Сабақтың коды | Курс аты | Сынып | Академиялық кредит | Cағат | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Men 1289 | Менеджмент | Бірінші курс | 5 | 150 | 1 | 2 | 0 |
Пән білімгерлерді менеджменттің ерекшеліктерін, технологиялық тәсілге негізделген ұйымдастырушылық жүйесін, ұйым қызметінің әртүрлі аспектілеріндегі басқаруға байланысты практикалық мәселелерін шешуге үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер ұйым туралы түсініктерін, оның түрлерін, ұйымның ішкі және сыртқы орталарын талдау дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ қазіргі заманғы ұйым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеуді үйренеді.
Топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, проблемалық шығарма әдісі.
1 | мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады, басқару еңбегінің мәні, басқарудың әдістері, қағидалары, қызметтері, басқару стильдері және кәсіпорын қызметінің жеке сфераларындағы басқару ерекшеліктері жөнінде түсініктерін біледі |
2 | жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді, басқарушылық процестердің, негізгі ұйымдық құрылымдардың, менеджердің атқаратын міндеттері мен жұмыс стилінің табиғатын біледі |
3 | барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады, болашақ мамандар жағдайлық және жүйелік ойлануын қалыптастыру және дамыту бойынша дағдыланады. |
4 | әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды кәсіби тұрғыда талдайды, бағалайды және салыстыра алады, өзінің көзқарасын идеялар мен тәжірибе негізінде, басқарушылық шешімдерді қабылдау технологиясын игереді. |
5 | байланыстырушы үдерістерді, топтық динамиканы және көшбасшылық стильдерін біледі. |
6 | жоғары деңгейде дәйектейді, ғылымда өзіндік дербестік танытады, отандық және шетелдік менеджменттінің озық тәжірибесін дағдыланады. |
7 | кәсіпорынның қызмет етуіне сыртқы ортаның әсерін бағалау, ұйым қызметіне қойылған талаптарға және болашақта мүмкін болатын өзгерістерге сүйене отырып дұрыс қорытынды жасап, бірнеше баламалар ішінен тиімді шешім қабылдауға икемділік көрсетеді. |
8 | ақпаратты талдау және алынған мәліметтерді басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану, ұйым ресурстарын, яғни еңбек, қаражат, материалдық және т.б. тиімді басқару үшін оларға деген қажеттіліктің қанша екендігін бағалап, оны талдайды. |
Haftalık Konu | Бағалау әдісі | |
---|---|---|
1 | Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде | |
2 | Менеджмент ғылымының эволюциясы | |
3 | Ұйым туралы түсінік және оның түрлері | |
4 | Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы | |
5 | Ұйымның этикасы мен әлеуметтік жауапкершілігін басқару | |
6 | Басқарудағы коммуникация | |
7 | Менеджменттегі басқарушылық шешімдер | |
8 | Менеджменттегі жоспарлау | |
9 | Ұйымдастыру менеджменттің қызметі ретінде | |
10 | Мотивация менеджменттің қызметі ретінде | |
11 | Менеджмент жүйесіндегі бақылау | |
12 | Топты басқару және тиімділік | |
13 | Басшылық: билік және ықпал ету | |
14 | Көшбасшылық: басшылық стилі | |
15 | Қайшылықтарды және өзгерістерді басқару |
PÇ1 | PÇ2 | PÇ3 | PÇ4 | PÇ5 | PÇ6 | PÇ7 | PÇ8 | PÇ9 | PÇ10 |
---|
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар | ||
---|---|---|
1 | Рикки У. Гриффин. Менеджмент. Алматы, 12.бас. Оқулық. 2018. | |
2 | Ерманкулова Р.И. Менеджмент ғылымына кіріспе. 2017. Оқулық. | |
3 | Теория и практика менеджмента : Учебник. / Под ред. К.Е. Кубаева; Министерство образования и науки Республики Казахстан; Казахский национальный университет им. аль-Фараби. - Издание 2-е - Алматы: Қазақ университеті, 2020. - 486 c. - ISBN 9965-12-725-5. | |
4 | Бове, Куртланд Л. Қазіргі бизнес-коммуникация [ауд. А. Қуанышбекова; жауапты шығ. М.Бисенбаева]. - 14-бас. - Алматы : 'Ұлттық аударма бюросы' ҚҚ, 2019. - 735 б. |