Стоматология (ВМ087)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KE 63109 Клиникалық эндодонтия Алтыншы курс 4 120 3 5 -
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
Ергешова Айгерим Ермеккызы

Пән практикада пульпа және периодонт ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша практикалық дағдыларды үйренеді. Курс барысында студент тәлімгер-оқытушының жетекшілігімен тиімді коммуникациялық дағдыларды пайдалана отырып және денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасын басшылыққа ала отырып, түбір өзектерін емдеуді және хирургиялық эндодонтиялық процедураларды өз бетінше орындауды меңгереді.

-

Эндодонтия

ауызша талдау, есептер шығару, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, студенттердің білім деңгейін бақылау, құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс, MCQ, PAL, SAQ, SGL, TaskBL, TBL.

1ПОН 1 - эндодонтиялық аурулардың түрлерін, олардың халықаралық номенклатура бойынша жіктелуін, клиникасын, салыстырмалы сипаттамасы мен емдеу әдістерін ажырата білуді үйренеді; ПОН 2 –шұғыл эндодонтиялық жағдайларды тану және жедел шұғыл көмек көрсету білімімен дағдыларын үйренеді.
2ПОН 3 – әріптестермен, пациенттермен және олардың отбасыларымен қарым-қатынаста тиімді коммуникация дағдыларын қолданады; ПОН 4 – пациенттердің әртүрлі жағдайлары мен ауруларында кәсіби міндеттерді орындауға және этикалық принциптерді сақтауға бейілділігін көрсетеді.
3ПОН 5 – тиімді пациент-орталықтанған күтімді орындайды (анамнез жинау, тексеру жүргізу, клиникалық талдауды бағалау, дифференциалды диагностика жүргізу, емдеу жоспарын құру, эндодонтиялық емшараларды орындау); ПОН 6 – пациенттердің нәтижелерін зерттеу және бағалау, емдеу принциптерін бағалау және енгізу қабілетін меңгереді.
4ПОН 7 – шұғыл эндодонтиялық ем жүргізу реттілігімен қолданады
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Эндодоступ. Тіс қуысын ашу техникасы (күрек тістер, сүйір тіс, кіші азу тістер, үлкен азу тістер). Эндодонтиялық өңдеу кезеңдеріндегі қателіктер.Тәжірибелік
2Түбір арналар жүйесін дәрі-дәрмекпен өңдеу үшін қолданылатын антисептиктер. Түбір арналарды емдеу үшін қолданылатын ерітінділер. Эндодонтиялық өңдеуден кейін түбір арнасын қалпына келтіруТәжірибелік
3Түбір өзектерін өңдеу әдістері. Түбір өзектерді өңдеудің Step Back және Crown Down аспаптық әдістері. Түбір өзектерді толтыруға арналған пломбылық материалдар. Жіктелуі, оларға қойылатын талаптар.Тәжірибелік
4Гериатриялық эндодонтия. Ұлпадағы жас өзгерістері. Ұлпалы жүйенің құрылымы мен функциясы. Өтпейтін арналарды ашу тәсілдері.Тәжірибелік
5Ұлпа қабынуы туралы түсінік. Ұлпа қабынуын емдеудің көрсеткіштерімен қарсы көрсеткіштері және оталау әдістері.Тәжірибелік
6Периодонт қабынуы туралы түсінік. Периодонтиттерді емдеу мақсаттары мен міндеттері. Импрегнация.Тәжірибелік
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. «Пропедевтикалық стоматология» 2015 ж.ред.басқ. Э.А.Базикиян О.О.Янушевич; 2. «Терапиялық стоматология: Тіс аурулары» Е. А. Волков, О. О. Янушкевич. ; Қазақ тіліне ауд. және жауапты ред. С. Ж. Әбдікәрімов; 3. «Терапиялық стоматология: практикалық сабақтарға басшылық» Оқу құралы. Қазақ тіліндегі басыл. жауапты ред. Г.Б. Жанабаева, қазақ тіліне ауд.: Н.Н. Кубенова. - М. 4. Стоматологтарға арналған қазақша-орысша медициналық сөздік. 2015ж. И.Ә.Құлманбетов 5. «Эндодонтия» 2016г.– Учебное пособие под.ред. Э.А.Базикяна, 6. «Терапевтическая стоматология» Е.А.Волков, О.О. Янушевич, Л.Н.Максимовская, Ю.М.Максимовский, Л.Ю.Орехова. 7. Неотложные состояния в стоматологической практике. Учебно-методическое пособие, 2019 С.А.Демьяненко, Д.А.Казанцев, О.Н.Казанцева, Г.Р.Гелецян