Медицина (ВМ086)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KE 5308 Клиникалық электрокардиография бесінші курс 3 90 0 19 0
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
м.ғ.к., д.м.а. Даулетова М.Д.

Пән кардиологияда жүрек жұмысында пайда болатын электр өрістерін тіркеу және зерттеу әдістерін зерттейді. Курс барысында білім алушы патологиялық жағдайдың электрокардиографиялық өзгерістерінің дифференциалды диагностикасын, ЭКГ көмегімен жіті аурулардың алдын алуды меңгереді. Оқу процесінде жеке және кәсіби өсуді қолдау және медициналық көмектің сапасын үнемі жақсарту үшін денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер қолданылады.

0

0

Құзіреттерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс, тақырыптық электрокардиограммаларды талдау, науқас курациясы, шағын топтарда оқыту (SGL, small group learning), лабораториялық және аспаптық зерттеулердің көрсеткіштерін  талдау, кейске негізделген оқыту (CBL, case-based learning), клиникалық есептер шешу, мәселелерге/есептерген негізделген оқыту (TaskBL,task-based learning), рөлдік ойындар.

1ПОН 1 – Меңгерген білімі мен дағдыларын қолдана отырып, ауруларды диагностикалауды, сауатты емдеу және алдын алу жоспарын жасап, жүргізе алады.
2ПОН 2 – Заманауи ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, үздіксіз жеке және кәсіби өсуді қолдау барысында пациенттер мен қоғамның Денсаулық сақтау қажеттіліктерін, мәдени ерекшеліктерін және айырмашылықтарын құрметтейді, өзін-өзі бағалайды және өмір бойы оқыту негізінде медициналық көмектің сапасын үнемі жақсартады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Миокардиалды клеткалардағы импульстің электрлік өткізілу механизмі. Рефрактерлік. ЭКГ жалпы шолу, жүректің соғу жиілігін анықтау, жүректің электрлік осі. Р-Q интервалы, Р тісшесі, QRS комплексі, Q-Т интервалы, олардың клиникадағы диагностикалық ролі. Р-Q интервалының қысқару синдромы, Q-Т ұзару синдромы,SТ сегментінің элевациясы, диагноз үшін маңызы.Сұрақ-жауаптест
2Қарыншалар мен жүрекшелердің гипертрофиясы. Олардың ЭКГ-диагностикасы, диагностикалық маңызы.Сұрақ-жауап
3Гетеротопты ырғақ бұзылыстары. Экстрасистолиялардың түрлері. Клиникалық, ЭКГ белгілері. Пароксизмалды тахикардиялар - ЭКГ белгілері. Жүрекшелер мен қарыншалар жыбыры және дірілі, Клиникалық, ЭКГ-диагностикасы.Сұрақ-жауап
4Тосқауылдардың жіктелуі. Гисс будасы аяқшаларының тосқауылы. Клиникалық, ЭКГ-диагностикасы. Синоаурикулярлы тосқауылдар. Атриовентрикулярлы тосқауылдардың жіктелуі. Клиникалық, ЭКГ-диагностикасы.Сұрақ-жауап
5Стенокардия мен Q-тісшесінсіз миокард инфарктының клиникалық және ЭКГ-диагностикасы.Сұрақ-жауап
6Q-тісшесімен миокард инфарктының ЭКГ-диагностикасы. Миокард инфарктының әртүрлі орналасуы кезіндегі, оның сатыларындағы ЭКГ- өзгерістер.Сұрақ-жауап
7Миокард инфарктіне ұқсас өзгерістер кездесетін аурулар кезіндегі ЭКГ көріністері – өкпе артериясының тромбоэмболиясы, миокардиттер, перикардиттер, аорта аневризмасының жұқаруы, климактериялық миокардиодистрофия, жүрек гликозидтерімен улану, ерте реполяризация синдромы.Сұрақ-жауап
8Аритмиялардың жіктелуі. Номотопты ырғақ бұзылыстары. Синустық тахи- және брадикардия, синусты аритмия, синус түйінінің әлсіздігі, ырғақ жүргізу миграциясы, Клиникалық, ЭКГ- диагностикасы.Сұрақ-жауап
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Клиникалық электрокардиография негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. 2023 ж. Малюченко Н.Г. Жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысындағы электрокардиография. Оқу құралы. 2023ж. Дюсупова А.А. Ішкі аурулар: 'Кардиология' модулі: қазақ және орыс тілінде оқулық = Внутренние болезни: модуль 'Кардиология': учебник на казахском и русском языках. Литерра 2016ж. Л.К.Бадина, Н.Г.Малюченко, Ф.У.Нильдибаева, Г.Г.Оспанова. Кардиология бойынша клиникалық жағдайлар. Оқу құралы. Тұран 2020ж. Төлепбергенова Б.К., Даулетова М.Д. Жүрек-қантамырлар жүйесі модульді интеграцияланған. Оқу құралы. 2023ж. Сүлейменова Ф.М.