Есеп және аудит бакалавриат бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
EMR 2287 Экономиканы мемлекеттік реттеу Екінші курс 5 150 0 3 0
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі
Б.М. Дандаева

Пәнде білім алушылар экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері мен субъектілерін зерделеу, мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдарын пайдалану үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды алады. Оқыту нәтижесінде нарық жағдайындағы экономиканың жұмыс істеу заңдылықтарын және ондағы мемлекеттің рөлін зерттеу, әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуындағы маңызды заңдылықтарды анықтау болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жекелеген мәселелерін қарау кезінде дүниежүзілік экономикалық ғылым өкілдерінің әртүрлі көзқарастарын  меңгереді.

Топтық жұмыс, мәселе шешуге бағытталған эссе, проблемалық оқыту әдісі, миға шабуыл, диалог құру, коммуникативті әдіс

1экономиканы мемлекетпен реттеудің теориялық маңыздылығын, қағидаларын біледі
2экономикаға мемлекеттің араласу формалары мен әдістері, бәсекелік жағдайды қалыптастыру шарттарын біледі
3қазіргі экономикалық саясаттың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін танып біледі
4әртүрлі экономикалық жүйелердегі мемлекеттің әрекет ету аясы туралы теориялық білімдерін қалыптастырады
5реттеу объектілері бойынша экономикалық құралдарды пайдаланудың ерекшеліктерін анықтай алады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
2Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
3Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы
4Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде
5Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
6Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясатының ерекшеліктері
7Экономикалық өсу: негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары
8Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары және оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
9Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен оны жүзеге асыру механизмдері
10Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
11Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу
12Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау
13Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі
14Сыртқы экономикалық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу
15Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Экономиканы мемлекеттік реттеу. Б. С. Мырзалиев, Б.Дандаева Түркістан, Тұран, 2015.
2Экономиканы мемлекеттік реттеу/ Б.С.Мырзалиев, Ө. Қ. Шеденов, Б. А. Жүнісов. - А.: NURPRESS, 2014. - 272 с.
3Экономиканы мемлекеттік реттеу. Оқулық. / Е.Б.Жатқанбаев. - Алматы: ҚР Жоғарғы оқу орынд. қауымд., 2014. - 216 с.