Жалпы медицина
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
PF 3208 Патологиялық физиология Үшінші курс 5 150 3 1
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
м.ғ.к., қауым. проф. м.а. Ходжаев Нурлан Кенжетуреевич

Патологиялық физиология іргелі медициналық-биологиялық пән болып, науқас организмінде болатын өмірлік үрдістерлің негізін түсіну үшін теориялық негіз болып табылады.Патологиялық физиология негізгі ғылым және оқу пәні ретінде. Патофизиологияның оқу курсының құрылымы; жалпы патологиялық физиология (жалпы нозология; біртектес дерттік үрдістер); жеке патологиялық физиология (ағзалар және жүйелер патофизиологиясы). Патологиялық физиологияның объектісі және әдістері. Патофизиология және клиникалық медицинаның дамуы үшін тәжірибенің маңызы. Медициналық-биологиялық тәжірибелерді құру және олардың нәтижелерін түсіндірудің жалпы ұстанымдары. Патофизиологиялық тәжірибенің сатылары. Патофизиологиялық тәжірибеде қолданылатын қазіргі кездегі әдістер. Үлгілеу, оның мүмкіншіліктері және шектелуі. Адамның әр түрлі дерттік үрдістерін және қорғаныстық-бейімделулік серпілістерін жануарларда үлгілеу; салыстырмалы-эволюциялық әдістің маңызы. Жануарларға тәжірибе жасаудың адамгершілік-әдептік аспектілері. Тәжірибелік емдеу – ауруларды зерттеудің және емдеудің жаңа әдістерін дайындаудың маңызды әдісі ретінде.

Мүшелер мен жүйелердегі патологиялық физиология, мүшелер мен жүйелердегі патологиялық анатомия, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, акушерлік іс және гинекология, балалар аурулары, сот медицинасы және дәрігерлік құқық

Гистология негіздері, анатомия негіздері және медициналық терминология, Физиология  негіздері, гистология және эмбриология, қалыпты физиология

Дәріс: баяндау, пікір алмасу, пікір таласу, проблемалық әдістер.

Тәжірибелік сабақтар: тәжірибелік жұмыстарды орындау (лабараториялық жануарларға тә-жірибе жасау, потофизиологиялық әдістерді меңгеру, аспаптармен жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды рәсімдеу), сынамадан өту, ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу, іскер ойындар өткізу жағдайларды үлгілеу, шағын топтарда (SGL) жұмыс істеу.

Білім алушылардың өзіндік жұмыс (БӨЖ): әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық қорымен және компъютерлік оқыту бағдарламасы мен жұмыс, глоссарийді құрастыру, сынамалық тапсырмаларды және әр түрлі күрделі деңгеидегі ситуациялық есептерді шығару, зертханалық көрсеткіштерді талдау, көрсетілімдерді, тақырыптық рефератарды, эссе дайындау.

Оқытушымен бірге орындалатын өзіндік жұмыс (ОБӨЖ): Әдебиет және интернет жүйесіндегі ақпараттармен жұмыс жасау, түсінбеген сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу.

1ПОН 1-арттырған білімдерін клиникалық пәндерді оқуында және келешек емдеу-алдын алу іс-әрекеттерінде қолданады
2ПОН 2- кез келген аурулардың негізінде жататын біртектес патологиялық процесстерін анықтайды.
3ПОН 3- ауру туындауында, дамуында және аяқталуында себептер, шарт-жағдайлар, организм реактивтілігі және төзімділігінің алған орнын тани біледі.
4ПОН 4- клиникалық патологияны зерттеу үшін іске асырылған тәжірибенің маңызын түсінеді.
5ПОН 5- патологиялық физиологияның профилактикалық және клиникалық медицина үшін маңызын, зерттеу тәсілдерін, басқада медицина-биологиялық және медициналық пәндермен болған байланысын қолданады
6ПОН 6- тәжірибелік емдеу – ауруларды зерттеудің және емдеудің жаңа әдістерінің маңызын біледі.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Патофизиология пәні, мақсаты, міндеттері және әдістері. Ауру туралы жалпы ілім.АуызшаСұрақ-жауаптест
2Жалпы этиология. Сыртқы орта факторларының организмге патогенді әсері.АуызшаСұрақ-жауаптест
3АллергияАуызшаСұрақ-жауаптест
4Зақымдалуға организмнің жергілікті және жалпы жауап серпілістері.Сұрақ-жауаптест
5Өспелік өсуАуызшаСұрақ-жауаптест
6Шеткері қанайналым бұзылыстары.АуызшаСұрақ-жауаптест
7Тұқым қуалаушылықтың дерттегі маңызыАуызшаСұрақ-жауаптест
8Гипоксия.АуызшаСұрақ-жауаптест
9Қабыну.АуызшаСұрақ-жауаптест
10Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің дерттегі маңызы.АуызшаСұрақ-жауаптест
11Қызба.АуызшаСұрақ-жауаптест
12Су-электролиттік алмасуының бұзылыстарыАуызшаСұрақ-жауаптест
13Қышқылдық-сілтілік тепе тендігінің бұзылыстарыАуызшаСұрақ-жауаптест
14Көмірсулар алмасуының бұзылыстарыАуызшаСұрақ-жауаптест
15Май және ақуыз алмасуының бұзылыстарыАуызшаСұрақ-жауаптест
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Патофизиология / редакциясын басқарған В.В. Новицкий, Е.Д. Гольдберг, О.И. Уразова; қазақ тіліне аударылған оқулықтың жалпы редакциясын басқарған Б.А. Жетпісбаев.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2018.- І том.- 640б. ISBN – 978-5-9704-4061-2 2. Патологиялық физиология. Оқу құралы: тәжірибелік сабақтарға нұсқау / редакциясын басқарған В.В. Новицкий, О.И. Уразова; қазақ тіліне аударған және редакцияланған С.Б. Жәутікова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014.- 768б. ISBN – 978-5-9704-3076-7