф, 2016 ж., - 92 б.
41. Т.Б. Күреңкеев. Қатты дененің теориясы. (конденсацияланған ортаның физикасы): Оқулық. - Алматы : Дәуір, 2013 ж., – 376 б.
52. В.А. Пустоваров. Люминесценция твердых тел: учебное пособие. – Екатинбург: Издательство Уральского университета, 2017 г., – 128 стр.