Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавриат бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MBB 32101 Мемлекеттік басқарудағы болжау Үшінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
А.А. Куралбаев

Пән студенттерде мемлекеттiк деңгейде болжамдық есептеулер жүргiзу дағдысын қалыптастырады. Курс барысында білімгер елдiң және белгілі бір аймақтың, облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының неғұрлым оңтайлы нұсқаларын анықтауды үйренеді; мемлекеттің құрылымдық, инновациялық, фискалдық, монетарлық, бағалық, әлеуметтiк және сыртқы экономикалық саясаттарын тиімді қалыптастыру жөнiнде мәселелерді шешу және оларды жетілдіру жолдарын әзiрлеуді дағдыланады; мемлекеттік басқару бойынша мемлекеттік қызметтің бастапқы кезеңі ретінде болжау және жоспарлау біліктілігін игереді.

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, блиц-сұрақтар, шығармашылық оқыту әдісі, мәселе шешуге бағытталған эссе, проблемалық оқыту әдісі, үнсіз (нұсқау/іс-қимылмен көрсету) әдісі, миға шабуыл, диалог құру, коммуникативті әдіс

1ПОН 1 - ашық статистикалық дереккөздер негізінде болжамның негізгі негіздерін біледі, болжам нәтижелерін алу үшін статистикалық әдістерді қолдана алады
2ПОН 2 - жоспарлар мен бағдарламаларды құрудың негізгі әдістерін біледі: мақсат ағашы мен міндет, шешім ағашы, Ишикава құрылымдық диаграммасы, желілік және күнтізбелік графиктер
3ПОН 3 - ұйымдық деңгейде микрожоспарлау процесін жүргізуді біледі, мақсатты және аймақтық мемлекеттік бағдарламалар аясында макрожоспарлау дағдыларын меңгереді
4ПОН 4 - талдау, болжамды модельдеу, операциялық және стратегиялық жоспарлау құжаттарын құру технологияларын жүзеге асыруға дағдыланады
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарындағы жоспарлау мен болжаудың мәні мен мақсатыАуызша және жазбаша
2Жоспарлау және болжау экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары ретіндеАуызша және жазбаша
3Жоспарлау және болжау әдістерінің эволюциясыАуызша және жазбаша
4Экстраполяция жоспарлау және болжау әдісі ретіндеАуызша және жазбаша
5Жоспарлау мен болжаудың баланстық әдісіАуызша және жазбаша
6Экономикалық-математикалық модельдеуАуызша және жазбаша
7Жоспарлау мен болжаудың нормативтік әдісіАуызша және жазбаша
8Макродеңгейдегі стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар жүйесіАуызша және жазбаша
9Жоспарлау және болжау әдістемесінің негіздеріАуызша және жазбаша
10Макроэкономикалық жоспарлар мен болжамдардың қолжетімділігін, дәлдігін және сенімділігін талдау тәсілдеріАуызша және жазбаша
11Ағымдағы (орындауға қабылданған) макроэкономикалық жоспарлар мен болжамдарды талдауАуызша және жазбаша
12Экономикалық даму көрсеткіштерін болжауАуызша және жазбаша
13Жоспарлау мен болжаудың сараптамалық әдістеріАуызша және жазбаша
14Инвестициялық және ақша-несие сферасының көрсеткіштерін болжауАуызша және жазбаша
15Демографиялық көрсеткіштерді болжауАуызша және жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі: оқу құралы.-Алматы, 2018. М.Кемел.
2Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару: Оқу құралы.-Алматы. 2018. М.Кемел
3Теория государственного управления. Учебное пособие. 2019. Г.Н.Сансызбаева
4Прикладные аспекты управления изменениями в контексте модернизации современного Казахстана: методическое пособие-практикум. / Под общ.ред. Т.Б. Кулмухамбетова. Авт. сост.: А.А. Ерекешов, А.Е. Искаков. - Астана: Инс-т Евразийской интеграции, 2018. - 128 с.
5Мемлекеттік басқаруға заманауи технологиялары енгізу қағидалары және үлкен деректер теориясы, С.А.Суйнжанова. 2017
6Методология и методы научных исследований в экономике и менеджменте. Учебное пособие. Н.Б.Завьялова . 2014
7Мемлекеттік басқаруда қолданбалы зерттеу әдістері және блокчейн. Оқу құралы. С.А. Ибраев. 2017 ж., 128 б.- Алматы: «Master Print» баспасы, 2017