Стоматология (ВМ087)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
HTERPCDHT 23150 Стоматология негіздері Екінші курс 9 270 5 30
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
Ырысбай Сымбат

Модуль ауыз қуысы мен жақ-бет аймағының мүшелері мен тіндері ауруларының семиотикасының негізін, диагностиканың жалпы принциптерін, негізгі-қосымша тексеру әдістерін, стоматологиялық ауруларды саралау және салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын үйретеді. Курс барысында білім алушылар нормативтік база шеңберінде стоматология кабинетін, тіс зертханаларын ұйымдастыру, құрал саймандармен  жабдықтау, асептика-антисептика ережелерін сақтау және жалпы тәжірибелі стоматологтың бастапқы кәсіби мануалдық дағдыларын қалыптастырады.

стоматология анестезиясы, пародонтология негіздері, реставрациялық стоматология, алмалы және алынбайтын протездеу, балалар стоматологиясы 1, стоматологиялық аурулардың алдын алу, кәсіби практика І «Стоматологиялық кабинет мейірбикесінің көмекшісі».

тіс морфологиясы және физиологиясы, стоматологиядағы материалдардың құрылымы.

ауызша талдау, есептер шығару, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, студенттердің білім деңгейін бақылау, құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс, MCQ, PAL, SAQ, SGL, TaskBL

1МОН1 – терапиялық стоматологияның дамуын, ауыз қуысы ауруларының семиотикасы негіздерін, стоматологиялық ауруларды саралау және салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын үйренеді. МОН2 – тіс-жақ жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері және биодинамикасының, эстетикалық және функционалды қызметтердің маңыздылығы туралы білім қалыптастырады. МОН3 – стоматологиялық көмекті ұйымдастыруда кабинет және қолданатын құрал-саймандарды залалсыздандыру түрлерін және принциптерін меңгереді. МОН4 - ауыз қуысы мен жақ-бет аймағының мүшелері мен тіндері ауруларының семиотикасының негізін, диагностиканың жалпы принциптерін, негізгі-қосымша тексеру әдістерін үйренеді.
2МОН5 – науқастарды тексеру әдістурін жүргізу және тиімді ақпарат алмасу барысында тұлғааралық және коммуникациялық дағдыларды қолдануды меңгереді МОН6 – әдеби дерек көздерді тиімді пайдалануда ақпараттық технологияларды қолданады.
3МОН7 – стоматология кабинетін, тіс зертханаларын ұйымдастыру, құрал саймандармен жабдықтау және асептика-антисептика ережелерін сақтау принциптерін меңгереді. МОН8 – ауыз қуысы және жақ-бет аймағының ауруларын диагностикалау және емдеудегі жалпы тәжірибелі стоматологтың бастапқы кәсіби мануалдық дағдыларын қалыптастырады.
4МОН9 – терапиялық, ортопедиялық және хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру барысында денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасын басшылыққа алудың қажеттілігін біледі.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Мамандыққа кіріспе. Терапиялық стоматологияның Қазақстандағы даму тарихы. Терапиялық стоматология кабинеттің ұйымдастырылуы.Терапиялық стоматологиядағы асептика және антисептика қағидаларыТәжірибелік
2Тістердің анатомиясы, тістердің қатты тіндерінің гистологиясы анатомиялық- физиологиялық және гистологиялық ерекшеліктері.Тәжірибелік
3Тіс жегінің этиологиясы мен патологиялық гистологиясы. Тіс жегінің жіктелулері. Тіс жегі қуыстарды егеп тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері.Тәжірибелік
4Тіс эмалінің түзілуі (қалыптасуы) және минералдануы (эмбриологиясы) биохимиялық, гистологиялық құрылымы, физиологиясы. Тіс дентинінің биохимиялық, гистологиялық және ценменттің құрылымы мен физиологиясы.Тәжірибелік
5Тіс тастары және пайда болу механизмі. Және оның пародонт пен тіске әсер ету патогенезіТәжірибелік
6Тісжегі қуыстарының Блэк классификациясының I,II,III,IV, және V сынып бойынша тісжегі қуыстарды егеудің негізгі қағидалары. Тіс жегі қуыстарды егеп тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тіс жегі қуыстарының орналасуына қарай егеп тазалу ерекшеліктері.Тәжірибелік
7Пломбылық материалдар жүйесі, оларға қойылатын талаптар. Уақытша және аралық төсемдерге арналған материалдар, олардың жіктелуі. Цементтердің жіктелуі, жүйесі, құрамы, қасиеттері және пломбылау техникалары.Тәжірибелік
8Тіс протездерін жасаудағы негізгі және қосалқы материалдар. Металл қорытпалары. Полимерлер. Көмекші материалдар. Балауыздар. Анатомиялық қалып алу әдісі.Тәжірибелік
9Төменгі жақ биодинамикасы. Артикуляция. Окклюзия және оның түрлері. Тістем және оның түрлері. Төменгі жақтың қозғалысын реттейтін құрылғылар. (Окклюдатор. Артикуляторлер). Төменгі жақты қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер. Жақтардың доғалары мен сегменттері.Тәжірибелік
10Қазақстандағы ортопедиялық стоматологияның даму тарихы. Тіс технигінің лабораториясы және жұмыс орны. Техникалық қауіпсіздік және санитарлық нормалары. Жоғарғы және төменгі жақ тістерінің анатомиялық ерекшеліктерін негіздеу.Тәжірибелік
11Салмалар (вкладка). Штифт тістер (18 авторлық). Штампталған жасанды металл сауыт. Пластмассалық және металлопластмассалық сауыттар. Винирлер туралы түсініктеме.Тәжірибелік
12Тұтас құйылған металл протездер. Металл-керамикалық және металлсыз керамикалық сауыттар. Цирконий. Стоматологиялық керамикалық массаның құрамы мен қасиеттері. Күйдіру.Тәжірибелік
13Штампталған жасанды металл.сауыттар. Клиниқалық және лабараториялық этаптары. Гильзаны штамптау. Паркер және ММСИ әдістері. Ағарту.Тәжірибелік
14Металлопластмассалық тіс сауыттары. Клиникалық және лабораториялық кезеңдері, қолданылу көрсеткіштері. Кеннеди және Гавриловтың тіс қатарындағы ақауларының жіктелуі.Тәжірибелік
15Стоматологиялық емхананың хирургия бөлімін (кабинетін) ұйымдастыру және жабдықтау.Тәжірибелік
16Жақ-бет аймағының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріТәжірибелік
17Хирургиялық стоматологиялық ем кезіндегі асептика және антисептикаТәжірибелік
18Хирургиялық стоматологиялық науқасты тексерудің негізгі әдістері.Тәжірибелік
19Хирургиялық стоматологиялық науқасты тексерудің қосымша әдістеріТәжірибелік
20Хирургиялық стоматологияда қолданылатын аспаптар туралы түсінік.Тәжірибелік
21Жансыздандыру үшін қолданылатын жергілікті анестетиктер және дәрі-дәрмектерТәжірибелік
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Терапиялық стоматология .Тіс аурулары. 1бөлім, Окулық 2016 .С.Ж.Әбдікәрімов аудар.Е.А. Волкова, О.О. Янушевича Терапиялық стоматология. Оқу құралы 2018. Д.О.Мирзаева Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы, 2015ж. Р,С.,Рузуддинов, А.А.Седунов, Құлманбетов А Ю.С.Лобанов Тістерінен толық айырылған науқастарды ортопедиялық жолмен емдеу.2014, С.Ж.Алимжанов Хирургиялық стоматология . Оқулық. 2014ж. Ф.Т Темуров. бөлім 1 Ауыз қуысы хирургиясының ерекшеліктері. Оқулық.2020. Ф.Т.Темуров бөлім 2 Жақ бет сүйегі аймағының қабыну аурулары және емдеу ерекшеліктері 2019. Ф.Т.Темуров Кариесология және тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақаулары. Оқу-әдістемелік құрал. 2020. Д.О. Мирзаева, Ш.Н. Джуманов, Х.Рахматуллаев Тіс протездерін жасаудың технологиясы пәнінен дәрістер жинағы .2017. А.Н.Ахмедова. Б.А.Ходжаев Хирургиялық стоматология' Х-семестр бойынша дәрістік жинақтың мәтіні. 2020 Ф. Т. Темуров 2. Терапевтическая стоматология. Алматы,2020 https://elib.kz/ - Зазулевская Л.Я.