Электр энергетика
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
EIETKO 4304 Электр станцияларының электр жабдықтарын монтаждау және жөндеу төртінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Мұхамеджанов Нуріддін Бақтиярұлы

Пәннің мақсаты электр станцияларының электр жабдықтарын монтаждау мен іске қосу және жөндеу жұмыстары мен эксплуатациялау, электр қозғалтқыштарын, тарату құрылғыларын,  әуе және кабельдік электр желілерін, электрмен жарықтандыру және  тарату құрылғыларын құрастыру дағдыларын оқытады. Электр станцияларының электр қондырғыларына күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, электр жабдықтарының желілерін эксплутациялау, жөндеу және монтаждау жұмыстарын, монтаждаудың ұйымдық және техникалық сұрақтарын қарастырады.

Өндірістің электр желілері мен жүйелері, Энергия тасымалдау жүйелері.

Электр инженериясына кіріспе, Электр техникасының теориялық негіздері ІI.   

Топпен жұмыс, дамыта оқыту әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, проблемалық оқу әдістері.

1Электр станса және қосалқы стансаларының жұмыс істеу принициптерін, олардың негізгі сипаттамаларын, әртүрлі жұмыс режимдерінде өтетін физикалық құбылыстардың сипатын біледі.
2Электр станса және қосалқы стансаларының жалғану сұлбаларын біледі, оларда өтетін процестерді сипаттай алады.
3Электрлік станса және қосалқы станса аппараттарының құрылысымен танысады.
4Электр стансаларының жұмыс істеу шарттарын біледі, олармен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздік ережелерін есте сақтайды.
5Электр станса және қосалқы стансаларын тізбекке қосу және олардың үзіліссіз жұмыс істеуін қадағалайды.
6Электр станса және қосалқы стансаларының физикалық және электрлік сипаттамаларын есептеу жолдарын біледі.
7өндіріс орындарында электр станса және қосалқы стансаларының жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын біледі.
8энергетикалық тиімді электр технологиялық жабдықтарды жасақтауды, қондырғылар мен кешендерді әзірлеуді үйренеді.
9энергетикалық қондырғыларды есептейді, жобалық құжаттама дайындайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Электр станциялардағы және қосалқы станциялардағы электрлік жабдықтардың техникалық эксплуатациясын ұйымдастыру және оның міндеттері.
2Электр қондырғылары жөндеу.
3Сымдарды төсеу орындарын белгілеу жолдары және электр қондырғыларын дайындау.
4Электр қондырғысы кезінде қосылу тәсілдері. Электрмен жабдықтауды жөндеу.
5Жабдықты бақылау және қорғау. Есепке алу құрылғыларықуат тұтынуы.
6Жерге орналастыру ережелері. Элементтер жерге қосу құрылғылары.
7Электр станцияларының өндірістік құрылымы және олардың жұмысын жедел басқару сұлбалары.
8Электр желілері кәсіпорындарының өндірістік құрылымы және олардың жұмысын жедел басқару схемалары.
9Техникалық эксплуатацияның ұйымдастырушылық құрылымы.
10Электр жабдықтарды қабылдап алу, өткізу және профилактикалық сынау.
11Электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау.
12Электр монтаждық ұйымдардың құрылымы және оның құрылысын ұйымдастыру.
13Өндірістегі инженерлік дайындық.
14Электр монтаждық жұмыстардың өндірісінің техникалық құжаттары мен жалпы шарттары.
15Электр монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Электр станциялары мен қосалқы станциялар: Оқулық. Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2014. Хожин Г.
2Электрические подстанции. Учебное пособие. – М.: ИП РадиоСофт, 2013. – 416с. Сибикин Ю.Д
3Гибридті энергия станциясы: Монография. Түркістан: Қожа Ахмет Ясауи аныдағы ХҚТУ 2019.121бет. Рустамов Н.Т., Мейірбеков А.Т.