Медицина (ВМ086)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KI 5307 Клиникалық иммунология бесінші курс 3 90 0 5 0
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
Егизова А.М.

Пән білім алушыға  ағзалық, жасушалық  молекулалық деңгейде иммундық жүйенің құрылысы мен қызметінің маңызы туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыруды  оқытады. Курс барысында үздіксіз кәсіби өсуді қолдау үшін пациенттер мен қоғамның денсаулық сақтау қажеттіліктерін, өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде медициналық көмектің сапасын үнемі жақсартуды үйретеді.  Оқу процессінде шағын топтарда оқыту, кейске негізделген оқыту және қысқа жауапты сұрақтарға  негізделген оқыту әдістерін қолданады

-

-

шағын топтарда жұмыс істеу,топта жұмыс істеуге негізделген оқыту,есептерге негізделген оқыту,кейске негізделген оқыту,проблемаға негізделген оқыту  әдістері,ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жасау,электрондық оқулықтармен жұмыс жасау арқылы презентациялар дайындау және қорғау.

1ПОН 1-иммундық жетіспеушілік жағдайларда және жұқпалы ауруларда, ісік ауруларда диагностика, емдеу және профилактика жасауда білімін қолданады.
2ПОН 2-клиникалық және лабораториялық зерттеулерді жасауда игерген білімін қолдана отырып, дәлділікпен орындайды. Болашақ дәрігер ретінде медициналық ғылыми басылымдардағы және әдебиеттердегі, интернет-ресурсындағы ғылыми мәліметтерді өз мамандығында құндылықты бағалайды.
3ПОН 3- оқу барысында мәдениет және ұлт аралық ерекшеліктерді, этикалық қағидаларды сақтай отырып, өзінің сапалы қызметін үздік тәжірибелердан алынған білімін қолданады.
4ПОН 4-өз қызметінде жауапкершілік пен этикалық қағидаларды ұстана отырып, үздік тәжірибелер негізінде медициналық манипуляцияларды дәлділікпен орындайды.
5ПОН 1-іс-әрекетінде пациентке бейімділігі мен этикалық қарым-қатынастың құндылықтарын үйлестіреді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Иммунтапшылық түсінігі. Біріншілік иммунитет тапшылығы жағдайлары.Ауызша және жазбашаСұрақ-жауаптест
2Вакциналар мен вакциналық профилактика. Жаңа вакциналарды дайындау принциптері.презентациятест
3HLA жүйесі, құрылысы, локустардың қызметтері. Трансплантациялық иммунитет негіздері.Сұрақ-жауаптест
4Ісікке қарсы иммунитет. Ісікке қарсы иммунитеттегі жасушалық және гуморалдық механизмдердің маңызы. Канцерогенездің иммуногенетикалық аспектілері. Онкологиялық науқастардың иммундық статусының ерекшеліктері. Обырдың иммунодиагностикасы, иммунопрофилактикасы иммунотерапиясы.Ауызша және жазбашапрезентация
5Екіншілік иммунитет тапшылығы жағдайлары, жіктелуі, этиологиясы, зертханалық диагностикалауы. ЖИТС-тің иммундық патогенезі мен иммундық диагностикасы.Ауызша және жазбашапрезентациятест
6Аллергиялық реакциялар, жіктелуі. Аллергендер. Аллергиялық реакцияларды зерттеу әдістері. Атопиялық аллергияның патогенезі, зертханалық диагностикасы, клиникалық көріністері. Анафилактикалық шоктың патогенезі. Цитотоксикалық реакциялардың патогенезі, клиникалық көріністері. Иммундық кешен ауруының патогенезі мен клиникалық үлгілері. Баяу дамитын жоғары сезімталдықтың патогенезі, клиникалық көріністері.Ауызшапрезентациятест
7Аутоиммундық аурулар, индукциялану механизмдері, патогенезі, клиникалық үлгілері.Ауызша және жазбашапрезентациятест
8Қазіргі иммунокоррекцияның негізгі принциптері.Ауызша және жазбашапрезентация
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Шортанбаев А.А., Жалпы иммунология : Оқулық. 2019ж.
2Сейтханова Б.Т., Жалпы иммунология: Оқулық . 2015ж.
3Бабаева.К.С., Ибрагимова А.Б., Жалпы иммунология: Оқу құралы. 2018 ж
4Хаитов Р.М., Иммунология: Оқулық . 2015 ж.
5Бабаева К.С., Зертханалық иммунологиядан тәжірибелік сабақта: Оқу құралы. 2014 ж
6Укбаева Т.Д., Бабаева К.С ., Иммунитеттің В жүйесі. В лимфоциттердің дифференциациялануы. Иммуноглобулиндер: Оқу құралы. 2017 ж
7Бабаева К.С., Ибрагимова А.Б., Жалпы иммунологияның клиникалық иммунология курсы: Оқу әдістемелік құралы. 2018ж
8Укбаева Т.Д., Кулмамбетова Г.Н., Ергалина М.А., Ералиева Л.Т., Цитокиндердің классификациясы, қасиеттері және олардың емдік әсерлері Оқу әдістемелік құрал. 2017ж
9Оқу құралы. Жалпы иммунологияның клиникалық иммунология курсы. 2018 ж. Бабаева К.С, Ибрагимова А.Б