Стоматология (ВМ087)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KP 63112 Клиникалық пародонтология Алтыншы курс 3 90 3 5 -
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
Рүстемов Бақытжан Тұрғанбекұлы

пародонт ауруларын емдеу үшін клиникалық әдістерді қолдану, пародонт емдеу хаттамалары мен хирургиялық әдістерді тәжірибеде қолдану, пародонт ауруларын емдеуден кейінгі күтімді басқару және науқасты бақылау дағдыларын оқытады. Курс барысында білім алушылар коммуникациялық дағдыларды қолдана отырып, денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасы шеңберінде оқытушы -тәлімгер жетекшілігімен пародонт ауруларын диагностикалау, емдеу жоспарын құру, емдеу және асқынулардың алдын алу дағдыларын меңгереді.

-

Пародонт және ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары

ауызша талдау, есептер шығару, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, студенттердің білім деңгейін бақылау, құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс.

1ПОН 1–пародонтологиялық бағыттағы пациенттерге дұрыс диагноз қоюға ықпал етеді; ПОН 2 - пациенттердің әртүрлі жағдайлары мен аурулары кезінде кәсіби міндеттерді орындауға бейілділігін және этикалық қағидаттарды сақтауды көрсету.
2ПОН 3 – пародонтологиялық бағыттағы пациенттердің физиологиялық және патологиялық қалталардың тереңдігін анықтауға қолданылатын құрал -саймандар жәрдем береді.
3ПОН 4 – әріптеcтермен, пациенттермен және олардың отбасыларымен қарым-қатынаста тиімді коммуникация дағдыларын қолдану; ПОН 5 – пациенттер мен олардың отбасыларын үйрету, халық арасында профилактикалық және оңалту іс-шараларын өткізу.
4ПОН 6 – клиникалық пәндерден алған білімін қолдана отырып, аурудың негізгі патологиялық симптомдары мен синдромдарын анықтай отырып пациентке толыққанды диагноз қоюға мүмкіндік береді; ПОН 7 - кейінгі практикалық қызмет үшін диагностика және емдеу хаттамаларын білу, кәсіби стандартқа сәйкес болу.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Пародонттың анатомиялық, физиологиялық, гистологиялық құрылыс ерекшеліктері. Пародонт ауруы бар пациентті кешенді тексерудің ерекшеліктері. Пародонттың жағдайын арнаулы индекстермен (көрсеткіштермен) бағалау.Тәжірибелік
2Гингивит және пародонтиттің клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы. Емдеу тәсілдері, пародонт қалталарынан жұмсақ және қатты минералданған тіс шөгінділерін алу тәсілі, ашық және жабық кюретажды орындау, антисептикалық ерітінділерімен емдеу тәсілі.Тәжірибелік
3Пародонтоздың клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы. Пародонт ауруларын жергілікті емдеу әдістері. Пародонт ауруларын минимальды-инвазивті терапия әдісімен емдеу. Фармакотерапия.Тәжірибелік
4Пародонттың ісіктәрізді және идиопатиялық ауруларының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы. Пародонт ауруларын емдеудегі консервативті, хирургиялық, ортопедиялық, кешенді әдістер. Патогенетикалық терапия әдісін негіздеу.Тәжірибелік
5Пародонтомалардың клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы. Пародонт ауралырын емдеу барсында қолданылатын фармакологиялық препараттар.Тәжірибелік
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Терапиялық стоматология. Ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары. 3-бөлім. 2016.ред.басқ. Г.М.Барер Пародонтология:Оқу құралы. М.Ә.Искендиров. Түркістан: Тұран, 2018. Пропедевтикалық стоматология. Оқулық, 2015. Э.А.Базиякян, О.О.Янушевич, Г.Л.Қасенова, Ғ.С.Абылқаирова.