Электр энергетика
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
EMTTI 2266 ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ II Екінші курс 4 120 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Рустамов Насым Төлегенұлы

Пәннің мақсаты-сызықты және сызықты емес тізбектердегі өтпелі процестерді, сызықты емес тізбектердегі қалыптасқан және өтпелі режимдерді есептеу әдістерін оқып үйрену. Тұрақты және айнымалы токтың сызықты және сызықты емес электрмагниттік тізбектерінің сипаттамасын, электр және магнит өрісі, айнымалы электрмагниттік өрістерді есептеу жолдарын қарастырады.

Ақпараттық өлшеуіш техникасы , Электр машиналары I, II, Электр стансалары және қосалқы станса

Физика I , Электр техникасының теориялық негіздері І

Топпен жұмыс, дамыта оқыту әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, проблемалық оқу әдістері.

1әртүрлі қолданбалы есептерді шешуде математиканың, физиканың теориялары мен іргелі заңдарын қолданады.
2жаратылыстану ғылымдарының негізгі ғылыми тұжырымдамаларын біледі.
3негізгі ғылыми тұжырымдамаларды қоғам дамуының жалпы мәселелерімен байланыстыру ерекшеліктерін біледі.
4электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді біледі.
5сызықты және сызықты емес электр магнит тізбектерін талдауда теориялық білімін көрсетеді.
6ферромагнитті дроссельдердің жұмыс істеу принципін біледі.
7электр технологиялық жабдықтарды жасақтауды, қондырғылар мен кешендерді талдайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Электр тізбектеріндегі өтпелі процестер, коммутация заңдары.
2Бір энергия жинақтауышы бар тізбектердегі өтпелі процестерді есептеу.
3Өтпелі процестерді есептеудің классикалық әдісі.
4Өтпелі процестерді есептеудің операторлық әдісі.
5Электр сүзгілері және олардың түрлері.
6Төртұштылар және олардың негізгі теңдеулері.
7Ұзын желілердегі токтар және кернеулер.
8Әртүрлі жұмыс режиміндегі біртекті желілер.
9Сызықтық емес электрлі және магниттік тізбектер.
10Магнит тізбегінің негізгі түсініктері және заңдары.
11Магнит тізбегін есептеудің әдістері.
12Феррорезонанс кернеуі. Феррорезонанс тоқтары.
13Тұрақты тоқтағы магнит тізбектері.
14Ферромагнитті өзекті дроссельдер және магниттік күштік тізбектері.
15Айнымалы электромагниттік өріс.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Г.Т.Кокенова, У.С.Кубаева. Электр тізбектерінің теориясы: Оқу құралы. 2013.
2Ғ.А.Шукенова. MathCAD ортасында электр тізбектері есептерінің жинағы. Оқу құралы. Шымкент, 2020.
3Ғ.А.Шукенова. Электр тізбектері бойынша виртуальды зертханалық кешен. Түркістан: Туран, 2020.
4В.М.Прошин. Рабочая тетрадь к лабораторно-практическим работам по электротехнике.2013.
5Ғ.А. Шукенова Электр тізбектері I, II пәнінен практикалық сабақтар бойынша оқу-әдістемелік нұсқау. Түркістан 2017 ж, 96 бет