Сабақтың коды | Курс аты | Сынып | Академиялық кредит | Cағат | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
---|---|---|---|---|---|---|---|
IAW 1247 | Академиялық жазбаға кіріспе | Бірінші курс | 3 | 90 | 1 | 1 | - |
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
-
-
Топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, презентация, Case-study әдісі
1 | 1- зерттеу мазмұнына сәйкес келетін зерттеу тақырыбын әзірлейді, оқу жұмысына қойылатын талаптарды ескере отырып, оқу құрылымын әзірлейді |
2 | 2- дереккөздермен жұмыс жасайды, каталогтар мен интернет ресурстарынан зерттеуге қажетті ақпаратты іздейді, библиография құрастырады, сілтеме жасау ережелерін ажыратады; |
3 | 3- өзіндік жұмыстарын мен презентациялар жасайды, сонымен қатар мәтіндерді дайындау барысында рәсімдеу ережелерін ескереді. |
Haftalık Konu | Бағалау әдісі | |
---|---|---|
1 | Академиялық жазудың концепциялары мен үлгілері. Мәтінді дұрыс ұйымдастыру принциптері. | Ауызша және жазбаша |
2 | Академиялық жазудың ерекшеліктері. Ғылыми жұмысқа қойылатын жалпы талаптар. Академиялық мәтіндердің түрлері. Презентация стилі. Жазбаша ғылыми жұмыстардағы қателер | презентация |
3 | Публицистикалық мәтін мен академиялық жазудың айырмашылығы. Публицистикалық және ғылыми мәтіндерді талдау | Сұрақ-жауап |
4 | Оқу және ғылыми мәтіннің логикалық және синтаксистік мәселелері. Синтаксис мәселелері: тыныс белгілері. Байланыс құралдары: жалғаулар, өтпелі сигналдар және байланыстар | Ауызша және жазбаша |
5 | Экология бағыты мен зерттеу тақырыбына сәйкес ақпаратты іздеу, талдау, өңдеу және мәтін жазу ерекшеліктері | Ауызша және жазбаша |
6 | ЖОО-ның электрондық кітапханасының және республикалық ЖОО аралық электронды кітапхананың ресурстары | Ауызша және жазбаша |
7 | Ғылыми еңбектердегі библиографиялық дереккөздер мен библиографиялық анықтамаларды ресімдеуге қойылатын заманауи талаптар | Ауызша және жазбаша |
8 | Журнал таңдау. Дереккөздермен жұмыс. Сілтемелер және сілтеме жасау ережелері | Жазбаша |
9 | Ғылыми жұмыстарды жазуға қойылатын талаптар. Жұмыстың құрылымы. Тақырыпты және жұмыс жоспарын таңдау. Эссе жазуға қойылатын талаптар: материалды жинау және өңдеу, эссе құрылымы және кіріспенің рөлі. Плагиат. Стиль. | Ауызша |
10 | Оқудан жазуға өту үдерісі: дәйексөз келтіру, сөз тіркесін өңдеу (перефразалық өңдеу), мазмұндама жасау | тест |
11 | Ғылыми стильдік құжаттар мәтін құрылымы ретінде: ғылыми мақала, монография, диссертация, автореферат, ғылыми баяндама, реферат, рецензия; грантқа өтініш. Оқулық, оқу-әдістемелік құрал, дәріс, патент. | Ауызша және жазбаша |
PÇ1 | PÇ2 | PÇ3 | PÇ4 | PÇ5 | PÇ6 | PÇ7 | PÇ8 | PÇ9 | PÇ10 | PÇ11 | PÇ12 | PÇ13 | PÇ14 | PÇ15 | PÇ16 | PÇ17 |
---|
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар | ||
---|---|---|
1 | Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. Оқу құралы. Толықтырылған 2-басылым / Б.Б.Динаева, С.М.Сапина. — Нұр-Султан, 2020. — 200 бет | |
2 | Академиялық адалдық жəне ғылыми-зерттеу жұмысын жазу техникасы. Оқу-əдістемелік құрал. [Текст] / С. М. Сапина, Б. Б. Динаева. - Нұр-Сұлтан : [б. и.], 2020. - 59 с | |
3 | Академическое письмо: основы написания исследовательской работы. Учебное пособие. Е.Оспан -Алматы: Билик, 2020.-232с. | |
4 | Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. Б.Б.Динаева, С.М.Сапина Оқу құралы. Толықтырылған 2-басылым Нұр-Султан, 2020. — 200 бет. rmebrk.kz | |
5 | Основы академического письма: учебное пособие / Е. Т. Оспанов-Алматы: Изд - во» Билик', 2020. - 340 С. Library2.ayu.edu.kz |