Жалпы медицина
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KF 4301 Клиникалық фармакология төртінші курс 3 90 0 25 0
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
Шалхарова Жанат, Саттиева Саида, Айдарбекова Дильбар

«Клиникалық фармакология» пәні барлық мамандықтағы білімгер  үшін міндетті болып табылады. Өйткені, бұл дәрілік заттардың тірі ағзаларға әсері мен өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым. Фармакологиялық зерттеулердің құндылығы, олар дәрілік заттардың жасушалық, субжасушалық және физиологиялық әсер ету механизмдерін анықтауға және фармакотерапияның бүкіл ағзаға әсерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Білімгер интернет-ресурстардан ақпаратты іздеу арқылы дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудың молекулалық деңгейге дейін әсерін зерттейді. Бұл курс заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы  диагноз қоюға және жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін клиникалық ойлауды оқытады,сондай-ақ, курс барысында клиникалық хаттамаларға сәйкес,  дәрі-дәрмектерді дұрыс және ұтымды таңдауға үйретеді. Курс нәтижесінде аурулардың алдын алу және тиімді емдеуді меңгереді.

жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері

фармакология

Ауызша талдау, тест алу, тәжірибелік дағдыларды нығайту: оқу бағдарламасында қамтытылған тәжірибелік жұмыстарды орындау, құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс, MCQ, SAQ, шағын топта жұмыс істеу (SGL), құрбы-құрдастар арқылы оқыту (PAL), топта жұмыс істеуге негізделген (TBL).

1ПОН 1 – барлық жүйе ауруларының пациентті орталықтанған клиникалық бағалауды жүргізеді және сол үшін пәннің міндеттерін қолданады.
2ПОН 2 – ҚР Клиникалық хаттамаларға сәйкес емдік тактикасының жоспарын жасайды.
3ПОН 3 - дәрігерлік этика мен деонтология ережелерін дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер кешенін шешуде қолданады.
4ПОН 4 - рецепттерді дәлдікпен жазады, әр түрлі дәрілік топтарға негізделген дәрілік заттардың мөлшері мен концентрациясын есептейді, ақпаратты жазбаша және электрондық түрде құжаттайды және ұсынады.
5ПОН 5 - клиникалық фармакология курсының тақырыптарын өз бетінше зерттейді және пациенттің жеке денсаулығының қажеттіліктеріне ден қояды.
6ПОН 6 - дәрілік заттарды жеке таңдау туралы шешім қабылдау кезінде клиникалық ортада пациенттің мүддесін қорғайды және пациенттің жағдайын бағалау үшін білімін қолданады, ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды дұрыс және ұтымды таңдайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Клиникалық фармакологияның жалпы мәселелері (пәні және міндеттері). Ұтымды емдеу процесі. Науқастың проблемаларын және емдеу мақсатын анықтау. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану саясаты. Дәлелді медицина. Формулярлық жүйе. Клиникалық фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы.АуызшаЖазбашапрезентацияСұрақ-жауаптест
2Бактерияға, вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы клиникалық фармакологияның заманауи емдеу тәсілдері.АуызшаЖазбашапрезентацияСұрақ-жауаптест
3Стероидты және стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың клиникалық фармакологиясы.АуызшаЖазбашапрезентацияСұрақ-жауаптест
4Қан тамырларының тонусын жоғарылататын және төмендететін препараттарды қолданудағы клиникалық фармакологияның заманауи тәсілдері.АуызшаЖазбашапрезентацияСұрақ-жауаптест
5Қанның ұю жүйесіне әсер ететін дәрілік заттарды қолданудағы клиникалық фармакологияның заманауи тәсілдері. Антиангинальды және гиполипидемиялық препараттар.АуызшаЖазбашапрезентацияСұрақ-жауаптест
6Асқорыту жүйесі ауруларында дәрілік заттарды қолданудағы клиникалық фармакологияның заманауи тәсілдері.АуызшаЖазбашапрезентацияСұрақ-жауаптест
7Бронхтың өткізгіштігіне әсер ететін дәрілік заттарды қолданудағы клиникалық фармакологияның заманауи тәсілдері. Қабынуға қарсы асматикалық, қақырық түсіретін, жөтелге қарсы дәрілік заттар.АуызшаЖазбашапрезентацияСұрақ-жауаптест
8Эндокриндік жүйеге әсер ететін дәрілік заттарды қолданудағы клиникалық фармакологияның заманауи тәсілдері. Ұйқы безі мен қалқанша безінің дисфункциясын емдеудегі препараттар.АуызшаЖазбашапрезентацияСұрақ-жауаптест
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Оқулық: «Фармакология». 2015ж. Д.А.Харкевич. ауд.Сламжанова С.Б.
2Оқулық: «Клиникалық фармакология». 2020ж. Ред.басқарған. В.Г.Кукес, Д.А.Сычев. Қазақ тіліндегі басылымның жауапты редакторы профессор У.М.Датхаев. Қазақ тіліне ауд. Г.Б. Айтжанова, С.Б.Сламжанова.
3Оқу құралы: «Фармакология». 2016ж. Г. М. Пичхадзе, Д. М. Кадырова, И. И. Ким, М. Карбаева. Қазақ және орыс тілінде.
4Практикалық сабақтарға арналған нұсқаулық: «Фармакология». 2017ж. Г. М. Пичхадзе, Д. М. Кадырова, И. И. Ким, М. Карбаева. Қазақ және орыс тілінде.
5Оқулық: Клиникалық фармакология және ұтымды фармакотерапия. 1 Том. 2023 ж. Калиева, Ш. С.
6Оқулық: Клиникалық фармакология және ұтымды фармакотерапия: таңдамалы сұрақтары. Том 2. 2023 ж. Калиева, Ш. С.
7Оқу құралы: Клиникалық фармакология. 1 Бөлім. 2023 ж. Құлмағамбетов, И. Р.
8Оқу құралы: Клиникалық фармакология. 2-Бөлім. 2023 ж. Құлмағамбетов, И. Р.
9Оқу-әдістемелік құралы: Артериялық гипертензия синдромы бойынша ажыратпалы диагноз. 2023 ж. Алпысова, А. Р.